БҚО, Орал қаласы,
Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақшасының
тәрбиешісі Тулепова Гулжауар Набиоллиевна
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Бөлімдері: Қоршаған орта. Жапсыру.
Мақсаты: Балаларды аңдардың атын дұрыс атауға жаттықтыру. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Жабайы аңдармен танысу.
Әдіс–тәсілдер: Түсіндіру. Әңгімелесу. Сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Аңдардың суреті.
Қостілділік компонент: Түлкі-лиса, қасқыр- волк, аю- медведь
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Армысың шапағатты Күн-Ана!
Армысың шапағатты Аспан- Ана!
Армысың мейірімді Жер- Ана!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа.
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?
Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайды.
Қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі, айтыңдаршы?
Жарайсыңдар балалар.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Бәріміз шешуге тырысайық.
Ең айлакер аң……..(түлкі)
Ең қорқақ…….(Қоян)
Балды жақсы көретін…….(аю)
Аң патшасы…….(арыстан)
Мысыққа ұқсайтын аң…….(жолбарыс)
Ең ұзын мойын…….(керік)
Қораға шабатын аң……..(қасқыр)
Ең ірі жануар……..(піл)
Үстінде тікенегі бар……….(кірпі)
Жұмбақтарды шешеді.
Балалар, бұл жануарларды біз «Жабайы аңдар» деп атаймыз. Олар елсіз далада мекен етеді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі өте көп. Олардың ішіндегі қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көз-дері қырағы әрі сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктің иесін алыстан-ақ сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Ал аюға келетін болсақ, оның екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю — суда мекендейді.Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайды мекен етед
і. Жеміс-жидектермен қоректенеді. Қоян ең қорқақ аң. Ол ағаштардың қуысында қыс-тайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тонбайды.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып жүгірді.
Таңғажайып сәт:
Балалар үстел үстіндегі орамалдың астында не бар екенін көргілерің келе ме?
Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешуін дұрыс тапсаңдар, орамалды ашамын.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір-ақ асады.(қоян)
Балалар бұл қоян екен. Қоянның бізге алып келген тапсырмалары бар екен.
Балалар бәріміз бірігіп орындайық.
Қоянның бірінші тапсырмасы «Аңдар немен қоректенеді?» ойыны.
Ойынның шарты: Алдарыңдағы суреттердіен аңдардың азығын табыңдар
Жарайсыңдар балалар.
Екінші тапсырмасы: Жабайы аңдардың ішіндегі ең үлкен аң аюды жапсырамыз.
Балалар жұмысымызға кірісейік.
Қараңдаршы балалар қандай әдемі аю жапсырдыңдар.
Қоян сендерге рахмет айтып жатыр.
Іс-әрекетті бақылау кезеңі.
Сонымен балалар бізге қандай аң қонаққа келді?
Жабайы аңдарды атаңдаршы?
Қай аңның суретін жапсырдық?
Жабайы аңдар қайда мекен етеді?
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Балалар жабайы аңдарды білді.
Баланың меңгеруі: Балаларға жабайы аңдардың тіршілігін меңгерді..
Баланың жасай алуы: Аюдың бейнесін жапсырды.
[bws_related_posts]