Басы » Бала бақша » «Ө» дыбысы және әрпі қайталау

«Ө» дыбысы және әрпі қайталау

ooШығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
Ново-Одесское ауылы
Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп.
Мешелова Умыт Турсынғожақызы
Сабақтың тақырыбы: «Ө» дыбысы және әрпі
   Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың мақсаты:
 Білімділігі; дыбыс және әріптің айырмашылығы жөнінде білімдерін бекіту.Ө дыбысын басқа дыбыстардың ішінен анықтауға және оның әріптік таңбасын басқа әріптердің ішінен ажыратып көрсету дағдыларын ары қарай қалыптастыру. Схема бойынша сөйлем құрастырып ,сөздер жазуды үйретуді жалғастыру. 
Дамытушылығы : саусақтарының ұсақ моторикаларын дамыту.
Тәрбиелігі: Қайырымдылыққа, қамқорлыққа және жанашырлыққа тәрбиелеу. Бірін  — бірі толық тыңдап, сөздерін бөлмеуге бейімдеу.
Қажетті құралдар: Сарайдың сүреті., көгершін, ханшайымның сүреті , карточкалар, әріптер, әріптер жазылған беттер, әріптер кассасы, хат, балалрға арналған сыйлық көгершіндер.
Салеметсіңдерме балалар.
Қазір бізде сауат ашу сабағы.
Қазір біз сендермен, Шаттық шеңберін құрайық.
—         Балалар менің қолымда не? (құс)
—         Ол құстың аты қалай? (көгершін)
—         Менің қолымда көгершін құсы. Егер ол құс сенің қолыңда болса сен не істер едің?
—         Мысалы менің қолымда көгершін тұрса, мен оны аялап, бағар едім.
—         Ал егер менің қолымда көгершін болса мен оны…
(балалардың жауаптарын тыңдау)
— Б алалар бұл көгершін біздің сыныпқа текке келген жоқ , бізге бұл көгершінді ертегілер елінен жіберіпті . Бұл көгершін хат алып келіпті.  Бұл хатта ертегілер елінің патшасы бізден көмек сұрапты, өйткені оның кішкентай ханшайымын зұлым айдаһар ұрлап алып,  оны өзінің сарайына қамап қойыпты. Сарайға кіру үшін үлкен баспалдаққа шығу керек екен, ал ол баспалдақта көптеген кедергілер бар екен , сол кедергіден өту үшін біз сендермен тапсырма орындауымыз керек екен . Әр тапсырманы орындаған сайын, біздің көгершініміз  бір баспалдаққа жоғарылайды.
Кішкентай ханшайымды құтқарайық па? (иә)
—  Өте жақсы балалар, енді орындарыңа жайғасыңдар.Кішкентай көгершін бізге көмектеседі.

Тапсырма . мен  сендерге әріптер таратып беремін . ал сендер орындарыңнан тұрып әріпті көрсетесіңдер де сол әріпті қатыстырып сөз ойлап айтасыңдар. А. Б. В. Г. Ғ. Д. Е. Ж.З. К. Л. Т. М
Міне біз бір тапсырманы орындап бір баспалдақ алға жылжыдық.
Тапсырма. Ол балалар сүрақ екен.
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? (Дыбысты естиміз, әріпті жазамыз)
Балалар мен сендерге қазір дыбыстарды әндетіп айтамын , ал сендер  сол дыбыстардың арасында біз өткен сабақта танысқан дыбысты естігенде сендер қол шапалақтайсыңдар.
АААААААА.  ӘӘӘӘӘӘӘӘ. ЕЕЕЕЕЕЕЕ. ӨӨӨӨӨӨ
Өте жақсы балалар бұл «ө» дыбысы екен.  Ал енді осы «ө» дыбысының әріптік таңбасын мына беттің ішіндегі әрітердің ішінен тауып, бояп шығыңдар.  Бұл әріпті қандай түспен бояймыз? (қызыл)
— Неліктен қызыл түспен бояймыз? (ол дауысты). Өте жақсы балалар міне біз тағы бір баспалдаққа көтерілдік.
3.  Тапсырма.  Балалар қазір мен сендерге кішкентай карточкалар таратамын, сендер сол карточка бойынша сөйлем құрастырыңдар. Өте жақсы мына тапсырманы да орындадық. Міне біз тағы бір баспалдақ жоғары көтерілдік. Енді кішкене демалып алайық.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жол еседі.
Кіп – кішкентай балалар
Үлкен болып өседі.
4       Тапсырма балалар, буындарды оқу. Әркім өз алдында жатқан буындарды оқып шығады. Жақсы балалар бұл тапсырманы да орындадық. Тағы бір баспалдаққа жоғары көтерілдік.
5.  Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер сол жұмбақты шешесіңдер. Содан кейін басқа  бала сол жұмбақтың жауабын жазады.
Күндіз төбеңе шығады
Түнде шегеге шығады ( бөрік)
Қане кім тақтаға шығып сол бөрік деген сөзді жазады?
Ал жақсы енді буынға бөлейікші (бө-рік)?
Неше буын? (2)
Сарғайып отсыз піседі ,
Үзіліп жерге түседі  (өрік)
Кім жазады тақтаға ?
Буынға бөлу(  ө – рік)
Балалар өте жақсы біз тағы да бір тапсырманы орындап , кедергіден өттік.
Балалар біз ханшайым жасырынған сарайдың есігіне  жеттік, бірәқ,  есік ашылмайды. Есікті ашу үшін мен сөйлемнің басын  оқимын ал сендер оны толықтырасыңдар.
Мен қалаға ,,,
Ауа — райы тым …
Өзен өте…
Балалар қатты ,,,
Үлкен есік  айқара …
Балалар қараңдаршы міне есік ашылды . Біз сендермен ханшайымды құтқардық . енді ертегілер елінің патшасы қатты қуанатын болды.
— Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
—  Біз сабақта бүгін не істедік ?
— Ертегілер елінің патшасы сендерге үлкен алғысын білдіріп, бізге сабақ үстінде көмексескен мейірімді көгершін сияқты кішкентай көгершіндерді сендерге де жіберіпті.  Сабақ аяқталды,  рахмет.

[bws_related_posts]

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *