Басы » Бастауыш сыныптар » Ормандағы оқиға

Ормандағы оқиға

ormanҚарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№1 қазақ орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Марзия Саментовна

Сабақтың тақырыбы: Ормандағы оқиға

Мақсаты: Қайнекей Жармағанбетов жайлы қысқаша түсінік беру, ертегідегі негізгі идеяны ұғындыру.
Міндеттері:
1. Достық, бірлік қарым — қатынастарының құндылықтары жайлы әңгімелесу.
2. Ойын толық жеткізе білу шеберлігін дамыту.
3. Адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: сыни ойлау, топтық жұмыс, әңгімелесу және оқыту, бағалау.
Күтілетін нәтиже: Достық, бірлік қарым қатынастарының маңыздылығын ұғынады, әлеуметтенеді, өзін өзі реттейді.
Ресурс: маркер, постер, плакат, суреттер, оқулық.
                                                          Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ең жақын кім адамға?»
III. Жаңа сабақ: а) топқа бөлу
— Бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді (сыныпты суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлу). Топпен жұмыс ережесін қайталау. Топтың аты мен ұранын құрау, жазу
Ә) қызығушылықты ояту
— Қайың, қараағаш, тобылғы жайлы не білесіздер?
— Орман дегеніміз не?
— Ендеше қазір сіздер алдарыңыздағы плакаттың ортасын сызықпен бөліп, бір
жағына табиғаттағы осы ағаштарды суреттеп жазасыздар.
1 — топ: Қайың
2 — топ: Қараағаш
3 — топ: Тобылғы
Топ жұмысын тыңдау
Б) мағынаны тану.
1. «Болжау» стратегиясы. Оқулықпен жұмыс.
— Қазір сіздер «Ормандағы оқиға» мәтінін оқисздар. Бұл әңгімеде сіздерге таныс, осыған дейін қолданылған барлық сөздер кездеседі. Сіздер бұл ертегіні бірнеше үзіліспен оқисыздар. Яғни мен тоқтатқанға дейін оқисыздар. Содан кейін сол оқылған бөлік бойынша талқылау жүргіземіз. Сондықтан әр сөйлемді зер салып оқу керек. Сонымен бірінші бөлікті бастаймыз (бір оқушы оқиды, қалғандары қол жүгіртіп қарап отырады) Тоқтатамын, талқылау:
— Бұл бөліктен не түсіндіңіздер?
— Ертегі немен жалғасуы мүмкін?
— Тобылғының сөзі қайыңға қалай әсер етеді деп ойлайсыздар?
— Ал, енді екінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
— Бұл бөлікте не делінген?
— Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
— Енді не болады деп ойлайсыздар? Бұл ертегі немен аяқталуы мүмкін?
— Ал, енді үшінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
— Бұл бөлікте не делінген?
— Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
— Екі ағаштың бір бірімен ренжісуіне не себеп болды?
— Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?
— Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
— Әңгіменің қай жері сіздерге әсер етті?
— Қандай сөздер қиын болды?
— Осы ертегіден көкейімізге не түйдік?
2. Сөздік жұмыс: Қосақ — сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.
IV. Жаңа сабақ бекіту: топтық тапсырма
— Сабақтың басында сіздер плакатқа табиғаттағы осы ертегідегі қайың, қараағаш, тобылғыны суреттедіңіздер. Енді сіздер ертегіге сүйене отырып осы үш ағаштың кейпіндегі адамдарды қалай суреттейсіздер соны айтып берсеңіздер және әр топ осы ертегідегі өздеріңізге ұнаған ағаштың суретін көз алдарыңызға елестете отырып, әр ағашқа «Бес жолды» өлең шығарсаңыздар.
V. Сабақты қорытындылау:
— Бүгін қандай тақырып өттік?
— Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесіздер?
Рефлексия: — Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
VI. Үй тапсырмасын беру:
1 — топ: Оқиға желісін өзгертіп аяқта.
2 — топ: Ертегі бойынша сурет сал.
3 — топ: Осы ертегіге ұқсас ертегі жаз.
VII. Бағалау. Критерийлері:
1. Үй тапсырмасы
2. Топ жұмысына қатысу белсенділігі
3. Өз пікірін ашық айта алуы
4. Жұмыстың сапасы

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *