Басы » Бала бақша » Көңілді шарлар

Көңілді шарлар

БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі
Табенова Айгерим Маратовна
«Көңілді шарлар»
Ойын – сауық
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын оята отырып, жаттығуларды дұрыс орындауын үйрету, төзімділікке, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
— Қайырлы күн, құрметті тәрбиешілер, ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Көңілді шарлар» атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер!
(Балалар залға қатармен кіріп, шеңберленіп екі топқа бөлінеді.)
Күн болып біз күлеміз,
Шуақ болып жайнап жүреміз.
Денемізді шынықтырып,
Ұзақ өмір сүреміз.
Тәрбиеші:
— Балалар, деніміз сау болып, ешуақытта ауырмау үшін үнемі жаттығу жасау керек.
Балалар:
Қиындықтан қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен,
Жаттығуды бастаймыз.
(Жаттығу жасау)
— Балалар, ендігі кезекте ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
І. Топтың ұрандарымен таныстыру.
ІІ. Шарларды тез кім көп үреді?
ІІІ. Шарлармен кім тез межеге жетеді?
ІV. Кім жылдам? (шарларды жару)
V. Кім көп шар жинайды?
І. Балалар қане олай болса, өзіміздің тобымыздың ұрандарымен таныстырып өтіңдер.
1. «Балдырған» тобы
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығу жасап шынығып,
Өсіп үлкен боламыз.
2. «Қарлығаш» тобы
Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!
ІІ. Келесі ойынымыз «Шарларды тез кім көп үреді?» деп аталады.
Төзім бастар сенімге,
Сынға түссең, жеңілме.
Спорт ашар сара жол,
Сырлы нұрлы өмірге – дей отырып, балалардың ептілігін байқап көрелік.
ІІІ. «Шарлармен кім тез межеге жетеді?» деп аталатын келесі ойынымызда балалардың жылдамдығын анықтаймыз.
ІV. Келесі ойынымыз «Кім жылдам?» деп аталады, бұл ойында екі топ балалары шарларды жару керек.
V. Кім көп шар жинайды?
Бұл ойынымызда балалардың қанша шар жинайтынын көреміз.
Өте жақсы, балалар, бүгінгі ойынымыз өте көңілді өтті. Бәріміз қызықты ойын ойнадық деп ойлаймын.
Кел, балалар, тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Осымен бүгінгі «Көңілді шарлар» атты ойынымыз аяқталды. Әрқашан көңілді жүріп, бір-бірімізге қамқор болып жүрейік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *