Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы,
Ж.Шайжүнісов орта мектебі
Абсадыкова Салтанат Қанағатқызы
математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсты:
Білімділік: Квадрат теңдеулерді әртүрлі тәсілдерді қолданып шеше білу дағдыларын қалыптастырып, дамыта отырып өтілген материалдарды қайталау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау, көңіл бөлу, салыстыру және жалпылау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының танымдық белсенділігін дамыту, еңбек сүйгіштікке, өзара көмектесуге, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Құрал-жабдығы: интерактивті тақта, таратпа материалдар
Сабақтың түрі: қорытынды қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, деңгейлеп оқыту
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу, сабаққа назар аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
III. Анаграмманы шешу
1. с и д р к м н и а т н и (дискриминант)
2. е д ң у е т (теңдеу)
3. ф э к о ц и н е т и ф (коэффициент)
4. ү р б т і (түбір)
IV. Өткен материалдар бойынша сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру
1) ах2+вх+с теңдеуі ………… теңдеу деп аталады
2) ах2+вх+с теңдеуіндегі в …….. коэффициент, ал с ……….. коэффициент деп аталады.
3) Квадрат теңдеуді шешу үшін әуелі нені табу қажет?
4) Дискриминант табудағы қай формула дұрыс?
a) Д= в2+ 4вс
b) Д= а2- 4вс
c) Д= в2/ 4ас
d) Д= в2- 4ас
5) Д>0 болса, квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
6) Д=0 болса, квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
7) Д< 0 болса, квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
8) а= 1 болса, онда квадрат теңдеу қалай аталады?
9) Виет теоремасын айтып бер.
10) Толымсыз квадрат теңдеу деп қандай теңдеуді айтамыз?
Теңдеудің түрін анықта(ауызша)
Теңдеу Толымды Толымсыз Келтірілген Келтірілмеген
х2+5х-3=0
6х2+5=0
2х2-4х=0
5х-7х2+2=0
2х2=0
IV. Практикалық кезең:
№1
Қара қорап. Қорапта жатқан затты табу үшін 3 түрлі түсінік беріледі:
Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі бөлігі;
Оны теңдеуге қойғанда дұрыс теңдікке айналдырады;
Ол өсімдіктің негізгі құрылымы
Ол – түбір.Қандай өсімдіктің түбірі екенін білу үшін мына теңдеулерді шешу керек.
а) 2х2- 5х +3=0 ә) 5х2-8х+3=0 б) х2-2х-3=0 в) х2 +3х +2=0
(1;1,5) (0,6;1) (-1;3) (-2;-1)
Р О З А
№2
Х1 Х2 Х1+ Х2 Х1* Х2 Квадрат теңдеу
2 3
0,4 0,2
1 -3
-1/4 1/3
1/2 1/4
№3 (деңгейлік тапсырмалар)
Берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар
1) х1=5 х2=3 2) х1=√3 + 2 х2=√3 — 2
3) х1= (1+√5)/2
х2= (1- √5)/2
Сабақты бекіту:
1.Қайсысы толымсыз квадрат теңдеу
a) х2 -6х+8=0
b) 2х2+8х=0
c) 6х2=0
d) х2-5х+1=0
2. Квадрат теңдеудің коэффициенттерін атаңдар
7х2-2х+8=0
а) 2, -2, 8
b) 7, 2, 8
c) 7, -2, 8
3. х2-25=0 теңдеуінің түбірін табыңдар
a) 5 b) -5 c) 25 d) 5, -5
4.Берілген теңдеулердің арасынан келтірілген квадрат теңдеуді көрсет
а) 5х2-29=0 b)х3+х2-2х=0
с)-х2+2х-4,8=0 d) х2-0,7х-3/4=0
Үйге тапсырма: №241 №248 (жеке тапсырма)
Бағалау.
Сабақты қортындылау.