«Заманауи технологиялар білім сапасының құралы»
(педагогикалық кеңес)
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру
колледжінің оқытушылары
Жумырова Г.О., Тасбулатова М. А.
Мақсаты: Заманауи технологиялардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қазіргі заманғы педагогтардың педагогикалық біліктіліктерінің көрсеткіші ретінде түсіндіру.
Міндетері:
- әлеуметтік – педагогикалық түсініктер ретіндегі «біліктілік тәсілі» және «біліктілік» ұғымдарын теориялық білім ретінде жүйелеу: мәні және түсініктің мазмұны;
- заманауи технологияларды пайдалануда балалар білімінің сапасына әсері мен мән-мәтіндік біліктілігі ретіндегі ықпалын талдау және анықтау;
- қосымша білім беру мекемелерінде біліктілікті ықпалдауды жобалау әдістері жөнінде жұмыс тәжірибелерімен алмасу.
Жабдықтар:
— компьютер, медиа — проектор, медиа – экран, музыкалық центр
— презентация «заманауи технологиялар білім сапасын басқару құралы ретінде»;
— «Себеп-салдар» ойынына арналған карточкалар;
— «Басты біліктілікті қалыптастыру талаптары» ескертпе ;
— визитка, доп, қаламдар, таза парақшалар, фломастерлер
Педагогикалық кеңесті өткізу жоспары
І. 1.Сәлемдесу. Педкеңестің мақсаттары мен міндеттері және жоспары туралы хабарлама.
2. «Таныстыру» жаттығуы
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Теориялық бөлім
ІV. Практикалық бөлім
1. Іскерлік ойын
2. «Мәселе алақанда» ойыны
3. «Себеп-салдар» ойыны
V. Рефлексия
VI. Педкеңестің қорытындысы
І. 1.Сәлемдесу. Педкеңестің мақсаттары мен міндеттері және жоспары туралы хабарлау.
2. «Таныстыру» жаттығуы
Әрбір қатысушы ерікті түрде өзінің аты жазылған карточкалық визитка әзірлейді. Есімі түсінікті әрі едәуір үлкен формада жазылуы керек. Визитка оны оқи алатындай жерге қыстырылуы керек.
Қатысушылар өз визиткаларын жасап,өздерін бір- біріне тансытыруға және жұп құрып, сол жұптарына әрқайсысы өздері жайлы айтуға 3-4 минут беріледі.
Таныстырудың негізгі міндеті – жұбының өзіндік ерекшеліктерін басқалар тез әрі нақты ұғынатындай етіп даралап көрсету. Сосын қатысушылар үлкен шеңберде бірлесіп, кезекпен бір- бірінің жұптарын таныстыра бастайды, таныстыру : «…үшін, ең маңыздысы…» деген сөздерден басталуы керек.
ІІ. Кіріспе
- Педкеңестің эпиграфы
Ұстаз бен оқушы бірге жетіледі:
білім беру – жартылай оқумен тең
Ли Цзи
ІІІ. Теориялық бөлім
Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Біздің қоғамымыз белгілі ғылым және білім саласында талантты мамандарға және еліміздің жаңа белестерге көтерілуіне білімді азаматтар қажет екенін жақсы түсінеміз. Сол білімді азаматтарды тәрбиелеу — педагог мамандардың бірден–бір міндеті. Олармен жұмыста белгілі нәтижеге қол жеткізу-бүгінгі күннің алдындағы маңызды да өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан студенттерге жоғары деңгейлі білім беруде педагог:
-ұйымдастырушылық;
-ақпараттық-коммуникативтік;
-педагогикалық-психологиялық;
-оқу үрдісін жаңаша жоспарлай білу сынды шеберлік критерийлерін ескеруі қажет.
Жаңарту бағдарламасы білім беру процессінің барлық жақтарын және білім беру мазмұнын қозғайды. Оның міндеті жаңа бағытқа – әлеуметтік – экономикалық шарттардың тез ауысуына, Отандық білім беру жүйесі дәстүрлі түрде білімді оқудың нысанасы ретінде бағдарланады.
«Білуші түлек» әлеументтік талаптарына сай болудан қалып барады. Сондықтан, бағалы бағдары бар «Шығармашыл түлекке» деген сұраныстар пайда болды. Бұл мәселенің шешімі білім берудің біліктілік ықпалы болды.
«Құзырет» және «Құзыреттілік» сөздерінің синонимдік мағынасын қарастырамыз.
«Құзырет» – практикалық тәжірибенің, ұсталықтың және білімнің негізінде ойдағыдай әрекет ете білу
«Құзыреттілік» – тұлғаның білім мен тәжірибеге сүйене отырып, жалпы қабілеттілігі мен жігерлілікке даяр болуы, интегралдық сапасы.
ТӘЖІРИБЕ
Білімге негізделген жігерлілік
Білім, икемділік, дағды
Білім алушы жігерліліктің нәтижесінде құзыретті, егер ол оқығанын тәжірибе барысында көрсете білсе, яғни біліктілікті шынайы өмірде белгілі бір жағдаяттарда қолдана алса.
Білім алушының біліктілігін дамыту үшін заманауи педагог қандай әдістер мен технологияларды меңгеруі қажет? Кәсіптік дамуы мен қалыптасуы үшін педагог өзі қандай кәсіби педагогикалық біліктіліктерді білуі тиіс? Қандай шарттар арқылы қайраттылық кәсіби біліктіліктің келесі сатысына өтеді?
IV. Практикалық бөлім
- 1. Іскерлік ойын
Қатысушылар «білім алушылар», «педагогтар», «сарапшылар» деп үш топқа бөлінеді.
Бірінші сұрақ талқыға салу үшін : оқушыға білім алу қашан қызықсыз? Оқытушыға білім беру қашан қызықсыз?
5 минут ішінде қатысушылар «сарапшыларға» себептердің тізбегін ақпаратты анықтама ретінде аудиторияға таныстыруға дайындайды.
Жауаптардың ішінен сарапшылар берілген аудиторияға ең маңызды деген 2-3 жауапты таңдап алып хабарлайды.
Келесі мәселелер таңдалып алынды делік:
- Педагогтың заманауи білім беру технологиясын меңгеруде пәндік біліктілік қалыптастырушылығының жетіспеуі
- Белгілі бір практикалық бағдарсыз оқушылар әр саладағы мәселелерді өз бетінше шеше алмайды және оларға әрқашан бағыт бағдар беріп отыру қажет
- Оқу ұйымдарының жаппай бір жағынан «пассивті» әдіс арқылы оқыту мен екінші жағынан әрекетшілдік сипатта білім беруді қамтамасыздандыру қарама- қарсы келеді
Екінші сұрақ: Білім беру жүйесінде заманауи білім беру технологияларын қолданса, педагогқа білім беру, ал оқушыға білім алу қызықты болады ма?
5 минут ішінде қатысушылар осы технологияның тиімділігін дәлелдейтін, кем дегенде 3 жауап әзірлейді.
Жауаптардың ішінен сарапшылар берілген аудиторияға ең маңызды деген 2-3 жауапты таңдап алып хабарлайды.
Келесі мәселелер таңдалып алынды делік:
— тұлғалық-бағдарлық технология – бастапқы субъектілі білім алу, тұлғалық жетілу диагностикасы, айналадағы проблемаларға оқу міндеттерінің қосылуы, тұлғаның шынайы, әлеумет- мәдениеттік және білім алу кеңістігінде дамуы;
— денсаулық сақтау технологиясы – ерекше өзгешеліктерінің алғашқысы денсаулық, яғни, денсаулықты күту білім алудың міндетті шарты;
— ақпараттық технологиялар – білім алу жүйесін саралау және даралау, білім алушылардың білімділік белсенділігі мен дербестігін ынталандыру;
— ойындық технологиялар – білім алу кезіндегі эмоционалдық күшейтулерді басқаруды қамтамасыз етеді, білімділік, еңбектік, көркемдік, спорттық қызметте шеберлікке ие болу. Ойын барысында балалар байқаусызда ертеде меңгеруге қиын болған білімдерді меңгеріп алады;
— проблемалық – дамытушылық білім беру технологиясы оқушылардың шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді, сыни ойлау және жай эмоциялар қалыптастыру.
— жобалық технология, білім алушы оқу жобасының барысында нақты жағдаяттарды басынан өткізіп, айқын процесстрге объектілерге жетеді. Жобалық технологияның негізі – білім алушылардың білімдік дағдыны қалыптастыру, өз білімін өздігінен құрастыра білу, сыни ойлауды дамыту, ақпараттық кеңістікте бағдар ала білуге үйрену.
Педагогтардың арасында педагогикалық өнерді өте жекеше деп ұғынып кеткен, сондықтан оны қолдан қолға беру мүмкін емес. Бірақ, технология мен өнердің қатысы бар екенін айта отырып, педагогикалық технологияны меңгеруге болады, бірақ ол үшін алдымен педагогта жеке жанамалық педагогтық параметрлері болуы қажет.
- 2. Жаттықтыру
Орталықтың педагогтары өзінің қызметінде заманауи технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін, сабақтар мен жиындардың жаңа формаларын қолданады.
Ең табысты ойын технологиясын Н.Е.Щуркова қолданған болатын. Біз бұл бағытта нақты тәжірибелер мен нәтижелерді білеміз.
«Мәселе алақанда» ойыны
Ойын барысы:
Әр ойыншыға маңызы бар мәселеге, егер осы мәселе алақанында тұрса қалай қарар едіңіз деген нұсқау беріледі.
Жүргізуші алақанына теннис добын алып, ойын қатысушыларына былай дейді: «Мен бұл допқа қарап тұрмын. Ол домалақ, әрі үлкен емес, біздің Жер шары сияқты. Жер – ол менің барлық өмірімнің үйі. Егер өмірімді бастан аяқ билеп төстей алсам, мен не істер едім?» (музыкалық сүйемелдеу: жер жүзі әуені)
Қатысушылар кезектесіп қолдарына заттарды ұстап, берілген проблемма бойынша өз ойларымен бөлісе бастайды.
Ойын соңында: егер екі ережені ұстанса, ойын сәтті өтеді
Біріншіден, нақты проблемаға қатысты заттың болуы. Ол майшам, гүл, жаңғақ… – қандай болмасын заттар ала беруге болады, бастысы эстетикалық талапқа сай келсе болды. Педагогтың кәсіпқойлығы затты таңдап алуында емес, оны балаға ұсынуында. Ұсыну дегеніміз – оны зат ретінде емес, әлеумет-мәдениеттік мағынасында. Майшам – от, жарық, адамның ойы, ес. Гүл – оттегін шығаратын өсімдік емес, дүниенің әдемілігі.
Екіншіден, бұл ойында «дұрыс», «дұрыс емес» жауап жоқ. Бастысы-ойдың дамуы. Біздің проблема біздің ішімізде ғана болмауы керек, егер өмірді адамдар әлемінде деп түсінсек. .
«Себеп — салдар» ойыныАдамға жануарға қарағанда алдында болатын жағдаяттарды білу үшін логика берілген, жағдайды, сөзді, әрекеттерді талдай алады. Салдарды болжау үшін біздің тәжірибе көмектеседі.
Ойын барысы:
- Қатысушы болған жағдайды хабарлайды
(іс әрекет карточкада жазылған: «мен жақсы адамға гүл табыстадым», «мен қызметтес жолдасыма дөрекі келеке қылдым», «мен шамадан тыс өтірік айтып, әсерелеп, өсектеп, мақтанғанды жақсы көремін», «мен темекі шеге бастадым», «біреудің әмианын тауып алып, өзіме қалдырдым», «мен көп оқимын», «таңертең жаттығу жасауды бастадым», «мен әдемі емес адамға, әдемі емессің дедім», «жұмысқа неге келгенімді ұмытып қаламын», «әрқашан бастаған ісімді аяқтаймын»).
- Қатысушыда : Болған іске «Мен салдардың біріншісімін, мен саған ……. деймін»
1 ші хабарлайды, қатысушының істегенінен ісіне «қазір….. болады»;
2ші ескертеді, субъект «бір аптадан соң» күтіледі;
3ші сурет салады «бір айдан кейін»
4ші болжау жасау «кемелденген жылдарға»
5ші қатысушы өмірінің соңында келетін қорытындыны баяндайды.
- Осы салдарды тыңдай отырып қатысушы бұл істі істеу немесе істемеу жайлы шешім қабылдайды.
Қатысушыға берілген іс әрекет карточкада жазылып тұрғандықтан ол егер орындамаса ол карточканы жыртып тастайды, ал орындаса өзіне «иеленеген» қылық ретінде қалдырып қояды.
Ойын соңында педкеңес қатысушыларына сұрақ: ойын кезінде не ойладыңыз?
V. Рефлексия
1. Антуана де Сент Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегісінде бір планетаның ханы не айтқанын есімізге түсірейікші: «Мен егер генералыма теңіз шағаласына айнал деп бұйырып, егер ол орындамаса, ол оның кінәсы емес,менің кінәм». Бұл сөздер біз үшін нені білдіреді? (педагогтардың жауабы).
Бұл сөздердің астарында оқытудың маңызды бөліктері бекітілген: өзіңізге және өзіңіз оқытып жатқандардың алдына нақты мақсат қоя біліңіз. Қандай болмасын педагогикалық жаңалық сауатты пайдаланылуы керек және әрбір педагог «Бастысы- зиян келтірмеу» деген принципті ұстануы тиіс
2.Педагогикалық кеңеске қатысушыларына сұрақ:
— Біліктіліктің дамуының немесе қалыптасуының талаптары не?
Сонымен, білімділік қалыптасады, егер:
- Оқыту қызметтік сипатта болағанда;
- білім алушыға өзінің іскерлігіне жауапкершілікті және өзіндік өсу туралы білім беру кезінде бағдар беруде (ол үшін өздік жұмыстарды,творчестволық, ізденушілік, эксперементтік жұмыстар беру керек);
- мақсатқа жету және тәжірибе алу шарты туындайды;
- педагогтың оқушыларын оқыту нәтижесінде дербестік және жауапкершілік сезімін қалыптастыруда заманауи технологиялар қалыптасады (рефераттық жұмыс, рефлексия, зерттеушілік, өзекті іздеңістер, оқуды дамыту);
- білім берудің практикалық бағытын нығайту жүреді (іскерлік, имитациялық ойындар арқылы, творчестволық кездеслер мен дискуссияларда және дөңгелек үстелдерде);
- Педагог оқушылардың іскерлігін және білім алуын епті басқарады. Дистервег айтқан: «Жаман ұстаз шындықты ұсынады, жақсы ұстаз оны іздеп табады», ал үшін өзі де педагогикалық біліктілікті меңгеруі қажет.
VI. Қорытынды
- Коллективтің білікті оқытуды меңгеруі үшін әр түрлі формалар табуға тырысамыз. Және бізге осы беріліп отырған бағыт көмектесе алады: өзің байқап көр – оқушыға ұсын – әріптестерінізбен бөліс – пікірлестеріңді тап – күштеріңді біріктіріңдер. Тек бірге болғанда ғана табысқа қол жеткізуге болады емес пе.
- 2. «Шеңберлі шапалақ» ойыны
Мақсаты: зейін мен шаршауды басу, барлық қатысушыларға алғыс айту.
Барлық қатысушылар шеңберде отырады. Жүргізуші қол шапалақтайды және бір қатысушыға қарайды,сосын екеуі бірге шапалақтайды. Жүргізуші қараған қатысушы басқаға қарайды, ол да бірге шапалақтайды. Осылайша барлық қатысушлар қол шапалақтайды.
[bws_related_posts]