Сөйлем

soilemАқтөбе облысы
Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
№3 орта мектебі
Атраубаева Бибігүл Қожашқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым
қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
    Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата
білуге жаттықтыру; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды  орындату арқылы оқушылардың  байланыстырып сөйлеуін
дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу;
алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, СТО элементтері (семантикалық карта),
өз бетінше жұмыс, психологиялық тренинг
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, тірек-сызба, тірек сөздер, видеолар, плакаттар,
стикерлер
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, ағылшын тілі,орыс тілі, психология
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық дайындық
Қазақ тілінде. Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Орыс тілінде. Здравствуй, солнце золотое
Здравствуй, небо голубое
Здравствуй, друг мой дорогой
Я так рада встрече с тобой.
Ағылшын тілінде. Good morning the Golden Sun,
Good morning the blue sky
Good morning  my dear friends
I’m very glad to see.
II. Оқушы қызығушылығын ояту.

  • — Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.

 

— Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел — «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырамыз. Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған.

Мысалы, 1-вагонда: «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен»; 2-вагонда: «Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті»; 3-вагонда: «Жараға жағатын дәрі»; 4-вагонда: «Ешкінің төлі»; 5-вагонда: «Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді»; 6-вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас».

1-тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр. — Қандай сөз шықты? (СӨЙЛЕМ ). Бұл сөз туралы не білетінінді есіңе түсір.

2-тапсырма: Паровоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық. — Сөйлем сөздерден тұрады. — Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? — Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

3-тапсырма: — Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.

— Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері койылады? Қане, ойланып көрейік.

— Нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі.

Сөйлем туралы ой жинақталып, сызбаға түсіріледі:

III. Мағынаны таныту.




Көркем жазу

С с

Сағат, сауысқан, суық, суыр, сілеусін.

Самат

Оқулықтағы 164-жаттығуды орындаймыз. Сөздер салыстырылып оқытылады:

Сөздер:                                                    Сөйлемдер:

Шекара, шекарашы,                        Шекарашылар күзетте тұрады. Олар

ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.   еліміздің шекарасын қорғайды.

Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасалады.

 

Есте сақтау диктанты.

Арша таулы жерде өседі.

Алмат сабақтан кешікпейді.

Жаңбыр қатты жауды

 

165-жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана) кітап алды.

Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.

 

А) «Орныңды тап» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты:Тақтада   бірнеше сөз жазылған жапырақтар жатады. Сол сөздерден сөйлем құрастыру қажет. Құраған сөйлемдерін тақтаға жазады. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылғанына, не үшін тыныс белгісі қойылғанына назар аудартылып, жауап алынады. Берілген сөздер:

1.Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.

2. Ақан, сырғанады, шанамен.

3. Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

4. Төмен, шана, қарай, сырғанай жөнелді.

Психологиялық тренинг

  1. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар.

1а) Интерпритация

Қызыл қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш  қуаттың төмендеуі

Ақ –анықталмаған көңіл-күй.

2а) Әр оқушы  өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны  оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

Сергіту сәті. «Қызыл өрік» әніне билеу.

Ә) «Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балдар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Астана – Отанымның жүрегі.

      Ыстық қой, шіркін, туған жер!

Сен бүлдірген тергенді ұнатасың ба? Қош келдіңдер, достар! Алма ағашының ар жағында шие өсіп тұр. Қыс саған ұнай ма?

IV. Ой-толғаныс

В) Танымдық тапсырма. Көрсетілген тыныс белгілеріне схема бойынша сөйлем құрап жазамыз.



V. Қорытынды.

Семантикалық карта

 

Тыныс белгілері

Нүкте

Сұрақ белгісі

Леп белгісі

Самал қайда барасың

          +

Неткен сұлу, неткен көркем

      +

Арша тез жанады

        +

Бүгін киноға барамыз

        +

Орман іші сондай тып-

тыныш

       +

 

Үйге тапсырма беру

Үйге 63 беттегі  168-жаттығуды орындап келеміз. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Рефлексия. Ұнады немесе ұнамады.

Бағалау

Флипчартты жүктеңіз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *