БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі
Табенова Айгерим Маратовна
«Тапқыр достар»
(интеллектуалдық ойын)
Мақсаты: Балалардың жеке қабілетін ашу, шығармашылық дербестігін дамыту, қызығушылығын арттыру, белсенділікті, ізденімпаздықты қалыптастыру, топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой – өрісінің қызығушылығын дамыту. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Құрылымы: Ойынға 3 баладан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 6. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Армысыз, асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арнаған ақ тілекті.
Гүл жайнаған қыздармен бұл сайысқа,
Ер намысты, ержүрек ұлдар кепті.
Жас ұлан ғой ертеңі,ел мақтаны,
Қырандар ғой тәңірі көк аспаны.
«Тапқыр достар» сайысында жүйрік болып,
Жансын ләйім бәрінің жұлдыздары – дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер дейміз!
Балалар, бүгінгі ойынымыз өте ерекше болмақ. Өйткені біз командамен жұмыс істеуіміз керек. Ережелерді естен шығармайық.
Бүгінгі «Тапқыр достар» сайысының кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1 кезең: «Жаңылмай жұмбақ шешейік»
2 кезең: «Сиқырлы суреттер»
3кезең: «Білгенге маржан»
4 кезең: Дидактикалық ойын: «Жануарлардың сүйікті асын тап».
Бірінші айналым – «Жаңылмай жұмбақ шешейік» деп аталады.
Мен қазір сендерге жұмбақтар жасырамын, сендер жауабын тауып көріңдер. Осы айналым арқылы бүлдіршіндеріміздің есте сақтау қабілетін, тапқырлығын байқайтын боламыз.
Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл,сүті тәтті. (Қарбыз)
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Орманда,жалпақ далада
Бал іздеп,бірақ жортады.
Кіп-кішкентай арадан,
Үп-үлкен боп қорқады.
(Аю)
Өзі жап-жас,мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп-шұбар.
(Мысық)
Өзі айлакер,өзі қу,
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)
Үрлесең,жеп-жеңіл,
Ұшырсаң,көк теңбіл,
Елпілдеп кетеді.
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп
(Доп)
Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
(Сүт)
Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы. (Лақ)
Бұтақтарға секiрiп,
Әр жерден қылт етедi.
Кейде жаңғақ кемiрiп,
Жоғары өрлеп кетедi. (Кiрпi)
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
Кімдер жүйрік, өнерпаз біз білейік,
Бақшамыздың мақтанышы деп жүрейік.
Ой-санасын ұштайық суреттермен,
Келесі айналымға біз өтейік
Екінші кезең«Сиқырлы суреттер»
Міне менің қолымда «Сиқырлы хат» бар. Бұл сиқырлы хаттар түрлі-түсті екенін көріп тұрсыңдар, бір түсті хатты таңдап алсаңдар, ішінде сиқырлы құрастыратын суреттер бар. Сол суреттерді тез әрі дұрыс құрастыру керек. Бәріңе сәттілік тілеймін.
Білім, ой мен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырыңыздар.
Үшінші кезең — «Білгенге маржан» деп аталады. Қазір мына шаршыны мен сендерге беремін, сендер оны артқа қарай лақтырасыңдар. Қандай сан түссе сол сан бойынша сендерге сұрақ қоямын, жарай ма?
1. Өзі қорқақ, ұзын құлақты, секеңдеп жүреді, ол не?
2. Біз оны төбемізге ұстап жүреміз, ол бізді жаңбырдан қорғайды, ол не?
3. Ол сары, қызыл, жасыл түсті болады, ағашта өседі, ол жеміс, қандай жеміс деп ойлайсың?
4. Ол пыр-пыр етіп пырылдап, пеш түбінде ұйқтайды, мяу деп дыбыстайды, ол не?
5. Ол гүлден-гүлге қонып жүреді, бірақ ұстатпайды, ол қандай жәндік?
6. Қыс мезгілінде немен сырғанаймыз?
Төртінші кезең: дидактикалық ойын: «Жануарлардың сүйікті асын тап» деп аталады.
Құлпырған дала гүліндей,
Жүретін ылғи күлімдеп.
Сайыстарда ылғи да,
Жүре берсін сүрінбей, — дей келе бүгінгі сайысқа қатысушыларға мақтау қағазын табыс етеміз.
Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, білімді екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жарыстарда озатын,
Бәрінен алда болатын.
Болашаққа бүгіннен,
Құлшына қол созатын,- балаларымыз аман болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, балдырғандардың шат күлкісіне кенелейік. Осымен «Тапқыр достар» сайысы аяқталды.Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
[bws_related_posts]