Басы » Tәрбие сағаттары » Береке бастауы-тынымсыз еңбек

Береке бастауы-тынымсыз еңбек

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі
Қаза тілі мен әдебиеті арнайы пәндер оқытушысы
Қадыр Толқын Сұлтанқызы

Тақырыбы : Береке бастауы-тынымсыз еңбек

Мақсаты: Білімділік:  мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, қанатты сөздер.

Барысы.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған  кешімізге қош келдіңіздер!

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.  Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.

Қонақтар :

 Алғашқы сұрағымыз:

Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.

(Қонақтар пікірлерін айтады)
Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ –бұл талап-тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

Ал сіздер мамандық таңдауда қандай критерийлерді басшылыққа алған жөн деп есептейсіздер?
Келесі сұрақ:
Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?

Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.

  1. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

  2. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

  3. Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

  4. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?

  5. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды   қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист  т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

 Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.Әннің сәні болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай айтқандай, кезекті әнге берейік.

Кешіміздің басында мамандықтың 50 мыңға жуық түрі бар деген болатынмын. Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
—          Ең жасыл мамандық
—          Ең тәтті мамандық
—          Нағыз ақшалы мамандық
—          Нағыз бала мамандығы
—          Ең күлкілі мамандық
—          Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық
—          Ең ауыр мамандық

Қорытынды :

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Қош сау болыңыздар!

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *