Басы » Бала бақша » 1 мамыр – Ынтымақ күні

1 мамыр – Ынтымақ күні

1 mamyrБҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасының психологі
Кайрбулатова Жанна Боранбаевна

«1 мамыр – Ынтымақ күні»
Ертеңгілік
Жүргізуші: Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ішкі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Құрметті қонақтар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!. «Қарлығаш» тобының ата-аналарымен бірге ұйымдастырылған «1-мамыр Ынтымақ күні» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекелік ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ерғалиева Шолпан Кәрімқызына береміз.
Ән: «Бақытты балалық шақ»
Жүргізуші:Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні-дей келе ортамызға өз өнерлерін, ұлттық тағамдарын алып келіп отырған өзге ұлт өкілдерін ортаға шақырайық. Әуен ойнатылып ұлт өкілдері кіреді.Қазақ,Өзбек,Орыс,Қытай,Үнді. Ортаға алғаш болып Қазақ бастап шығып ұлттық киімдері мен тағамдары жөнінде мәлімет беріп өтеді.
Би: «Қамажай»
Жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.
(Орыс халық әнінің әуені ойналып, ортаға Орыс халқының ұлт өкілі шығады.Орыс биін билейді.)
Жүргізуші:Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген
Армысың, бар халқымның ынтымағы!
Бармысың, қазағымның ынтымағы!
Ортаға Қытай халқының ұлт өкілін шақырамыз. Қытай биімен.
Жүргізуші: Әйнегі күн, шатыры аспан,
Кең дала, төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің! Ортаға Үнді ұлт өкілін шақырамыз.
Жүргізуші:Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн! Сахнаға Өзбек ұлт өкілі өз өнерін көрсетеді.
Жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.
Қазақта «Бірлік болмай, тірлік болмайды»- деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,
Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік. Қонақтар қане төрге отырыңыздар, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің мерекелік құттықтау тақпақтары мен өлеңдері бар екен, қане бәріміз бірге тамашалайық.

Асылхан:Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән-жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші мамырымыз!
Салидат:Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сайран құрамыз
Нұржауар:Ортақ болып ісіміз
Еңбек десе тынбаймыз
Үлкен сыйлап кішіміз
Аға ақылын тыңдаймыз
Зарина: Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата-бабадан
Бірлік асыл мұрамыз
Қарақат:Ынтымағы жарасқан береке күн
Арналатын ең тәтті ән-жырымыз
Таттулық достығың арта берсін
Құтты болсын бүгінгі мереке күн
Нұрсауле: Достар тату тәттіміз
Болса қолда тәттіміз
Біз бөлісіп жатамыз
Бәріміз дәм татамыз
Ән: «Отан»
Мансұр: Бірлік болмай, тірлік болмас.
Дәрия: Ырыс алды ынтымақ
Толғанай: Ынтымақ түбі-игілік
Ақерке: Аққуды атпа, досыңды сатпа
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз- дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз, сіздерге көп-көп рақмет!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *