Тақырыбы: Сарымсақтың пайдасы
Жетекшісі:
Байшалова Айсулу Туяковна
3 “А”сынып оқушысы Аманбаева Анел
Мақсаты: Пияз тұқымдасына жататын түйнек – пиязшықты, тамыр сабақты, көпжылдық өсімдік сарымсақтың алуан турлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.
Жоба жұмысының жоспары
І. Кіріспе
А) Пияз тұқымдасы туралы түсінік беру
II. Негізгі бөлім.
А) Сарымсақтың шығу тарихы
Ә) Сарымсақтың биологиялық, химиялық құрамы
Б) Сарымсақтың емдік қасиеті
В) Сарымсақтың пайдасы
Г) Сарымсақ туралы қызықты мәліметтер
Ғ) Пайдалы кеңестер
Д) Сарымсақтың өсу жолы ( эксперимент жұмыстар)
ІІІ. Қорытынды
Ү. Ұсыныстар
Мақсатыма жету үшін қолданған әдіс – тәсілдерім:
• Сұрақ – жауап
• Пікірлесу
• талдау – жинақтау
• Тәжірибе жасау
Кіріспе:
Негізгі бөлімі:
Дүниесі Өсімдіктер
Бөлімі Жабық тұқымдылар
Класс Дара жарнақтылар
Тұқымдас Лалагүлділер
Туысы Пияз
Түрі Сарымсақ
2. 1 Сарымсақ (Чеснок) — пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір.
Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.
Пайдасы және қолданылуы
Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада мың сан ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейте 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдегі 30 грамға дейін төмендетеді. Осы кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алу қажет, ал арқа мен кеудені өсімдік майымен 1:1 араласқан сарымсақтың сөлімен сүртеді.
Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, көп сипаттағы салқын тию белгілері (түшкіру, жөтелу, қызу көтерілу т.б.) білінгенде, тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.
Тұмау, қолқаның қабынуы, өкпеге салқын тигенде 300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр “Кагор” шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы.
Жүрек ауруларына да сарымсақ – таптырмайтын ем. Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бірер адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен.
Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет.
Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді.
Жүрек ұстамасының дамуын тоқтату үшін сарымсақтың тазаланған бір шағындау талын жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру із-қайым жоғалады.
Бұрынғы өткен емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген. Бұдан кейін ауру адамның пештің түбіне жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік береді. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады.
Қант диабетін ауруды да сарымсақпен емдеуге болады. Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды. Сондай-ақ сарымсақтың үш-төрт басына (ұсақтап туралған) 500 мл. қайнаған су құйып, бетін орап 20 минут бұқтырады. Сосын күні бойы шай сияқты іше беруге болады. Диабетке арналған емнің тағы бір түрі — ұсақтап туралған бес-алты бас сарымсақты 500 мл. қара суға салып, жақсылап араластырады. Күннің көзіне бір сағат бұқтырады. Мұны су сияқты шөлдегенде іше береді.
Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына сарымсақтан былайша емдік тұнба жасайды. Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны жараға жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді. Іш өту және жұқпалы іш аурулары өте қауіпті. Бұл ауруларға, әсіресе, балалар бейім келеді. Әрине, дәріханада іш ауруларына қарсы неше түрлі дәрмек бар. Алайда табиғи қауіпсіз ем қолданғанға жететін ештеңе жоқ. Осы ауру түрлерінен емделуге де сізге тағы сарымсақ көмекке келеді. Мұндай жағдайда бөлшектенген қараот (портулак) жапырағын (бір ас қасық) бір стакан ыстық суға салып кішкене қоя тұрады, сосын 30 минут қайнатып, оған бір-екі бас ұсақталған сарымсақ қосады. Қымтап орап, жиырма минуттай тұндырып, сүзгіден өткізеді. Жұқпалы іш ауруларында осы тұнбаны 1/2 стаканнан күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Жұқпалы іш ауруларынан емделгенде күн сайын тәулік бойына бір бас сарымсақты тұтастай жеген дұрыс. Бұл аурудан тез жазылуға көмектеседі. Ал іш өткен кезде 2-3 грамм сарымсақ ұнтағын күніне екі рет тамақтан кейін қабылдайды. Мұның тиімді әсері бірден байқалып, іш өту тоқтайды, адамның тамаққа да тәбеті оянады. Негізінде сарымсақ ұнтағы адамды қауіпті жұқпалы іш аурулары қоздырғышынан да қорғайды. Жұқпалы іш аурулары және асқазан ішек жолдары ауруларынан емделу үшін карболен ұнтағын (дәріханалық препарат) сарымсақ сөлімен 1:1 етіп араластырып, жылы пешке (духовка) сарымсақ сөлін кепкенше ұстайды. Оны 1/3 шай қасықпен күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Карболен ұнтағына сіңген сарымсақ сөлі тек асқазан, ішек жолдарына түскенде қайтадан жайлап бөлініп шығады. Бұл тәсіл сарымсақтың емдік қасиетін одан сайын күшейте түседі. Бұл емді сондай-ақ тамақтан, жеміс-жидектерден уланғанда, дәрі-дәрмектік заттармен өте қатты уланғанда, асқазан бүріп ауырғанда, іш өткенде күніне үш рет (тамақтан 30 минут бұрын) қабылдау керек.
Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.
Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шағындау шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, сыздауықтың (тағы басқа жаралардың) үстіне жапсырып таңып тастаса, сыздауықтың қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, ауруы басылады. Жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ауыстырып тұру керек.
Сарымсақ
Сарымсақтың адам денсаулығына пайдасы
Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу керек.Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактериаларды құртады екен.
Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сондай-ақ ревмотизм, гепатит, қырқұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүргізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындығы халық емшілігі әдістерінде бар.Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериалық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болады.
Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауғып кетеді.
Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.
Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенде, тұмауға қарсы ем екен.
Сарымсақты дұрыс сақтаудың маңызы зор. Тоңазытқышта төрт ай сақталған сарымсақтың бактерияға қарсы қарымы шамамен екі есе, ал бір жыл сақталса 48 есе кемиді. Дегенмен, сарымсақты сақтайтын ем жақсы әдістің өзі де осы екен, өйткені әдеттегі бөлмедегідей жағдайда ұсталса, біршама уақыттан кейін оның емдік қасиеттерінен ештеңе қалмайтын көрінеді.
Сонымен, сарымсақ жұрттың бәріне дерлік пайдалы делік.
Дерлік дегенді қосып отырғанымыз, асқазан жүйесінде уытты жарасы, гастриті бар, не болмаса бүйрегі қабынған адамдардың аталмыш ем-домдарды қолдану барысында абай болғаны абзал.
Сарымсақ құдіреті
Бізге жақсы таныс және жоғарыда айтып кеткен сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Соған қарамай сарымсақты сирек қолданамыз. Сарымсақ қандай ауруларға дауа болады?
Сарымсақтың құдіретін халық ерте кезден-ақ білген. Бірақ оны екінің бірі қолдана бермейтіні өкінішті. Ең алдымен айтарымыз, сарымсақ құрамында витаминнің көптеген түрі бар, басқа да пайдалы заттар мол. Сарымсақты өсірудің де еш қиындығы жоқ. Кәдімгі пиязды қалай егіп өсірсе, оны да осылай өсіре беруге болады. АҚШ-та сарымсақтың шипалық қасиетін ұзақ уақыт зерттеп, одан тиімді препарат жасап шығарған. Бал және асханалық сіркесумен (алма сіркесуы адан да жақсы) араластырып жасаған препарат төмендегідей ауруларды емдейді.
Рак. Ғалымдар сарымсақ құрамында рак клеткаларының өсуін тежейтін, фитохимиялық заттар бар. Рак ауруларын емдейтін ұлттық институттың мәліметтері бойынша, сарымсақты үзбей пайдаланатын адамдар арасында асқазан мен тоқ ішек рагіне шалдығушылар саны жоққа тән. Сондықтан сарымсақтың әсерін күшейте түсу үшін оны күн сайын майдалап езіп, сіркесу және балмен араластырып, үзбей пайдаланған мақұл.
Холестерин. Англияның «Ланцет» деген медициналық журналы ағзадағы холестеринді азайтып, қаннан толық бөліп шығарудың тиімді тәсілі күн сайын сарымсақ жеу деп есептейді. Ол үшін сарымсақты үккіште өткізіп, сіркесумен араластырып, дәміне қарай бал қосады. Бір жолға бір-екі бөлік жетеді.
Демікпе. Екі бөлік сарымсақты майдалап езіп, бір қасық алма сіркесуымен араластырады, бірнеше тамшы бал қосады. Соны әрқашан таңертең аш қарынға ішсеңіз, өзіңізді жақсы сезінесіз, біртіндеп құлантаза сауығуыңыз мүмкін.
Диабет. Американдық диетолог Клейннің зерттеуі бойынша, едәуір мөлшердегі сарымсақ бұршақ (горох) және үрме бұршақ (фасоль) қосындысы диабетпен сақтанатындардың қанын сұйылтуға ықпал етіп, қан айналымын түзейді, қан құрамындағы қант азаяды. Аталмыш қосындыға алма сіркесуы мен бал қосса әсері тіпті молая түседі.
Тамағыңыз ауырып, тұмау болсаңыз. Мұндай ахуал көп адамда кездеседі. Үй жағдайында емделу үшін әркім өз бетінше дәрі жасауға болады. Ол үшін бәрнеше бөлік сарымсақты үккіштен өткізіп, бір стакан сүтке салып, араластырады. Онан соң қайнатып, біраз суытады. Сол тұнбаны күніне бір шай ас қасықтан бернеше рет суытады. Осы тұнбаны күніне бір ас қасықтан бір рет ішсе, тамақтың ауырғаны басылып, тұмау жеңіл өтеді, әрі жиі ауырмайтын боласыз
Сарымсақтан қашпаңыз
Сарымсақтың бойында тұнып жатқан керемет қасиеттердің көпшілігі қадым замандардан бері белгілі. Мысырда атақты пирамидалар салынып жатқан қиын кезеңде сарымсақтың көмегі ұшан-теңіз болған екен. Яғни сарымсақты көптеп пайдалану арқылы жан-жақтан әкелінген құлдардың арасында болатын жұқпалы індеттердің өршуіне тосқауыл қойылған. Ежелгі Грекия мен Римде де оның емдік қасиеттері жоғары бағаланған көрінеді.
Сарымсақ дегенді естісек, ең алдымен оның өзін елестетуден бұрын, иісі мұрынымызға келіп үлгереді. Жағымсыз иісіне бола оны жек көріп те жатамыз. Мұнымыз мүлде қате. Өйткені сарымсақтың біз біле бермейтін талай-талай кереметтері бар екен.
Қазіргі таңда оның құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, адам ағзасы үшін пайдасы толық зерттеліп біткен.
Сарымсақтың құрамында селен, германий, магний және тағы басқа көптеген микроэлементтер, амин қышқылдары, А, В, С дәрумендері, калий, фосфор, кальций элементтері, темір, хлор, ақуыз бар. Осылардың барлығы қосылып келіп, сарымсаққа кереметтей емдік қасиет береді.
Жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ десе де болады. Мысырлықтардың мыңдаған ғасыр бұрын бұл құпияның анық-қанығын білгендігін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Ол ағзаның түрлі микробтарға қарсы әсерін күшейтіп, оның ауруға оңай берілмеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге адамға салқын тиіп ауырғанда, тұмауда пайдалы болып, жөтелді жұмсартып, қақырықтың бөлінуін жақсартады.
Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды әсер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.
Асқазан-ішек жолында кездесетін ауру тудырғыш бактериялардың өсуін тежеп, жағымды ішек флорасының дамуын ретке келтіреді. Оның ішек паразиттеріне, майда саңырауқұлақтарға әсері де зор. Сарымсақты жиі пайдаланып отыру асқазан мен ішек қатерлі ісігінің алдын алады деп есептеледі.
Сарымсақ тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға да керек. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды, кадмийді және басқа да уытты металдарды шығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте және ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.
Аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек.
Оны аспаздық жолмен өңдеген кезде пайдалы заттары жоғалып қалып жатады. Сондықтан, шипаны шын іздесеңіз, табиғи сарымсақты пайдаланғаныңыз жөн.
Сарымсақтың пайдасы
Сарымсақ халықтық медицинада мың сан ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Оқырманның сұранысына сай сарымсақты қолдану арқылы жасалатын ем-дом туралы кеңес ұсынуды жөн көрдік.
Суық тиіп ауырғанда бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Сарымсақтың ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейтіп отырып, 90-120 грамға дейін жеткізесіз. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін, керісінше, біртіндеп азайтып, бастапқы кездегі 30 грамға дейін төмендету керек. Оған қоса күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алып, арқа мен кеуде тұсын өсімдік майымен араласқан сарымсақтың сөлімен сүртесіз.
Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнату керек. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосасыз. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, түшкіріп, жөтеліп, қызу көтерілгенде, тамақ ауырғанда, бұлшық ет пен сіңір тартылып ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отыру керек. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.
Жүрек ауруларына да сарымсақ — таптырмайтын ем. Бір литр балға 10 лимонның сөлін қосып, оған 10 сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдап, әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бір адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен көрінеді.
Ағзадағы холестириннің деңгейін төмендетуге де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе
1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет. Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді. Жүрек ұстамасының жиілеуін тоқтату үшін тазаланған бір түйір сарымсақты жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру ізім-ғайым жоғалады. Бұрынғы емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген. Бұдан кейін ауру адамның пештің түбінде, жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік беру керек. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады.
Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртесіз. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше, жақсы өседі.
Сарымсақ — теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма сияқты жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, жараның үстіне жапсырып таңып тастаса, қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, солқылдап ауырғаны басылады. Бірақ жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ерінбей ауыстырып тұру керек.
Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларын кетіру үшін сарымсақтан жасалған емдік тұнбаны қолдануға болады. 400 грамм сарымсақты ұсақтап турап, шыны құтыға саласыз. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары жасыл түске енгенше қою керек. Оны қайта-қайта араластырып қойған да дұрыс. Содан соң сүзгіден өткізіп, бірінші күні бес тамшысын қабылдайсыз. Екінші күннен бастап, әр күн сайын бір тамшыдан қосып отырып, 25 тамшыға дейін жеткізесіз. Содан кейін, керісінше, әр күн сайын бір тамшысын кемітіп, бастапқы бес тамшыға дейін азайғанша қабылдайсыз. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны бетке жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді.
Сарымсақтағы сан түрлі ем…
Әдетте тұмауратқанда я ас мәзіріне жаратарда еске түсетін сарымсақтың емдік шипасы мол екенін білетін бе едіңіз? Ал оның Құранда да, хадистерде де айтылатындығына көңіл аудардыңыз ба? Әр ісі хикметке толы Хәкім Раббымыз сарымсақты да адам баласына өте пайдалы етіп жаратыпты.
Ол қандай өсімдік?
Сарымсақ – пияз тұқымдастар тобына жататын көпжылдық шөп тәріздес өсімдік. Өнімді топырақтың астына салады. Топырағы жұмсақ әрі құнарлы болса, сарымсақтың басы да үлкейе түседі. Басы бірнеше бөліктерден құралады. Дәмі ащы, иісі өткір. Күздік және жаздық деп бөлінеді. Көкөніс ретінде ас мәзірінде бұрыннан көп қолданылады. Әсіресе, Шығыс және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдерінің, сондай-ақ Жерорта теңізі тағамдарының негізгі қоспасы. Көне мысырлық папирустарда да сарымсақтар жайлы мәліметтер кездескен.
Қызықты мәліметтер
Ертеде римдіктер мен гректер сарымсақ жеген әскер батыл әрі өжет болады деп сенген. Тіпті Олимп ойындарына қатысатын атлеттер де бұдан шет қалмаған. Мысырлық әйелдер балаларын ішек құрттардан сақтау үшін мойындарына сарымсақ іліп қоюды әдет еткен екен.
Пирамидаларды салып жатқан жұмысшыларды түрлі аурудан қорғау үшін оларға пияз бен сарымсақ қосылған тағамдарды көп жегізген. Сарымсақ жеу олардың жұмысқа деген қабілеттерін арттырған көрінеді. Бұл жайында б.з.д. 450 жылы Мысырға саяхат жасап, Хеопс пирамидасын тамашалаған көне грек тарихшысы Геродот мынадай естелік жазып қалдырған: «Пирамидада көне Египетке тән белгілермен таңбаланған жазбалар сақталыпты. Онда пирамиданы салып жатқан уақыттарда жұмысшылар тұтынған ащы көкөністер: шалған, пияз бен сарымсақтардың мөлшері көрсетіліпті. Әлгі жазбадағы таңбаларды түсіндіріп тұрған аудармашым бір мезетте қатты таңғалған кейіпте «білесіз бе, жұмысшыларға пияз бен сарымсақ алуға жұмсалған ақша тұп-тура он алты мың күмісті құрапты» дегені есімде жақсы қалыпты».
Қытай халқы сарымсақты ас қорыту мен тыныс алу жолдарындағы ауруларды емдеуге, оба мен тырысқақ індеттерінен қорғануға, әйелдердің етеккір циклі бұзылған кезде, тері ауруларына, ревматизмге, авитаминозға қарсы пайдаланса, көптеген ұлттар сарымсақты әлі де жылан шаққанда, удың әсерін кетіруге жаратуда. Бірінші дүниежүзілік соғыста да әскерлерге көбірек сарымсақ жегізу арқылы оларды жұқпалы аурулардан қорғау тәжірибесі іске асырылған.
Құранда атала ма?
Аллаһ Тағала Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын түрлі сынаққа салып, 40 жыл шөлде қаңғыртқаны белгілі. «Көктен бізге тамақ түссін» дегенде, оларға үнемі бөдене еті мен мәннә шырыны түсіп тұрған. Бірақ біршама уақыттан кейін әлгі қауым қайта баяғы әніне басады. Өздері бұрын көп тұтынған көкөніс түрлерін, жеңсік астарын аңсайды. Тамақтың бір түрінен жалыққандарын айтып, Мұса пайғамбарға (а.с.) шағымданады. Осы оқиға баяндалғанда, аяттағы көкөністер қатарында сарымсақ та аталған:
«Қане, сендер былай деп едіңдер: Әй, Мұса, тамақтың бір-ақ түріне енді төзе алмаймыз. Біз үшін Раббыңа дұға ет, бізге сәбіз, acқабақ, сарымсақ, жасымық пен пияз секілді жер өнімдерінен берсін»(Бақара, 61).
Хадистерде не айтылған?
Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегідей бірқатар хадистерінде сарымсақтың өте пайдалы екендігін, оны емге жарату керектігін білдірген.
«Сарымсақ жеңдер, сонымен емделіңдер. Өйткені ол жетпіс түрлі ауруға ем» (Дәйлами, Тирмизи, Хаким)
«Сарымсақ немесе пияз жеген кісі (иісі кеткенше) мешіттерімізге жоламасын, үйінде отырсын» (Бұхари, Әдеп, 76; Азан, 1/207)
Кейде Расулаллаһқа (с.а.с.) көкөністен жасалған тамақ әкелінгенде, алдымен иісін байқап, неден жасалғанын сұрайтын. Қай көкөніс түрі екенін анықтап, өзі жемейтін болса, жанындағы сахабаларының біріне беретін. Әлгі сахабасының сәл тартынғанын байқаса: «Сен маған қарама, же. Өйткені мен сен секілді емеспін, сен сөйлеспейтіндермен (періштелермен) тілдесемін» дейтін (Мүслим, Мәсажид, 73).
Ислам діні көпшілік жиналатын орындарды таза ұстауға шақырады. Сондықтан, мешітке жамағатқа ұнамсыз жағымсыз иіспен бармауды ескерткен. Ал Расулаллаһтың (с.а.с.) пияз не сарымсақ та жемей өзін әр уақыт таза ұстауы – ол кісіге Жәбірейіл періштенің жиі келіп тұратындығы себепті еді.
ҚұрамыЖаратушы иеміз сарымсақтың құрамын өте бай етіп жаратыпты. Зерттеушілердің айтуынша, оның құрамында В және C тобына жататын дәрумендер, хлор, темір, фосфор, йод, марганец, кальций, мыс, магний, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер көп. Басым бөлігі судан, көмірсулар мен ақуыздардан тұрады. Селен, A, B1, C, PP дәрумендері де кездеседі. Аздаған мөлшерде майлар да жоқ емес. Солардың бірі – эфир майы. Мамандардың айтуынша,100 г сарымсақта – 150 ккал бар.
Қалай қолдану керек?
Сарымсақты негізі шикідей жеген пайдалы. Сарымсақтың өткір иісін артынан алманы, жалбыз жапырақтарын, немесе балдыркөкті шайнау арқылы немесе сүт ішумен кетіруге болатындығы айтылады.
Швецияда балалар мектепке барарда сарымсақ жегізу қалыпты әдетке айналған. Өйткені, бұл балаларды мешеулікке ұрынудан сақтайды деп біледі. Бүгінгі күні дәріханаларда сарымсақтың ұнтақтары мен арнайы дәрілері де халыққа тарауда. Мамандар күн сайынғы тамақта 10-15 гр. сарымсақ жеп тұрудың денсаулыққа пайдалы екендігін айтады.
Сарымсақтың пайдалары
Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компонеттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар:
Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай-ақ ми ісігінің алдын алады.
Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.
Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.
Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай-ақ организмді тазалауға пайдаланылады.
Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады т.б.
Арнайы зерттеулер
АҚШ пен Швеция ғалымдары сарымсақтың молекулалық тұрғыда адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеді. Нәтижесінде сарымсақтың әсерімен қан тамырларының кеңейіп, ашылатыны байқалды. «Бұл сарымсақпен гипертонияны (қан қысымының көтерілуін) емдеуге болатындығын білдіруде», – деп мәлімдеді Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джулиус.
Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады екен. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады.
Тағы бір ғалымдардың зерттеуінше, сарымсақты жиі қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны аз кездескен.
Пайдалы кеңестер:
• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.
• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.
• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.
• Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды (черная редька) үккіштен өткізіп алып, бір-бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.
• Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.
• Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.
Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанымен сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) ешқандай лабораторияда зерттеу жүргізбей-ақ, уахиға сүйене отырып жеткізген. «Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар» деуі әрі оның бүгінгі күні толықтай дәлелденуі – Әз Елшінің тек ақиқатты ғана айтқанын ұқтыруда.
100 г сарымсақта – 150 ккал бар.
Сарымсақтың құрамында селен, кальций, фосфор, темір, магний, A, B1, C, PP дәрумендері бар.
Бактериялармен күрестегі жаны ашымас күрескер
Сарымсақ бактерияларға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға, сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай. Бактерияларға қарсы ең күшті қасиетке шикі сарымсақ ие, тіпті, өңдеуден кейін де ол қандағы холестерин деңгейін түсіреді, қанның ұюына қарсы әсер береді, қан айналымы жүйесін қорғайды және асқорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Микроағзаларды, ашытқыларды, саңырауқұлақтар мен вирустарды жояды. Оның вирусқа қарсы әсері қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін азайтады.
Алғашқы антибиотик
Антибиотиктер біздің өмірімізге енбес бұрын, өзінің қасиеттері арқасында сарымсақ вирусты аурулардан қорғаныш ретінде, сонымен қатар тырысқақ, оба немесе тұмау індеттері кезінде олардың алдын алатын құрал ретінде қолданылды. Оның дәрілер мен егулерден ерекшелігі бактерия штамдарында төзімділік туындамайды және адам үшін уытты емес.
Егер осы иіс болмаса …
Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Бұл жағымсыз жанама әсерді алманы, ақжелкенді, жалбыз жапырақтарын, жебіршөпті, эстрагонды немесе балдыркөкті шайнау арқылы кетіруге болады.
Халықаралық дәмдеуіш
Сарымсаққа міне 4000 жыл, ол Орта Азиядан шыққан және бүкіл дүние жүзінде өсіріледі. Әлемнің барлық тағамдарында, әсіресежерорта теңізі, ресей, болгар, түрік және араб тағамдарындадәмдеуіш ретінде қатты бағаланады.
100 г чеснока – 150 ккал
Чеснок содержит селен, кальций, фосфор, железо, магний,
Сарымсақ өсімдігі туралы
Сарымсақтың өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлікшелерден (тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.
Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай, кішкентай болып қалады.
2. 2 Сарымсақтың химиялық құрамы
Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Ол жайлы жоғарыда аз да болса жаздық. Енді құрамына тоқталайық.
Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар, А, В1, С, РР және тағы да басқа микроэлементтер бар химиялық зат. Басым бөлігі судан, көмірсулардан, одан кейін, ақуыздардан тұрады. Аздаған мөлшерде майлар болады. Солардың бірі — эфир майы. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Сарымсақ бактерияға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай.
2. 2 Сарымсақтың биологиялық құрамы
Сарымсақтың Өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлшектерден(тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.
Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай кішкентай болып қалады.
Сарымсақ ертеден — ақ суық тиіп ауырға адамдарға ем — дом жасау үшін пайдаланылды. Алайда, ол кезде сарымсақтың ауруға қарсы қалай күресетіндігі белгісіз болатын. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты.
Сондағысы, сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.
Күн сайынғы тамақта 10 — 15 гр. сарымсақ жеп тұру денсаулыққа пайдалы. Сарымсақ пияз (жуа) секілді ауызқуысымен асқазан жарасына зиянын тигізбейді. Осы қасиеті де оны пияздан маңыздырақ қылады.
Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді.
Асқазан – ішек жолдарына, жүрек, талма ауруларына ем. Микробты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады.
Сарымсақ ертеден — ақ суық тиіп ауырға адамдарға ем — дом жасау үшін пайдаланылды. Алайда, ол кезде сарымсақтың ауруға қарсы қалай күресетіндігі белгісіз болатын. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты.
Сондағысы, сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.
Күн сайынғы тамақта 10 — 15 гр. сарымсақ жеп тұру денсаулыққа пайдалы. Сарымсақ пияз (жуа) секілді ауызқуысымен асқазан жарасына зиянын тигізбейді. Осы қасиеті де оны пияздан маңыздырақ қылады.
Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді.
Асқазан – ішек жолдарына, жүрек, талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады.
2. 4 Сарымсақтың пайдасы
Сарымсақты әлемнің кез — келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады.
Медицинада табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды рөлге ие өсімдіктің бірі осы сарымсақ.
Ертедегі Гректер мен Римдіктер: “Сарымсақ сарбаздарға батылдық, өжеттік береді” деп сенген. Қытайдағы халық медицинасында ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарына қатысты ауруларды емдеуге және оба мен тырысқақ індеттерінен қорғану үшін сарымсақ пайдаланылды. Орыс халқы
сарымсақты уды кетіру үшін, жылан шаққанда шипа болу үшін, жұқпалы індеттерден сақтану үшін пайдаланған. Тіпті, Қытайда тері ауруларын емдеу кезінде, ревматизм ауруына қарсы және авитаминозға қарсы пайдаланған екен.
Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компоненттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар:
Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай — ақ ми ісігінің алдын алады.
Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.
Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.
Асқазан — ішек жолдарына, жүрек — талма ауруларына ем. Микробты болдырмайды,
жараны тез жазады, ауруды басады, ішек құрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына
ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.
Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай — ақ организмді тазалауға пайдаланылады.
Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады т. б.
2. 5 Қызықты мәліметтер.
Әлем бойынша сарымсақты ең көп экспорттайтын ел — Қытай. Жылына 12 миллионнан астам тонна сарымсақты шет елдерге сатады. Одан кейін Үндістан мен Оңтүстік Корея елдері. 2009 жылы шошқа тұмауы өршіп тұрған кезде Қытайлықтар арасында “Сарымсақ шошқа тұмауына қарсы
қорған болады” деген сөз тарап, елдегі сарымсақтың бағасы 40 есеге дейін қымбаттаған.
Адамдар үшін пайдалы болған сарымсақ иттер мен мысықтар үшін улы болып саналады.
Маса шаққан жерге сарымсақтың шырынын жақса, ол жерде зиянды заттар қалмайды.
Пайдалы кеңестер:
• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.
• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.
• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.
• Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды үккіштен өткізіп алып, бір — бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.
• Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2 — 3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.
• Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2 — 3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.
Қорытынды:
Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанымен сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с.) ешқандай лабораторияда зерттеу жүргізбей — ақ, уақиға сүйене отырып жеткізген.«Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар» деуі әрі оның бүгінгі күні толықтай дәлелденуі – Әз Елшінің тек ақиқатты ғана айтқанын ұқтыруда.
(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]