Басы » Информатика » Терезелер

Терезелер

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Индира Тасбулатова Булатбековна
5 сыныбы бойынша
Сабақтың  тақырыбы:  Терезелер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Windows ОЖ-ның негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру
Дамытушылығы:  Windows ОЖ-нің құрылымының басқару элементтерін, құрылымдық элементтердің қызметін,  білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, еңбекке тәрбиелеу
 
Сабақтың  түрі: аралас  сабақ
Сабақтың  көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар
Сабақтың  барысы:
          1) ұйымдастыру
2) сабақ  сұрау
3) жаңа  сабақ
4) Тапсырма орындау
5) бекіту
6) үйге  тапсырма
7) қорытынды
Үйге  тапсырмасы:
§9 бойынша тест тапсырмалары.
Жаңа сабақ
Windows операциялық жүйесінің негізгі нысаны болып табылатын – терезе. Терезелерде қосымшалар, хабарламалар және т.б. ашылады.
Терезенің құрылымы
Қандай да бір батырманың қызметін білу үшін, оған тышқанды жақындатсаңдар жеткілікті. Мұндайда батырманың аты немесе оның қызметінің сипаттамасы шығады.
Артқа (1) және Алға (2) батырмалары бұрынырақ ашылған бумаға, веб-бетке немесе басқа нысанға тез ауысуға мүмкіндік береді. Егер меңзерді Алға немесе Артқа батырмасына жақынжатсаңдар, онда осы батырманы басқанда ашылатын буманың аты көрсетілген қалқып шығатын сілтемені көруге болады. Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары (3, 4, 5) орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.
Жиыру (Свернуть) батырмасы (3) – терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады. Терезені қайта ашып көру үшін тышқанның сілтемесін осы белгішеге жақындатсаңдар жеткілікті. Әдетте терезені, егер ол басқа терезенің мазмұнын көруге кедергі жасағанда жиырып қояды.
Жаю (Развернуть) батырмасы (4) – терезенің өлшемін өзгертеді. Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше, оның мөлшерін кішірейтуге болады.
Жабу (Закрыть) батырмасы (5) – программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін (мысалы, мәтін немесе сурет бейнеленген) жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек. Әдетте, программаның өзі терезенің мазмұнын сақтау керек екенін ескертеді.
Терезені Alt+F4 пернелерінің тіркесімдері көмегімен (оларды бірге басу арқылы) де жабуға болады.
Терезенің ең төменгі жолы жай – күй жолы деп аталады. Онда осы сәтте терезеде не таңдалғаны жөнінде қосымша ақпарат жазылады.
Айналдыру жолақтары вертикаль және горизонталь болуы мүмкін. Егер ақпарат терезеге толық сиып тұрса, онда айналдыру жолақтары болмайды. Терезелердің өлшемін өзгерте отырып айналдыру жолақтарының бар болуына немесе жойылуына қол жеткізуге болады.
Бума терезесінің Жұмыс аймағы 2 бөлікке бөлінген. Оң жағы буманың мазмұнын көрсетеді. Сол жақ бөлігінде компьютер мазмұнының құрылымы көрсетілген.
Суретте қызыл түспен қоршалған кішкене үшбұрыштарға көңіл аударыңдар.
Боялған үшбұрыш буманың (локалды С дискі) ашық екенін білдіреді. Боялмаған үшбұрыш SRecycle.Bin бумасының жабық екенін меңзеп тұр. Егер осы үшбұрыштарды шертіп көрсек, онда бумалардың оңай ашылып, оңай жабылатынына көз жеткізуге болады.

Терезелермен жұмыс істеу
Терезенің өлшемін тек терезелерді басқару батырмаларымен ғана өзгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге () айналғанда, терезенің бір немесе екі бүйірін жылжытыңдар.
Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

Түйін
Терезе – экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы.
Тақырып жолының оң жағында терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болатын терезені басқару батырмалары орналасқан.
Терезенің түрлері: бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелер.
Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

Компьютермен жұмыс
А деңгейі
1. Компьютер нысанының терезесін ашыңдар.
2. Терезенің мөлшерін айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер. Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы (өз қалауларыңмен) мөлшерін таңдаңдар.
3. Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.
4. Әртүрлі белгішелерді таңдаңдар.
5. Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгертіңдер.
6. Анықтама терезесін шақырыңдар.
7. Есептер тақтасын пайдаланып, ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.
8. Пернетақтаны пайдаланып, терезелерді жабыңдар.

В деңгейі
1. Компьютер терезесін ашыңдар.
2. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.
3. Дөңгелектің суретін салыңдар.
4. Екі терезенің екуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
5. Екі терезені де жиырыңдар.
6. Терезелердің біріншісінен екіншісіне пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.
7. Компьютер терезесінде белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер.
8. Графикалық редакторды жабыңдар.
9. Жұмыстарыңды сақтаңдар.

С деңгейі
1. Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастырыңдар.
2. Print Screen пернесімен компьютер эканының фотографиясын жасаңдар.
3. Графикалық редакторды ашыңдар.
4. Кірістіру бұйрығын таңдаңдар. иГрафикалық редакторда экранның бейнесін алыңдар.
5. Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.
6. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп, оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Терезе деген не?
2. Терезелердің түрлерін атаңдар. Әртүрлі терезелердің мысалын келтіріңдер.
3. Ашық терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
4. Терезенің мөлшерін қалай өзгертуге болады? Терезенің мөлшерін не үшін өзгертеміз?
5. Терезені басқару батырмаларының қызметін сипаттаңдар.
6. Терезе айналдыру жолақтапрынсыз болуы мүмкін бе?
7. Айналдыру жолақтары неге екеу?
8. Айналдыру жолақтарын қалай қолданамыз?
9. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?
10. Жұмыс үстелінің қандай тақырыптары мен бетперделерін білесіңдер?
11. Диск пен файлдың қасиеттерін қалай зерттеуге болады?

Өзіңді тексер!
1. Windows-те қандай терезелер жоқ?
А) бума терезелері                        В) қосымшалар терезесі
С) сұхбаттық терезесі                   Д) Бас терезелер
2. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
А) терезені ашады                                              В) терезені жабады
С) барлық ашық терезелерді жабады               Д) келесі ашық терезеге ауыстырады
3. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
А) бума терезелері                          В) қосымшалар терезесі
С) сұхбат терезесі                          Д) анықтама терезелер
4. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
А) тақырып жолында                       В) жүйелік мәзірде
С) жай-күй жолында                        Д) терезенің жұмыс аймағында
5. Мына батырма   қандай қызмет атқарады?
А) программамен жұмысты аяқтайды                       В) терезенің мөлшерін азайтады
С) терезені толық экранға жаяды                              Д) терезені жиырады
6. Мына батырма  қандай қызмет атқарады?
А) программамен жұмысты аяқтайды                       В) терезенің мөлшерін азайтады
С) терезені толық экранға жаяды                              Д) терезені жиырады
7. Мына батырма  қандай қызмет атқарады?
А) программамен жұмысты аяқтайды                        В) терезенің мөлшерін азайтады
С) терезені толық экранға жаяды                                Д) терезені жиырады
Үйге тапсырма

  • §10 оқып түсіну. Сұрақтарға жауап беру және тапсырмаы орындау

Тест жауаптары

 

1

2

3

4

5

6

7

В

С

С

Д

Д

С

А

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *