Атырау қаласы, №27 Исатай Тайманов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Биғамбаева Райса Қабдрашқызы
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламаларына сәйкес құрастырылған осы оқу –әдістемелік құралында жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына арнайы бақылау жұмыстары жинақталған.
Кітапта бастауыш сыныптары математика пәнінің бағдарламасына сәйкес 8 бақылау жұмысы,11 математикалық диктант, 13 қызықты түрде құрастырылған геометрия элементтері енгізілген шығармашылық тапсырмалар,8 графикалық жаттығулар берілген.
Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты оқушылардың математика пәнінен білімдерін анықтап , бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттарын меңгерген деңгейін бағалау.Бұл мұғалімге оқу процесін ойдағыдай басқарып, керекті жерлеріне өзгерістер енгізіп, білім беруді дифференциалдауға мүмкіндік береді.
Екі нұсқаға бөлінген бақылау жұмыстары міндетті түрдегі А және мүмкіндіктеріне қарай В деңгейлі тапсырмаларынан құрастырылған. Тапсырмалары сұрыпталып алынған бақылау жұмыстары әр тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді.Кітапта берілген математикалық диктанттарды сыныпта бақылау жүргізер алдындағы дайындық жұмыстарында қолданған тиімді болады.
Құралған келесі қосымша бақылау түрлері енген:
Математикалық диктанттар;
Қызықты шығармашылық тапсырмалар;
Геометрия элементтері енгізілдген балалардың ойлау қабілеттерін дамытатын тапсырмалар.
Кеңістікке бағыттау мен көз мөлшерін дамытуды көздейтін арнайы жаттығулар (графикалық диктанттар мен жаттығулар) келесі іскерлік пен дағдыларын дамытуға көмек береді:
-негізгі бейнені анықтау және бейнелердің қажетті санын белгілеу;
-құрастыруға байланысты шығармашылық графиялық есептерді шығаруға.
Берілген қызықты тапсырмалар мен жаттығулар, графиялық жаттығулар мен тақырыпты тапсрымалар қабілетті оқушыларға арналған.Мұндай есептерді шығару қабылдау, есте сақтау, көз алдына елестету қабілеттерін, назарды дамытуға, логикалық ойлаудың, интеллектуалдық функциялар мен ой өрістерінің қалыптасуына ықпал етеді.Ұсынылып отырған тапсырмалар мен жаттығулар балалардың танымдық белсенділіктерін арттыру мен қатар, әр тұлғаның дербес шапшаңдылығын , жаңа білім алуға деген қызығушылықтарын ынталандырады.
Тапсырмаларды орындау барысында кездесетін белгісіз сандар оқушының бұрыннан білетін мәліметтерден байланысты.Өз бетінше шешім табу үшін ол белсенді ойлау қызметін көрсете алады, талдайды.Оқушылардың алдында дұрыс қойылған талаптар әр түрлі деңгейде, әр түрлі дайындалған оқушылардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін байланыстырады.
Бұл оқу құралы оқушылардың математикалық қабілеттерін, берілген тапсырманы дұрыс және нәтижелі орындауын қадағалап, шығармашылық белсенділігін арттырады, жоспарлауға, өз гипотезаларын шығарып, алдын ала ойластыруды үйретеді.
№1 бақылау жұмысы І-тоқсан (қыркүйек,3апта)
І-нұсқа
1.Біркелкі фигуралар нешеу?
2. оң жағында неше фигура?
3. сол жағында неше фигура?
4.Қай фигура оң жақтан бірінші?
5.Қай фигура сол жақтан бірінші?
6.Қай кесінді ең қысқа?
1.
2.
3.
7.Фигурада неше бұрыш бар?
№ 1 бақылау жұмысы ІІ-нұсқа
1.Біркелкі фигуралар нешеу?
2. оң жағында неше фигура?
3. сол жағында неше фигура?
4.Қай фигура оң жақтан бірінші?
5.Қай фигура сол жақтан бірінші?
6.Қай кесінді ең қысқа?
1.
2.
3.
7.Фигурада неше бұрыш бар?
№2 бақылау жұмысы (қорытынды) І-тоқсан (қазан,4апта)
І-нұсқа А деңгейі
1.Бір жасыл алма және 2 қызыл алманың суретін сал.Барлығы неше алма?
(шешімін жаз)
2.Сандарды салыстыр.
1*2 5*2
3*4 3*2
2*0 1*0
3.Амалды орында:
1+2; 4+1;
3+1; 4-1;
3-1; 5-2;
4.Қатардағы түсіп қалған сандарды жаз:
…1…3…5
…4…2…1…
В деңгейі
3 үлкен дөңгелектің және одан 2 артық кішкентай дөңгелектің суреттерін сал.Кішкентай дөңгелектер саны қанша?
(жауабын санмен жаз)
№2 бақылау жұмысы
ІІ-нұсқа А деңгейі
1. 2алмұрт және 2 апельсиннің суретін сал.Барлығы неше жеміс салынды?
(шешімін жаз)
2.Сандарды салыстыр.
2*3 4*5
1*1 1*3
3*0 5*0
3.Амалды орында:
1+1; 1+3;
2+3; 2-1;
5-1; 3-2;
4.Қатардағы түсіп қалған сандарды жаз:
0…2…4 5;
5…3…1…
В деңгейі
5 қызыл дөңгелек және одан 3 кем көк дөңгелектер суретін сал.Көк дөңгелектердің саны қанша?
(жауабын санмен жаз)
№3 бақылау жұмысы ІІ- тоқсан (қараша,3 апта)
І-нұсқа А деңгейі
1.Неше дөңгелек ?
Санмен жаз.
2.Суретін салып, есепті шығар.
Витя 4 балық аулады, ал Сұлтан-3.
Екеуі барлығы неше балық аулады?
3.Салыстыр:
3+0*2+1;
4-2*4+2;
6-2*7-1;
4.Торлардың орнына «+», «-» таңбасын жаз:
6 3=9 4 4=8
5 2 =3 3 2=1
В деңгейі
а) Ойланып, керекті сандарды тауып жаз:
6-…..< 7+1;
3+…..> 7+1;
б) Суретін салып есепті шығар:
Динараның 4 кәмпиті болды. Ол 2-уін жеді.Неше кәмпит қалды?
№3 бақылау жұмысы
ІІ-нұсқа А деңгейі
1.Неше дөңгелек ?
Санмен жаз.
2.Суретін салып, есепті шығар.
Марат 3 машина және 2 ұшақ сатып алды.Маратта барлығы неше ойыншық бар?
3.Салыстыр:
5+1*3+3;
1+3*3-2;
4+4*6-2;
4.Торлардың орнына «+», «-» таңбасын жаз:
5 5=10 0 4=4
1 5 =6 3 2=5
В деңгейі
а) Ойланып, керекті сандарды тауып жаз:
5+…..> 7-1;
9-2=3+….;
б) Суретін салып есепті шығар:
Балада барлығы 5 алма болды.Ол 3-еуін жеді?Барлығы неше алма қалды?
№4 бақылау жұмысы ІІ-тоқсан (желтоқсан, 4апта) А деңгейі
І-нұсқа
1.Есепті шығар.
Гүльмирада 5 қуыршақ болды, ал Данада -4.Гүльмира мен Данада неше қуыршақ бар?
2.Бір бағанға теңдеулерді, екінші бағанға теңсіздіктерді бөліп жаз.
3>1; 4=4; 10>3; 2=2;
3.Амалдарды орында:
4-2; 9-3;
3+1; 4+4;
2+6; 5-3:
4.Геометриялық есеп.
Ұзындығы 3 см және 2 см кесінділерді сыз.Екеуін салыстыр.
В деңгейі
а) Есепті шығар.
Ілияс 4 пакет айран әкелді.Кешкі аста 3 пакеті ішілді.Неше пакет айран қалды?
б) Жетіспейтін сандарды тап:
5- =3 6+ =8
4+ =7 10- =9
№4 бақылау жұмысы А деңгейі
ІІ-нұсқа
1.Есепті шығар.
Арманда барлығы 5 белгіше, ал Жандоста 3 белгіше болды.Екеуінде қанша белгіше болды?
2.Бір бағанға теңдеулерді, екінші бағанға теңсіздіктерді бөліп жаз.
10>2; 5=5; 9<8; 3=3;
3.Амалдарды орында:
4+3; 6+2;
8-2; 7-3;
1+7; 9-2:
4.Геометриялық есеп.
Ұзындығы 3 см және 4 см кесінділерді сыз.Екеуін салыстыр.
В деңгейі
а) Есепті шығар.
Бұтақта 7 торғай отырды. 3-еуі ұшып кетті.Бұтақта қанша торғай қалды?
б) Жетіспейтін сандарды тап:
3+ =4 7- =3
2- =2 9+ =10
№5 бақылау жұмысы ІІІ-тоқсан (ақпан,4 апта)
І-нұсқа А деңгейі
1.Есепті шығар.
Анар 4 кесе жуды,ал Айгерім-2 кесе артық жуды,Айгерім неше кесе жуды?
2.Амалдарды орында:
8-3; 2+8;
5+4; 8-4;
9-2; 5+5;
3.Жетіспейтін сандарды жаз.
5+ =7 3- =2
+4 =8 +1 =9
В деңгейі
а) Есепті шығар.
Апасына 10 дәптер болды.Бірнеше дәптерін інісіне бергенде, өзінде 6 дәптер қалды.Апасы інісіне неше дәптре берді?
б) Амалдарды орында:
7-3+2;
6+3-4;
№5 бақылау жұмысы
ІІ-нұсқа А деңгейі
1.Есепті шығар.
Арман 7 оттық жасады, ал Нұржан -2еуін кем жасады? Нұржан неше оттық жасады?
2.Амалдарды орында:
6+3; 2+6;
7-2; 10-3;
9-3; 3+4;
3.Жетіспейтін сандарды жаз.
7- =5 4 — =2
8+ = 10 5+ =9
В деңгейі
а) Есепті шығар.
Ыдыста 12 кесе жеміс шырыны болды.Бірнеше кесе шырынды құйып алғанда, ондағы қалғаны 8 кесе .Ыдыстан неше кесе шырын құйып алды?
б) Амалдарды орында:
8-2+3;
5+3+2;
№6 бақылау жұмысы (қорытынды) ІІІ-тоқсан ( наурыз, 3апта)
А деңгейі
І-нұсқа
1.Есепті шығар.
Бақтан 7 кесе таңқурай және 3 кесе қарақат теріп әкелді.Қарақаттан таңқурай неше кесе артық терілді?
2.Сандардың қосындысын тап.
3 және 6, 2 және 7.
3.Сандардың айырмасын тап:
8және 6, 9 және 7.
4.Салыстыр.
3+5*9; 9-2*5;
2*2+2; 8+2*10;
5.Геометриялық есеп:
Біріншісі 5 см, екіншісі одан 2 см ұзын екі кесінді сыз.
В деңгейі
а) Есепті шығар
Шешей барлығы 8 бүктеме пісірді:3 орамжапырақпен, қалғаны картоппен.Картоппен қанша бүктеме пісірді?
ә) Бір қатарға 8 дөңгелек сал, екінші қатарға соншама шаршы сал.Шаршы санын 3-ке азайт.Шаршы саны қанша болды?
№6 бақылау жұмысы А деңгейі
ІІ- нұсқа
1.Есепті шығар.
Өзен бойында 4 терек және 5 қайың өсіп тұрды.Қайың саны теректен қанша артық?
2.Сандардың қосындысын тап.
5 және4, 3 және 5.
3.Сандардың айырмасын тап:
10 және 4, 8 және2.
4.Салыстыр.
10-7*4; 6+3*7;
8-3*10; 8-4*2;
5.Геометриялық есеп:
Біріншісі 6 см, екіншісі одан 2 см ұзын екі кесінді сыз.
В деңгейі
а) Есепті шығар
Мен барлығы 10 дәптер сатып алдым:6 дәптер тор көз, қалғандары сызықты.Қанша сызықты дәптер сатып алдым?
ә) Бір қатарға 6 шаршы сал, екінші қатарға соншама дөңгелек сал.Дөңгелек санын 2-ге азайт.Дөңгелек саны қанша болды?
№7 бақылау жұмысы ІV-тоқсан (сәуір,4 апта)
І-нұсқа А деңгейі
1.Өрнектің мәнін тап.
3-а, егер а=0,1,2,3
2.Бірінші бағанға қосындыларды, екінші бағанға айырмаларды теріп жаз.Қосынды мен айырманың мәндерін тап:
2+3; 4+2; 6-3; 8+2;
5-1; 9-4; 4+3; 7-2.
3.Есепті шығар.
Ыдыстан 5 стақан шие шырынын құйып алды.Осыдан кейін ондағы қалғаны 3 стақан.Ыдыста барлығы неше стақан шырын болды?
4.Теңдеуді шеш:
х+3=5; 7-х=6;
В деңгейі
а) Есептерді шығар.
Құстарға ұя жасау үшін,Айдос 4 тақтай кесті, ал Қайрат -2еуі артық тақтай кесті.Балалар барлығы неше тақтай кесті.
б) 9 санын екі қосындының көмегімен қалай табуға болады?
3?4?5?6?
№7 бақылау жұмысы
ІІ-нұсқа А деңгейі
1.Өрнектің мәнін тап.
5+а, егер а=0,1,2,3
2.Бірінші бағанға қосындыларды, екінші бағанға айырмаларды теріп жаз.Қосынды мен айырманың мәндерін тап:
7-5; 2+4; 6+3; 8-4;
3+5; 8-1; 5-4; 6+4.
3.Есепті шығар.
Мұз айдынынан 4 бала үйлеріне кетті,қалған 6 бала сырғанақ тебуге қалды.Мұз айдынында бастапқыдан неше бала болды?
4.Теңдеуді шеш:
4+х=6; 8-х=5;
В деңгейі
а) Есептерді шығар.
Бір жәшікте 8 кг алма, екіншіде-2 кг кем.Жәшіктерде барлығы неше килограмм алма?
б) 8санын екі қосындының көмегімен қалай табуға болады?
3?4?5? (шешім үлгілерін жаз)
№8 бақылау жұмысы (қорытынды) ІV-тоқсан (мамыр,2 апта)
І-нұсқа А деңгейі
1.Амалдарды орында:
30+20; 40-10;
80-30; 50+20;
90-40; 30+30;
2.Тор көзіне қандай сандарды қоюға болады?
5-3>10- 70-20<50+
90+10=70+ -3>1+5
3.Есепті шығар:
Еңбек сабағында Мәрзия 8 ою қиып алды, ал Гүлшат 3оюға кем.Қыздар барлығы қанша ою қиып алды?
В деңгейі
Өрнекті жазып есепте:
-
6 және 4 сандарының қосындысына 5-ті қос.
-
40 және 10 айырмасының мәнінен 8- ге азайт.
-
3 және 5 сандарының қосындысын 2-ге арттыр.
№8 бақылау жұмысы.
ІІ -нұсқа А деңгейі
1.Амалдарды орында:
70-50; 40+40;
30+10; 60-20;
50-30; 100-10;
2.Тор көзіне қандай сандарды қоюға болады?
7-2>10- 60-20< 30+
40+20=70- -5>0+5
3.Есепті шығар:
Түлкі мен қасқыр балық аулауға барды.Түлкі 7 балық аулады, ал қасқыр 4 балыққа кем.Түлкі мен қасқыр екеуі қанша балық аулады?
В деңгейі
Өрнекті жазып есепте:
-
6 және 4 сандарының қосындысына 5-ті қос.
-
30 және 10 айырмасының мәнінен 6- ға азайт.
-
3 және 5 сандарының қосындысын 2-ге арттыр.