Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Қоскөл ОЖББ мектебінің
дене трбиесі пәнінің мұғалімі
М. Муханов
Дене тәрбиесі пәнінен жоспар-конспект. 5-сынып
Спорттық ойын (баскетбол)
Сабақтың тақырыбы: допты оң және сол қолмен алып жүру.
Допты торға тастау.
Міндетті:-Допты оң, сол қолмен алып жүруді және допты торға
тастауды жетілдіру.
— Допты алып жүруді, қозғалыс жылдамдығы,
дәлдікті дамыту;
— Психологиялық тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, арнайы кедергі құралдар.
Өтетін орны: Спорт зал
Сабақ бөлімі | Мазмұны | Мөлшері | Әдістемелік нұсқаулар. |
Дайындық бөлімі 12мин |
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.1.Жүру, жүгіру
2. Аяқты тізеден жоғары көтеріп басу. 3.Аяқты артқа сермеу 4. Қол жанда, аяқты айқастыра басу. 5. Жанға жылжу. 6. Оң және сол жаққа алма-кезек жанмен жылжу. 7. Қолмен тірене жатып аяқпен алға жылжу. 8. 180, 360 градусқа бұрылу. |
1 мин
2 рет
2 рет 2 рет
2 рет 2 рет
2 рет
4 рет 10 рет |
Жаймен жүгіру
Қол алда, денені тік ұстау Қолды артта ұстау Денені бұрмай ұстау Қорғаушы қалпын сақтау Қорғаушы қалпын сақтау. Оң аяқпен алға адымдап қолға тірене аяқты артқа созып алға жылжыту. Қорғаушы қалпында аяқ бір сызық бойында болады. |
9.Оң ,сол аяққа секіру.10 Оң жаққа жылжу, тіке кедергіге дейін жүгіру, сол жаққа жылжу.11.Теннис добын алу. | 2 рет. | Аяқтың ұшына көтерілу.Қол жанда қорғаушы қалпында жылжу.Теннис добын әр бағытта алады. | |
Негізгі бөлім30мин | Допты беру және қабылдау.Допты оң және сол қолмен алып жүру.
Жетілдіру әдістері:
Допты алып жүру
Допты торға тастау. Жетілдіру әдістері: 1.Торға жақын тұрып допты торға тастау. 2.Қалақан арқылы допты торға тастау.
Командалық ойын. 1Кедергі арқылы допты алып жүру. 2Допты соғып алып кедергіні орынан қозғау. 3Допты торға салу. 4Қалқан арқылы допты торға салу. Допты еркін алып жүру, аяқтан өткізу; Екі қолмен екі допты ыршытып алып жүру. |
2мин
8 мин
8 мин
7 мин
2 мин 3 мин |
Қайталау.
Допты қармай алақанмен допты сезіну Оң аяқты тізеден бүгіп, сол аяқтың тізесін еденге тіреу, допты соғып тұру, қолды алмастырған кезде аяқты бірге алмастыру. Оң және сол жаққа айналып алып жүреді. Кедергінің оң жағымен жүгіргенде доп оң қолда, сол жағына ауысқанда сол қолда болады. Допты соғып алып жүріп бос қолмен кедергінің басын аданге тигізіп қайта орнына қою. Қарсыласының иығына қолды тигізу, қорғау.
Допты оң қолмен лақтыру кезінде оң аяқ сәл алда болады, қолды жоғары тік көтеріп, саусақ буындарымен допты торға бағыттаймыз. Аяқтың ұшына көтерілеміз. Қолды жоғары ұстар қалу керек. Допты қалқанның ортасындағы шаршыға тигізіп торға саламыз. Жаттығуларды техникасын сақтай орындау. |
Қорытынды бөлім 3мин | Денені созу. Сапқа тұрғызу.Үйге тапсырма | 2 мин1 мин | Жаттығуларды талдауҚателіктерді түзеу, бағалау.Секіргішпен секіру 1 мин. |