Басы » Блог » Астана Интернет Форум 2012 келіңіздер

Астана Интернет Форум 2012 келіңіздер

Қазақстандық Ақпараттық Технология мамандары! Танысып, жүздесіп, құнды тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін Астана Интернет Форумына келіңіздер, көріңіздер! Қапы қалмаңыздар! Таныстарыңызға да айта жүріңіздер!

 

Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты — қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету.
Форум аясында «Ақпараттық қауіпсіздік», «Білім саласындағы интернет», «Бұлтты технологиялар», «Seo жетілдіру», «Ғаламтордағы аудармашы сайттар» сияқты тақырыптар көтеріліп, қазақ тілді интернет пайдаланушыларға арналған жаңа жобалар таныстырылады.

Құрметті әріптес ұстаз егер сізге білім беруде ақпарат саласы қызықтырса немесе интернет ресурстарын жасау жолдары туралы білгіңіз келсе  Астана Интернет Форум 2012 келіңіз жаңа ой, идея алып қайтасыз.

Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты — қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету.

Форум өтетін жері: Астана, Назарбаев Зияткерлік Мектебі
Уақыты: 22-23 желтоқсан, 2012 жыл.
Кімдер қатыса алады?: Мамандар, ақпараттық технологияларға қызығатын студенттер, мұғалімдер, оқушылар.

Ұйымдастырушылар«Мінбер» ҚҚ«KazakhTimes» жаңа технологиялар орталығы, Астанадағы ГеоГебра институты

Серіктестер: «WikiBilim» ҚҚ, »Нұр — медиа» холдингі,  «Болашақ» қауымдастығы

Спикерлер: 

Рауан Кенжеханұлыwikibilim.kz
Берік Бадаевsoylem.kz
Бауыржан Муфтахитдиновmozilla.org/kk/
Ербол Серікбайsurak-zhauap.kz
Садық Шерімбекaitaber.kz
Бауыржан Жакашевkurstenge.kz
Қуаныш Мағзуов 
Бақытгүл Салықоваbilimpaz.kz
Нұрлан Жанайzhanaoi.kz
Батыр Хамзаұлы: click-line.com
Дінмұхаммед Зиядинkinostan.kz
Тимұр Бектұрit-tirlik.kz

Интернетке қатысы Жаңа жобалар байқауы да өтеді. Байқауға ниет танытсаңыз тіркелу формасында тақырыбын жазып, форумда 15 минуттық презентация жасауыңыз керек. Қатысушылардың онлайн дауыс беру нәтижесінде үш жеңімпазға тегін сайт жасалады. Тағы үш адамға бір жылдық тегін хостинг беріледі.

 

Бар болғаны төмендегі сілтемеге басып, тіркеліп үлгеріңіздер.

Тіркелу формасы.
Тіркелудің соңғы күні 14.12.2012

Байланыс үшін:

Сұрақтарыңыздың жауаптары мына жерде.

Email: bizge@aif2012.kz

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *