Басы » Бастауыш сыныптар » Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар мен үй жануарларымен таныстыру

Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар мен үй жануарларымен таныстыру

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» пәндерінің оқытушылары
Жумырова Г.О., Тасбулатова М. А.
Сабақтың тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар мен үй  жануарларымен таныстыру».
Сабақтың түрі және типі:аралас
Сабақтың көрнекілігі: тірек- кестелер, суреттер,слайд.
Сабақтың мақсаты:
 Білімдік міндет  Студенттерге  мектеп жасына дейінгі балаларға жабайы аңдар мен үй  жануарларын таныстыру түрлерімен, әдістерін  үйрету.
Дамытушылық міндетСөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылықпен айналысуға ықпал жасау.
Тәрбиелік міндет Зейінділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
 Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (студенттерді  4гүлдер түсіне қарай 4 топқа бөлінеді)
Балалар  бүгін біз өткен сабақты қайталап, жаңа сабақтың мазмұнын ашып, топпен жұмыс жасаймыз.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын 9 тор көзден тұратын кесте арқылы қорытындылау. Әр тор көзде өткен тақырыптар бойынша сұрақтар бар. Әр топ 1 тор көзді тандайдыда, сұраққа жауап береді.  (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан).

 

 

2

3

 

4

6

 

8

9

Сұрақтар:

  1. Қай ағаштың жапырағы?
  2. Газон  дегеніміз не?
  3. Гүлзарларда өсетін  гүлдерді ата.
  4. Балабақша жер учаскосының маңызы.
  5. Ағашты ата.
  6. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді  ата.
  7. Қандай гүл?
  8. Табиғат бұрышындағы жануарларды  ата.
  9. Балабақшадағы   учаскені  көгалдандыру

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқытушы: Тірі табиғатқа өсімдіктерден басқа тағы жануарлар әлемі жатады. Бүгін сіздермен жануарлар туралы бар білімдеріңізді бекітіп, мектеп жасына дейінгі балаларға жануарларды  таныстыру түрлерімен, әдістерімен танысамыз.

Студент: Жануарлар нешеге бөлінеді?

1 Слайд. Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар мен  үй  жануарларымен таныстыру.

Ой толғаныс. (әр топқа 1-1суреттен  беріледі, студенттер  бейнеленген жануарлар туралы  өз білімдерін жазады )

2 Слайд. Жабайы аңдар мен  үй  жануарлары туралы негізгі мағлұматтар.

Жануарларға өмір сүру үшін не керек?

азық        жарық

                                           су         ауа жылу

3 Слайд. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жабайы аңдар мен  үй  жануарларымен таныстыру.

Сәбилер тобы. 1 жасқа толғанға дейін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті әр баламен жеке өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі —  жануардың өзін көрсету. Объектіні көрсеткен кезде  атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объетіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда  «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады. 2 жасқа қарағанда  балаларға жануарлар туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға болады. /сыртқы көрінісі, жүрісі, дауысы/.1,5 жасқа дейін балалар жануарларды түріне қарай және суреттерден танып білуге талап етеді.  Ал, 1,5 жастан бастап ойыншық бойынша  жануарлардың мүшелерін: аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсету тиіс.  Сабақты  жеке-жеке және 4-6 баладан шағын топ жасап өткізеді.

 Мысалы: «Мысықпен таныстыру»

Объектіні көрсеткен кезде  атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объектіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда  «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады.

 Ортаңғы топ. Ортаңғы топтада жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «Тауықтар», «Ит  және күшіктер» және т.б.

  Мысал: «Тауықтарға бақылау»

 

«Қандай тауық?»

 «Балапандар  қандай?»

 «Тауық балапандарын қалай шақырады?»

 «Балапандар қалай шиқылдайды?»

Әңгіме барысында  жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар қолдануға болады.

 

 

Ересектер тобы.  Ересек топтың балалаларына өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек – олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю – олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып,  дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек. Зообаққа экскурсия жасауға болады, картиналармен әңгіме, бақылау және т.б.

 

  1. V.               Жаңа тақырыпты  меңгеру кезеңінде берілетін  тапсырмалар

4 топқа тапсырмалар беріледі

1 тапсырма Ортаңғы топтарға сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру

2 тапсырма Екінші кіші топтарға сурет бойынша сұрақтар құрастыру

3 тапсырма Жабайы аңдар мен  үй  жануарларының айырмашылығы. Балаларға түсіндіру жолы.

4 тапсырма Ойын құрастыру

VI.           Бағалау

  1. VII.       Үйге тапсырма  
  • 2-кіші топтарға  «Итті бақылаудың» жоспарын құру.
  • Ортаңғы топтарға «Жайлауда» тақырыбында  технологиялық карта құрастыру.
  • Ересек топтарға «Аңдар» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу құрыңдар.
  • Балаларға үй және дала жануарлары туралы білімдерін бекітуде ойын ойластырыңдар.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *