Бұқар Жырау ауданы
«Керней орта мектебі» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметжамиева Айгерім Акжановнаның
тізбектелген қысқа мерзімді жоспары
4-сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мен, (бен, пен), және шылаулары
Мақсаты: Мен, (бен, пен), және шылаулары туралы түсінік беру;
Міндеттері:
-шылаулардың сөйлем ішінде қандай қызымет атқаратынын түсіну;
— өздігінен білім алуға дағдылану;
-ойлауын, танымын жетілдіру;
Қолданылатын модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»«АКТ»,«Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Әдіс-тәсілдер: «Шаттық шенбер», «Сыртқы, ішкі шеңбер», «Мағынаны ашу»,«Блум кубигі»,«Балалар философиясы», «Сергіту сәті», «ой толғау», «Бағдаршам», «2 жұлдыз,1 тілек.», «Сөйлемдер банкісі», «Ауадағы сұрақтар», «Менің көңіл күйім»
Сабақ кезеңдері.
|
Жоспар мазмұны. | Мұғалімнің іс-әрекеті. |
Оқушының іс-әрекеті. |
Бағалау. | Ресурстар. |
Кіріспе
Ұйымдастыру 2 минут. |
«Шаттық шеңбер» биі
«Таныстыру » Мақсаты: тұлға аралық қарым-қатынас орнату. «Сыртқы,ішкі шеңбер» арқылы үй жұмысы сұралады.
Топқа бөлу. |
Сәлемдесу.
Аттарын айтып, атына байланысты сын есімдер айтқызу.
Оқушыларды топқа бөлу. Есімдік Зат есім Етістік
|
Сәлемдеседі, шеңбер бойына тұрып, өздерін таныстырады.
«Өрмекші торы» |
Ауызша мадақтау, қолпаштау.
Сенікі дұрыс! Жарайсын! Формативті: түрлі-түсті стакандар, смайликтер, стикерлер арқылы. |
Қазақ тілі оқулығы. Атамұра -2012
|
Тұсаукесер
7 минут. |
«Мағынаны ашу»
1.Мақсаты: Жаңа ақпаратпен танысу;
|
«Балалар философиясы» әдісі | мәтіндерді оқып, тақтаға шығып, шеңбер жасап, бір-біріне сұрақ қою арқылы шылаулар туралы айтады. | Басбармақ арқылы бағалау | жұмсақ ойыншық |
Негізгі бөлім.
6 мин |
«Блум кубигі»
Мақсаты: жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау;
|
Әр топқа кубик лақтыру арқылы тапсырмаларды орындайды. |
Не үшін?
(8-ЖАТТЫҒУ) шылауларды атап, не үшін қолданып тұрғандығын айт.
Түсіндір: Мақалдарды көшіріп жазып, мағынасын түсіндір. Атап бер: мәтінді көшіріп жазып, шылауларды атап бер. Бөліс: мәтінді көшіріп жазып шылаулар туралы ойыңды бөліс. Ойластыр: Шылаулар туралы сөйлемдер ойластырып жаз.
|
Жарайсын!
Түрлі-түсті стакандармен бағалау; |
Блум кубигі |
10 мин
Сергіту сәті
10
|
Сергіту сәті
«Бағдаршамдар» арқылы жұпқа бөліну. «Ой толғау» Мақсаты: Тақырыпты меңгеру бағытын анықтау;
«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі Мақсаты: Білімдерін нақтылау,
«1минуттық эссе» Мақсаты: ойға жүйрік тілге шешен, әрбір жазба түрін еркін жазу; |
Ине мен біз керісіп қалды. -Сен өткен жерден мен де өтемін! – деді. Шәкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын. Дүниенің тапшы кезінде мен велосипедке құмар болдым. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып отыр.
«Менің анам» «Менің әкем» «Көктем келді»
|
Шылауы бар сөйлемдерді екінші шеңберге жазу.
Әр топ өзіне шығарманы таңдайды. |
Бағдаршам арқылы бағалау. Өз ара жұпты бағалау Түрлі түсті стикермен бағалау;
стикер арқылы бағалау; смайлник арқылы бағалау; Мұғалімнің бағалайы; |
Бағдаршамдар Қима қағаздар
слайд №1 |
Қорытынды
5 мин |
«Ауадағы сұрақтар»
Мақсаты:Білімдерін пысықтау.
|
Шарларды ұшырып, сұрақтар қояды. | Шардағы сұрақтарға жауап береді. | «Екі жұлдыз, бір тілек»
Түрлі-түсті стакандармен бағалау;
|
Шарлар |
2 мин | Қосу, алу, қызықты.
(Кері байланыс) |
Слайд№2 |
[bws_related_posts]