Меңдәлі Гүлшат Сисақызы
«Бақытты отбасы»
Мақсаты:Ата-аналар мен сайысқа қатыстыра отырыпбаланың ата-ана өміріндегі маңызын,ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету.Халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Тәрбиеші: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Отбасы-бір түбірден тараған.Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді.Бала бақыт,бала қуаныш,өмірді жалғастырушы,демеуші ата-ана тәрбиелеуші.
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін,жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы –бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған «Бақытты отбасы» атты сайыс өткелі отыр.Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасылармызды ортаға шақырайық.
1 Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Бақтыгуловтар отбасы ортамызда.
2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғыпқарсы алайық енді оны
Таулиндер отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткенотбасы бұл
3 Жігітке ақыл,білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Дабысқаливтер отбасы таласады.
4 Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға .
Жұлдыздай болып жарқырап
Шығамыз біз топ жарып —————— отбасы.
Алдымен сайыс кезеңдерімен таңыстыру.
1Сұрасаң менің тегім. Таныстыру.
2 Өнер сайысы. Бала көрсетеді.
3Мақал-мәтел сайысы және мақалдың мәнің ашу.
4Дәстүріңді сақтай біл. ( Бір отбасына лайықты, балаға қатысты салт-дәстүрді көрніс етіп көрсету)
5Жағыдаяттар
6 Отбасылық жұмыс.
Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп әділ қазыларды таныстырып өту.
1
2
3
1Бөлім
Бәйге жарыс деген соң жарысайық
Мәреде бәрімізге табысайық
Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін
Алдымен әулеттермен танысайық
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет
Өлең айтып би билеп жасап жатқан текемет
Өнеріңді көрсетші әулеттерім кәнекей
Сөз берейік әулеттерге жекелеп,-деп сұрасаң менің тегім бөлімін бастаймыз.
2Бөлім
2 Кедеймін деп қысылма
Өнерлі болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында- демекші балалар арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.
3Бөлім
3 Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал-мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық,- деп кезекті отбасылармыздың мақал –мәтел айту,яғни оны жалғастыру,мақалдың мәнін ашу сайысына кезек берейік.
1 Ұяшық:
1Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)
2 Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса,кісіден сұра)
3 Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4 «Ана – балаға жастық,әке көрпе» Мақалдың мәнін ашу.
2 Ұяшық:
1Оқу –білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
2 Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
3Қарағайға қарап тал өсер(Қатарына қарап бала өсер)
4 «Тұлпар тайдан өседі» Мақалдың мәнін ашу
3 Ұяшық
1Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
2Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
3 Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
4 «Бала обасының айнасы» Мақалдың мәнін аш
4Ұяшық
14 Ұяшық
1Ағасы бардың жағасы бар, (Інісі бардың тынысы бар)
2 Ағаның үиі (ақ- жайлау)
3Білім басы –бейнет, ( соңы-зейнет)
4 Қартың болса,жазып қойған хатпен тең. Мақалдың мәнін ашу.
5 Ұяшық
1Қызым, саған айтам, (Келнім ,сен тыңда)
2Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
3Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
4 Өз балаңды өскенше бағасың,
4Бөлім
Ата-ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін-деп сайысымыздың төртіңші бөлімі. Дәстүріңді сақтай біл. Көрініс
5Бөлімі
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұрақ жауап табайық!- сайысымыздың бесінші бөлімі бойынша жағыдаяттар сұраққа жауап беру.
1.Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр,осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяныз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2 Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз.Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3 Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4Сіз тәрбиешісіз.Сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар. Ол бала өте тынышсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссыңыз ата-анасы ренжиді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз, сіз қандай шара қолданасыз?
6 Білім
Үй тапсырмасы. «Отбасылық жұмыс» Әділқазыларға тапсыру.
Сұрақтар.
1 Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарың нені жатқызар едіңі?
2Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт- жораның түрі қандай?
3Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?
4
Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.
Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.