БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі
Тулепова Гулжауар Набиоллиевна
Тақырыбы: «Санамақтар»
Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Шығармашылық.
Бөлімдері: Математика. Тіл дамыту. Сурет.
Мақсаты: Балаларды санамақтар айтуға үйрету. Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Санамақтар айту.
Әдіс–тәсілдер: Түсіндіру, көрсету.
Қажетті көрнекі құралдар: Ата, әже, папа, мама, аю, бала.
Қостілділік компонент: Ата – дедушка, әже – бабушка, папа – отец, мама – мать, бала – мальчик, аю – медведь.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Саусақтарды саралап
Кел санайық санамақ,
Жалқауланба бас бармақ
Жұмыс сенен басталмақ.
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі.
— Балалар мен сіздерге тақпақ айтып берейін тыңдайсыңдар ма ?
Жиып – теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Бұл қай кездеп ойлайсын?
Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?
Жарайсыңдар балалар.
Тақтаға назар аударайық.
Суретте ата, әже, папа, мама, бала көрсетілген.
Біздер бұларды бір сөзбен не деп атайтын едік балалар?
Дұрыс отбасы дейміз.
Мен сендерге отбасы жайлы санамақ айтайын сендер тыңдап отырыңдар.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық, екеуміз.
Бас бармағым – атам
Балан үйрек — әжем
Ортан терек – папам
Шылдыр шүмек – анам
Кішкентай бөбек – мен!
Бәріміз бірге қайталап айтайық.
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты тыңдайықшы?
Бізге қонаққа келген қандай аң?
Аю: Сәлеметсіздер ме , балалар. Мен сіздерге орман елінен келе жатырмын мында санамақтар айтып жатыр деп естідім. Мен сендерге ертегі алып келдім. Мына сандықшамның ішінде ертегі бар соны апайларың сендерге айтып берсін.
Аю бізге өзі мен саусақтар жайлы ертегі әкелген.
Ерте заманда ағайынды бес саусақ болыпты. Олар өз тіршіліктерімен айналысыпты. Бас бармақ бақша баптапты, балан үйрек аула тазалапты, ортан терек ағаларына көмектесіпті, шылдыр шүмек кеікене бөбекті бағып , оған ертегі айтып беріпті. Осылай ағайынды бес саусақ өз тіршіліктерін жасап жүріпті. Бір күні орманнан аю келіп, бұлардың үйлерін құлатпақшы болады. Сол кезде бес ағайынды бірігіп, бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады.Аю ағайындылардан қорқып қаша жөнеледі. Ағайынды саусақтар әрмен қарай тату – тәтті өмір сүрді
.
Балалар ормандағы аңдардың бейнесін саусағымызға кейіп атап шығайық.
Балалар шаршаған шығарсындар қане қолымызды дем алтып алайық.
Жалғыз саусақ тіпті де,ұстай
алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті,ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды, жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар орнымызға отырып, ақ бетке өз саусағымызды бастырайық.
Балалар сендер оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Осымен оқу іс- әрекетіміз аяқталды.
Іс-әрекетті бақылау кезеңі.
— Балалар отбасы туралы санамақ айтып беріңдер?
— Саусақтардың аттарын атаңдаршы?
— Қонаққа не келді?
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Санамақтарды білді.
Баланың меңгеруі: Ертегі мазмұнын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Өз саусақтарын сала алды.
[bws_related_posts]