Жазғытұры

koktemТеректі ауданы
Айтиев бастауыш мектебі
Өткізген: Есеналин Ж.Г.
Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы.
Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:Оқушыларға көктем мезгілі ,оның өзіндік ерекшелігі туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Абай өлеңдерін оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырып, сөздік қорының молаюына жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Ашық сабақ.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ — жауап, оқу, іздену, топпен жұмыс, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті,

Пәнаралық байланыс:дүниетану.
                                                               Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

Қызығушылығын ояту.

Қой маңырап,төл жамырап,

Жайлау гүлге толады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тарау бойынша білімдерін тиянақтау, тексеру.
Ширату сұрақтары:
1. «Менің атым – Қожа» деп аталатын әңгіменің авторы кім еді?
2. Мақалды жалғастыр. Мақтаншақтық өтірік айтқызады,…(Өтірік көңілді қайтқызады)
3. Нақыл сөздің авторын тап. Шындықты мойындағаннан ешкім де аласарып қалмайды.  (Ә.Кекілбаев)
4. Бозторғай артық жұмыртқасын неліктен ұядан шығарып тастайды? (Оны үлкендер «садақаға» шығарған деп түсінеді).
5. Геолог деген кім? Қазақтан шыққан қандай геологтарды білесіңдер? (Қаныш Сәтбаев)
6. Даланың сәні қандай құс?
7.  Майлыаяқ деген ит туралы жазылған әңгіме қалай аталады? (Көшер кезде)
8. Жұмбақты шеш.

Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа

Үй салды жабыққа. (Қарлығаш).
9. Екінші сыныпқа көшкенмін. Бірде есеп сабағынан «бір» деген баға алып қалдым.Ұят-ай! – деп басталатын қандай мәтін еді?
10. Өлеңді жалғастыр. Аппақ қарды омбылап……. кімнің өлеңі, атауы?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.Жұмбақ шешу.

Қар еріп,

Қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жерге диқан дән сеуіп,

Қорадан жс тал өрді. (Көктем).
2.Проблемалық сұрақ.

— Көктем деген сөз қандаай мағына береді? Ойланып көрейікші.

— Көктем – көк шығады, көктейді.

— Көктемді басқаша қалай атауға болады?

— Жазғытұрым.

— Неліктен бұлай атайды?

— Көктемнен кейін жаз мезгілі келеді. Жазға салым, жаз жақындады деген сөз.

3.Суретпен жұмыс.

Оқушыларға көктем көрінісін бейнелейтін бірнеше сурет ұсынылады:

— Суретке назар салыңдар. Суретке қарап, «Көктем келді» деген тақырыпта оқушылар бір-бірімен мағынасы өзара байланысқан сөйлем құрауы керек.

— Олай болса, бүгінгі сабағымызда көктем мезгілі туралы өлеңмен танысамыз.Әуелі автор туралы айтсақ, жылдың төрт мезгіліне арнап өлеңдер жазған атақты ұлы ақынымыз кім?

— А.Құнанбаев.

— Ендеше автор туралы қысқаша мәлімет бере кетейік.

4.А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.

А.Құнанбаев 1845-1904 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ақыны. Өзі философ, қоғам қайраткері.өзі әнші, өзі композитор болған қазақтың ғұлама ойшылы. Қазіргі шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласына қарасты Шыңғыс тауының баурайында атақты Құнанбай байдың отбасында дүниеге келген. Жасынан өнерге,әнге, өлеңге жақын болған Абай заманынан озық туған ұлы ақынға айналды. Араб,парсы,орыс,т.б. тілдерді жетік білген. Л.Н.Толстай, И.А.Крылов, М.Лермонтов сияқты ұлы ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударған. «Қыс» «Жаз» «Күз» «Жазғытұры», т.б. көптеген өлеңдері бар.

5.Өткен тақырыптарға шолу.

-Тапсырма. Мен бастайын, сендер жалғастырыңдар…
1.«0й, балалар, балалар!…»

(Жылы – жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқу — қаңқу қаз кепті,
Жер қарайды жаз кепті)
2.«Ақ киімді денелі ақ сақалды…»
3. Көтерілсе аспандай
Көкте сұрша бұлт көшіп……
4. Шытынайды тыста аяз…..
— Иә, балалар, сендер өткен тақырыптардың бәрін естеріңе сақтап жүреді екенсіңдер.

Балалар, біз қыс мезгілінде Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда:
«Аппақ қардан омбылап,
Көктем іздеп келем мен» — деп, іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.
6.Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқиды.

• Оқушылар тізбектей екі тармақтан оқып шығады.

7.Дәптермен жұмыс.
• Сөздік жұмыс. / дәптерге жазу/
Масатыдай құлпырар – кілемдей түрленер.
Анталаса – топтала, үйіріле.
Мазатсып – рақаттану, масайрау.

8. Жазғытұры сөзіне топтастыру жасау.

 

Күн жылынады.

Қар ериді.                                                            Құстар келе бастайды.

 

 

Бау-бақша егіледі                                                                    Сай — сала суға толады.

 

 

 

Малдар төлдейді.                Өсімдіктер өсе бастайды.      Жәндіктер оянады.
3. Өлеңге талдау жасау.
Тақтада «Өлеңді оқыған кезде көктем табиғатынан құлағыңа қандай дауыстар естіледі?» деген сөйлем жазылып тұрады.
— Кітаптан іздеп, түртіп алып жазу, оқып беру (мысалы, боздаған түйе, қорадағы мал дауысының шуы, дуылдаған құстар мен көбелектер, сыбдыр қаққан су, балалардың шуы, өлең, жыр, қаз бен аққулардың қиқуы).
— Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?
— Осы дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген? (Дәлелдеу).
— Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады? (Үзінді оқу, яғни күнді ата — ана мейірімімен теңестіреді).
— Ал, балалар, өлеңде көктемді көріп тұрған ақынның көңіл күйі қандай? (Дәлелдеу, үзінділер оқу).
— Өлеңде қандай құстар аталған?
— Жыл құстарын атаңдаршы.
8. Дәптермен жұмыс.
Енді барлығымыз далаға көз жіберіп, ақын жырлаған көктемнің өз жерімізбен ұқсастығын, айырмашылығын жазамыз.
(Бұл — оқушының зерттеу жұмысы)
Мысалы:
Абай көктемі Біздің ауыл көктемі.
Қыстың сызы жоқ. Түн салқын…
Жер беті құлпырған Көк шығып, айнала жап — жасыл.
…………………….. …………………………………..
Оқушылардың жұмыстары тексеріледі, оқытылады. Жұмыс қорытындыланады.
10. Сергіту.
— Балалар, мына жаңылтпашты оқып, жатқа тез айтамыз. Шөп сөзінің орнында қай сөз тұр? Қандай шөптің аты аталған? (Жаңылтпаш тақтаға, плакатқа жазылған)
Жаңылтпаш
Көк шықты,
Көктеп шықты.
Көктем шықты,
Көкпек шықты. З. Муфтибекова.
— Өз жерлеріңде өсетін қандай шөптердің атын білесіңдер?
— Келесі жаңылтпашты оқы, жатқа тез айтып көр. Қай заттың түсі ауыстырылып айтылып тұр деп ойлайсың?
Көкпеңбек көктем шықты.
Көк көктеп шықты.

Көкпеңбек көкпек шықты.
Көк те көк, Көктем де көк.
(З. Муфтибекова).
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1 — топқа: Тапсырма:
Абайдың «Жазғытұры» өлеңіне ұқсас қандай өлеңдерді оқыдық? Авторлаары кім еді?
2 — топқа: Көктем көрінісін суреттеу.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
— Қандай тамаша сурет!
— Балалар, Абай аталарың көктемді сөзбен қалай суреттеген.
Ал сендер көктемді сан алуан бояу тілімен суреттей алар ма едіңдер?
(Топ мүшелері бірігіп салады.)
3 — топқа. Көктем туралы 5 жолды өлең.
Зат есім: Көктем.
Етістік: Ағады, шулайды.
Сын есім: масатыдай, жылы, ата — анадай.
Сөйлем: Жердің жүзі масатыдай құлпырады.
Мәндес сөз: Жазғытұры.
Ү. Қорытындылау.
«Әңгімелеу кестесі» арқылы.
• Өлең тақырыбы: Жазғытұры
• Өлең авторы: Абай Құнанбаев
• Ол кім? Ұлы ақын, сазгер, аудармашы, қара сөздің шебері, ойшыл, қоғам қайраткері.
• Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы, Шыңғыс тауы.
• Өлең не туралы?: Көктемгі табиғаттағы өзгерістер туралы.
• Өлең қай кезең суреттелген? Ертедегі қазақ ауылы.
• Өлеңді оқу арқылы не үйрендің? Адам да, жануар да бар тіршілік иесі
көктемді қуанышпен қарсы алатынын ұқтым.
ҮІ. Үйге: 1.Өлеңді жаттау.

2. Ойтолғау жазу. «Қуанам көктем келгенде…».

Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *