Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№3 жалпы білім беру орта мектебі М.М.
Матова Улбулсин Утегеновна
Сабақтың тақырыбы:Көлдер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «көл» және олардың түрлері жайлы ұғымын қалыптастыру. Олардың экологиялық білімдерін жетілдіруіне ықпал жасау. Тәрбиелік мәні: Ата-бабаларымыз балаларға су туралы тоқтау сөз айтып тәрбиелегенін түсіндіру. Суды қадірлей білуге үйрету. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Оқушылардың өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін өзі дамытуға, өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру, өзіне қажетті білімді іздестіруге керекті қасиеттермен құралдандыру. Сабақтың құрал-жабдығы: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, глобус, атлас, суреттер, оқулықта берілген материалдар т.б. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын барлау, сабаққа қажетті құралдарды (бор, тряпка) барлау. II. Үйге берілген тапсырма: 1. Өзен бөліктері. 2. Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері. 3. Шоңғалдар мен сарқырамалар.4. Өзендердің суға молығуы. 5. Адамдардың шаруашылық қызметіндегі өзендердің маңызы.III.Үйге берілген тапсырманы пысықтау: 1. Өзеннің бөліктерін ата. 2. Өзен жүйесі деп нені айтады? 3. Өзен алабы деп нені айтады? 4. Суайрық деген не?5. Өзен суының молдығы деп нені айтады? 6. Қазақстан аумағында қандай ірі өзендер бар? 7. Өзендердің шаруашылық маңызы қандай? «Су – тірішілік көзі »;«Судың да сұрауы бар» деген ата-бабаларымыздан қалған нақыл сөздер бар. Суды ретсіз ысырап жасамай, үнемді, тиімді пайдалану қажет. Географияның екінші тілі «Атағанның бәрін көрсет, көрсеткеннің бәрін ата.» Өзеннің ағысы мен салаларын картадан қалай анықтаймыз? Бұл үшін горизоталь бағыттарды білу керек және картада белгіленген биіктік шкаласын оқып білу қажет. Ашық сары бояу———500м. Жасыл бояу———200м. биіктікті көрсетеді.IV. Жаңа тақырып жоспары: 1.Көлдер. 2.Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған? 3. Ағынды және ағынсыз көлдер. 4.Көлдің батпаққа айналуы. 5. Көлдердің шаруашылық маңызыV. Жаңа сабақ мазмұны: 1. Көлемі жағынан ауқымды, жер бетіндегі табиғи тұйық шұңқырларды көл деп атайды. Көлдің өзеннен айырмашылығы – ол бір бағытта ағып жатпайды, ал теңізден айырмашылығы – ол мұхитпен тікелей байланысы жоқтығында. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі.. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді. Табиғатта ауданы бірнеше шаршы метр ғана болатын өте шағын көлдерде кездеседі. Сонымен қатар «теңіз» деп аталатын көлдерде бар. (Қазақстан аумағында қандай көлдерді «теңіз» деп атайтынын сұраймын) Каспий теңізі неоген аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізінен бөлінеді. Аты XVI– ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Ауданы390 мың км2. Беті мұхит деңгейінен27м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері 435км ал енсіз жері 143кмКаспий теңізініңжағалау сызығының ұзындығы 7000 км. Оның суы бес мемлекет жағалауын шайып жатыр. Ең терең жері: Солтүстікте 26 м. Орталық бөлігі 788м. Оңтүстік бөлігі 1025м. Арал аумағының үлкендігі жөнінен екінші орын алады. Сырдария мен Амудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты Арал теңізі тартылып бара жатыр. Оның жағасы 100-200 км-ге дейін шегініп, босаған жерлерді тұз бен құм басуда. Қазіргі кезде теңіз екі су қоймаға, яғни Үлкен және Кіші Аралға бөлініп кеткен. Балқаш көлі Қазақстанда көлемі жөнінен үшінші орында. Батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің ащы. 2. Жер шарында терең көлдер тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған. Мұндай көлдерді тектоникалық көлдер деп атайды. Мысалы: Сібірдегі Байкал,Тянь-Шандағы Ыстықкөл, Алтайдағы Зайсан жатады. Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де, көлдер пайда болады. Мысалы: Памирдегі Сарез, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлдері. Мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады. Каспий, Арал көлдері осындай қалдық көлдер. Кейбір көлдер сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болады. Оларды жанартаулық көлдер деп атайды. Мұндай көлдерЯва аралында, Куриль аралында, Камчатка түбегінде бар. Жазық жердегі өзендер өз бағытын өзгертетін болса, олардың ескі иірімдері шағын көлге айналады. Бұлар ескі арна көлдері немесе қарасулар. 3. Көл суының көптеген қасиеттері, әсіресе тұздылығы оның ағынды немесе ағынсыз болуына байланысты. Ағынды көлден өзен ағып шығады. Ондай көлге тұз жиналмайды, өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Ешбір өзен ағып шықпайтын өзендер де бар. Оларды ағынсыз көлдер деп атайды. Су ағып шықпайтындықтан, оларда біртіндеп тұз жинақтала береді. Мұндай көлдерге құятын өзендер жерден шайынды қалпында әр түрлі тұздарды алып келіп отырады. Көлдегі судың біразы буланып кетеді, ал қалған судағы тұздың мөлшері бірте-бірте арта түседі де көл тұзды көлге айналады. Құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетеді де түбінде тек тұз қалады, осындай көлдерді шөкпе немесе тұнба көл деп атайды. 4. Жаңбыр және қар суы жер бетін шайып, көлге әр түрлі заттарды ағызып алып келеді. Сол сияқты көлдің түбіне өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары шөгеді. Көл бірте – бірте тайыздайды да, оны ылғал сүйетін өсімдіктер басып кетеді. Көлдің тайыздаған жеріне қамыс, құрақ, қияқ, мүктер қаулап өседі. Шіріген өсімдік қалдықтары көлдің түбіне жиылып, соның салдарынан көл тайыздай бастайды. Нәтижесінде көлдің орны болады. 5.Көлдердің шаруашылықта маңызы үлкен. Олардың бірінші байлығы – тұщы су. Көл суын адам ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды. Көлдер кеме қатнасы үшін пайдаланылады. Мысалы: Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады. Сол сияқты Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер (Жоғарғы көл, Мичиган, Герон, Эри, Онтарио.) АҚШ пен Канаданың арасында су жолы қызметін атқарады. Ресейдегі Онега мен Ладога көлдерінде де кеме қатынасы үзілмейді. Көлдер әр түрлі жануарлар мен өсімдіктерге бай. Олардың кәсіптік маңызы бар балықтардың түр-түрі ауланады. Тұнба көлдерден тұз өндіріледі. Қазақстанның кіші-гірім көлдерінен әр түрлі тұздардың орасан зор қоры табылды, оның химия өнеркәсібін өркендету үшін зор маңызы бар. Сонымен қатар көлдер өзен ағыстарын реттеп отырады, мәселен олар қуаңшылық кезде өзенді сумен өамтамасыз етсе, су тасуы кезінде артығын өз шарасында жинайды. VI. Жаңа тақырыпты пысықтау: 1. Көл деп нені айтады? 2. Көлдің теңізден айырмашылығы неде? 3. Ағынды және ағынсыз көлдердің айырмашылығы неде? VII. Қорытынды: Қазақстандағы көлдер де өзендер сияқты көп-ақ, бес мыңдай. Солардың ішінде ең үлкендері– Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз көлдері. Бұл көлдердің көбісінен өзен ағып шықпайды, сондықтан тұзды, кермек немесе Балқаш тәрізді жартылай тұщы келеді. Ал Зайсан мен Марқакөл көлдеріндегі судың мөлдірлігі сондай, қанша ішсең де құмарың қанбайды. VIII. Үйге тапсырма: Оқулықта берілген материалмен оқып танысу, мазмұнын сөйлеп беру, атыаталған көлдерді кескін картадан белгілеу.
[bws_related_posts]