Басы » Бала бақша » Үшбұрыштарды ажырата білуге үйрету

Үшбұрыштарды ажырата білуге үйрету

313 ШҚО.Тарбағатай ауданы
Ойшілік ауылы
«Әсем» ясли-бақшасының әдіскер-тәрбиешісі
 Арғынбекова Жанаргүл Арғынбекқызы
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Қарапайым матаматикалық ұғым
Тақырыбы:  Үшбұрыштарды ажырата білуге үйрету.
Мақсаты: Балаларға бір түсті заттарды көлеміне сәйкес топтауға, салыстыруға, үш түрлі үшбұрышты ажырата  білуге үйрету
Көрнекілік: Үлгі материалдар, үлестірмелі қорапқа салынған үш түрлі көлемдегі үшбұрыштар,геометриялық пішіндер.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық –

қозғаушы

-Амандасу рәсімі

«Жылулық шеңбері»

Армысың асыл күн,

Армысың асыл жер.

Армысың көк аспан,

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.

Бір –біріне қолдарын беріп,жылуларын сезеді.

-Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетінде дөңгелекпен танысқанбыз.

-Қане дөңгелекке ұқсас заттарды айтыңдаршы.

Өткен тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер.

Енді барлықтарың тақтаға қараңдаршы мынау қандай пішінҮшбұрыштың неше бұрышы бар екенін санайық.

Неше бұрышы бар екен?

Үшбұрышқа ұқсас заттарды білесіңдер ме?

Дұрыс

Мына үшбұрыштың көлемі бір – бірінен қандай?

-Ал мынау бәрінен де үлкен

Енді түгел бәріңде қараңдаршы, барлығы бірдей үшбұрыш болғанымен көлемі әр түрлі екен.Бірі үлкен болса, екіншісі кішірек, ал соңғысы кішкентай-ақ.Кім айтады мынау қандай түске боялған?

-Ал мына жұмбақты тапсаңдар, біз бүгін осы үшбұрыштардан не жасайтындарымызды табамыз.

Тікен – тікен тік пісте,

Қысы –жазы бір түсте.

Ол не?

Балаларды қатыстыра отырып, үлгі ретінде шыршаны қалай құрастыру керек екендігін көрсетемін.Ол үшбұрыштан тұратынын айтып, көлемін ажыратып, осы үшбұрыштардан шырша құрастырамыз.

-Ғалымжан, үшбұрыштың ішінен ең үлкенін алып ең астына қойшы.Ғалымжан ең үлкенін алып астына қояды да, орнына отырады.

Гүлсім үлкенірек үшбұрышты алып, жоғарырақ орналастырады.

Ал,Санжар ең кішкентайын алып, оны ең үстіне қояды.Сонымен жұмыс аяқталады.

 

— Сәлеметсіз бе?

 

 

Балалар  бір–біріне жылы  тілектерін  айтады.

 

 

 

 

 

 

Доп, алма,күн т.б

 

 

 

Үшбұрыш

 

 

1,2,3

Үш

Үйдің шатыры

 

 

 

Үлкен

 

 

 

 

 

 

 

Жасыл түске боялған

 

 

 

 

 

Шырша

Іздену-барлау -Ал қане біз не құрастырдық?

-Шыршаның түсі қандай екен?

Ал, қане жұмбағымызды қайталап жіберейік.

Бой сергіту жаттығуы:

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жәй оң қолды оң жаққа,

Жәй сол қолды сол жаққа.

Қолды айландыр бұлданбай,

Екі шеңбер сызғандай.

Осыдан кейін үлестірме материалдарды әрбір балаға таратып, шыршаны өздері жасауды ұсынамын.Балалар үлестірмені алдына қойған ақ парақтың үстіне желімсіз құрастыра бастайды.Жұмыс барысын бақылап, жеке көмек көрсетіп отырамын.Балаларға сұрақтар беру арқылы түсін, көлемін, құрлымын, «үлкен», «кіші» түсініктерін бекітемін.

 

Шырша

Жасыл

 

 

Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.

Рефлексифтік-

қорытындылау

Балалар, біз бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қандай пішінмен таныстық?

Үшбұрыштың көлемдері қандай болады екен?

Ұқсас заттарды ата?

Қазір балалар   «Өз үйіңді тап»  деген

Д/ ойын ойнаймыз

Балаларға әртүрлі пішіндегі үлестірме материалдарды таратып, балалар қолдарындағы пішінге өз үйлеріне кіреді. Ол тапсырманы орындаса заттың түсін, пішінін білгені.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды  балаларды мадақтау.

Өте жақсы жауап берген балаларға бесбұрыш, жақсы қатысқан балаларға төртбұрыш,орташа қатысқан балаларға үшбұрыш беремін.

 

 

Үшбұрышпен

 

 

Үлкен, кіші

 

Сызғыш, күректің басы, үйдің шатыры.

 

Күтілетін нәтиже:  Қарапайым математикалық  тәрбие – түйсік пен қабылдаудың дұрыс дамуы.Өйткені баланың айналадағы дүниені тануы – түйсіну мен қабылдаудан басталады.Ол баланың сезімталдық қабілеттілігін дамытып,әр заттардың түр-түсін, қалпын, қасиеті мен сапасын ажыратып, салыстыра білуге үйретеді.

Қалыптасқан әдет:  Сурет бойынша сұраққа жауап бере білу.Олардың көлемін ажырата білу.

Істей біледі:   Қауіпсіздік ережесін сақтай біледі.Үлестірмелі материалды жапсыруда есте сақтау қабілеті артады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *