Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№1 қазақ орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Марзия Саментовна
Сабақтың тақырыбы: Тасбақаның шөбі
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, тасбақа туралы жалпы білімін кеңейтетін болады.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
1.Ойлауға үйрету, өз пікірін айтуға үйрету.
2.Өз байқаулары бойынша өзіндік ізденістерге жетелеу арқылы білім беру.
3.Әр түрлі стратегиялар арқылы ашық қарым-қатынасқа үйрету, бала бойындағы қабілеттерді ашу.
1.Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін шыңдау.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, 5 жолды өлең стратегиялары.
Міндеттер:
1.Мазмұнына байланысты: мәтінді толық талдай отырып, тасбақа туралы алған білімін өз өмірінде қолдана алатын болады.
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, мәтінді т.б. қосымша материалдарды зерттеп талқылап, тасбақа жайлы алған білімін өз бетімен ұйымдастырып, талдау жасай алатын болады.
3.Топпен жұмыс: кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды.
Көрнекіліктер: Автор потреті, тасбақаның суреті, қосымша мәтін (теңіз тасбақасы), ватман, кесте картасы.
Бағалау: Бақылау, салыстыру кестесі.
Барысы: Ұйымдастыру (жаңаша топқа бөлу).
Үй тапсырмасы: Үйге берген Т.Молдағалиевтің “Гүлдер” атты өлеңін мәнерлеп оқу, өзі қалаған гүлдің суретін салу, ол туралы әңгіме немесе өлең жазу. “Гүлтәж” жасаудан жарыс.
Жаңа сабақ: “Тасбақаның шөбі”.
І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы: Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз.
Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
V – білемін
+ — жаңа білім
— — білмедім, түсініксіз
? – таң қалдым, зерттеймін.
Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.
Топпен жұмыс: карточкалар таратылады.
Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т.б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жылды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.
1.Не? – Тасбақа.
2.Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
3.Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
4.Жусандағы тасбақа.
5.Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.
6.Шағын топтарда жазған өлеңдерін талдау, әр топтан ортаға бір оқушыға сөз беремін.
7.Жалпы қорытынды ойды тақтаға ватманға жазамын.
Сабақты қорыту: Тасбақа жайлы не білгендері туралы әр оқушыдан жеке сұрау.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: “Еркін жазу” стратегиясы бойынша әңгіме жазу тапсырылады.
- [bws_related_posts]