ШҚО.Тарбағатай ауданы
Ойшілік ауылы
«Әсем» ясли-бақшасының әдіскер-тәрбиешісі
Арғынбекова Жанаргүл
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, айтқанды зейін қойып тыңдауға үйрету.
Тәрбиелігі: төрт түлік малдың пайдасын айта отырып,оларды бағалауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін дамыту,сурет арқылы тілін дамыту
Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: Суреттер, жануарлардың мүсіндері, таратпа материалдар.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық –
қозғаушы |
-Амандасу рәсімі
Үлкен шеңбер құрайық, Алақанды ашайық. Күннен жылу алайық, Жүрекке жылу салайық. Жүректегі жылуды, Балаларға шашайық. -Балалар біреу есік қағып тұр, кім екен? -Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен қайда тап болдым? Сендер кімсіңдер? Тәрбиеші. Сен өзің кімсің? -Мен Дымбілмеспін. Суреттер тауып алған едім,бірақ ненің суреті екенін білмеймін.Маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмеске көмектесейік пе? Балалар,Дымбілмес тауып алған суретке қараңдаршы ненің суретін көрдіңдер? Осы төрт түлік төлдерін білесіңдерме? Олар туралы кім тақпақ айтып береді?
Дымбілмес: Рахмет балалар, маған көп нәрсені үйреттіңдер. Тәрбиеші:Балалар сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді?
Балалар, малдар да өз төлдерін еркелетеді екен. Қане, кім ол жайында тақпақ біледі?
|
— Сәлеметсіз бе?
Балалар бір–біріне жылы тілектерін айтады.
-Сәлеметсіз бе? Балалар таң қалып қарайды.
көмектесеміз
жылқы, сиыр, қой, түйе
Дарын: Мәә-мәә деген әні бар, Жібек тоны, сәні бар.Қошақаным момақан, Сүйкімді бір жануар.
Іңкәр: «бө-бө» деген әні бар, Енесін тез сағынар. Жібек жүнді ботақан, Мөлдір көзді жануар. Ерзат «Мө-мө» деген әні бар, Үй маңынан табылар. Мөңірегіш бұзауым Маған үйір жануар.
Қошақаным,ботақаным, құлыншағым деп еркелетеді.
Бекзат Қой сүйеді баласын қоңырым деп, Ештеңені білмейтін момыным деп. Шұғыла Сиыр сүйеді баласын торпағым деп, Қараңғыға баспаған қорқағым деп. Санжар Түйе сүйеді баласын тайлағым деп, Жабу жапса жарасқан жайлағым деп. Жаннұр Ешкі сүйеді баласын лағым деп, Тастан – тасқа секірген шұнағым деп. Әмір Жылқы сүйеді баласын шұбарым деп, Жүгіруден тарасын құмарың деп. |
Рефлексивті-
қорытындылау |
Сергіту сәті жасалады.
-Балалар, сендер төрт түлік туралы мақал – мәтел білесіңдер ме? Балалар, төрт түлік туралы жұмбақ білесіңдер ме? Д/ойын «Малдың төлін тап» Балалар, енді» Жыл басына таласқан хайуанаттар ертесін тыңдайық. Қуыршақ театры арқылы айтып беру. Төлдер әні. |
Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл көсір.
Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар.
|
Күтілетін нәтиже: Төрт түлік мал туралы түсінігі қалыптасады.
Біледі:Төрт түліктің төлдерінің атын үйренді, атай біледі.
Қолданады:Төрт түлік туралы мақал-мәтел, тақпақ айта біледі.
[bws_related_posts]