Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Индира Тасбулатова Булатбековна
Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютер — әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: «компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту
Тәрбиелігі: адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін, оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасына шолу:
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы- ол компьютер.бұл тарауда сендер: компьютердің неден тұратынын, компьютердің әрбір құрылғысыныңне үшін керек екенін, компьютер пернетақтасының қандай пернелерден тұратынын білетін боласыңдар.
Компьютер – күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады. Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі.компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетінатқарады.
Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
Компьютерлерді қолдану
Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Есептеулер – Ақпаратты сақтау – Құрылғыларды басқару
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде – дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажетболады.
Компьютерді қолданудың келесі қадамы — әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрліесепайыру құрылғылары.
Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізугеболмайтын салалардамодельдер құру үшін қолданылады. Мысалы, тірі ағзаларда немесе ғарыштық денелерде жүретін үдерістерді зерттеуде.
Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей, өнімділігі мен мөлшеріне қарай әртүрге бөлуге болады.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютертұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауғаарналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерліноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері.
Қызықты ақпарат
Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары
Компьютерді жұмыста қолдану
Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады.
Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасау
Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы. Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ. Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.
Түйін
Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы – басқару.
Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер, дербес компьютерлер.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам жеке қолдана алатын компьютер.
Дербес компьютерлер: үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютер қолдану», «Компьютердің түрлері»).
С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Компьютер деген не?
Компьютер қандай функцияларды орындайды?
Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
Қандай компьютерлікпрограммаларды білесіңдер?
Компьютер қайда және қалай қолданылады?
Компьютердің қандай түрлері болады?
Компьютер неге дербес деп аталады?
Дербес компьютердің түрлерін атаңдар.
Ноутбуктер мен алақан компьютерлері не үшін пайдаланылады?
Компьютердің түрлерін атаңдар (ең кішкентайынан ең үлкеніне дейін).
Компьютерлік желінің жұмысын қолдайтын компьютер қалай аталады?
Үлкен компьютерге басқа атау беріңдер.
Ребусты шешіңдер:
Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
Өзіңді тексер!
1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу В) Басқару С) Ақпаратты іздеу Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет В) Операциялық жүйе С) Операциялық қабыршық Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер В) үлкен компьютер С) дербес компьютер Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде В) офисте С) өндірісте Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер В) дербес компьютер С) суперкомпьютер Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А) суперкомпьютер В) Үлкен компьютер С) дербес компьютер Д) сервер
7. Нетбук деген не?
- А) шағын мөлшерлі ноутбук В) алақан компьютері
С)Интернетке қосылған дербес компьютер Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі
8. Сервер – ол:
А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер
В) суперкомпьютер С) Үлкен компьютер Д) ақпарат сақтауға арналған компьютер
Тест жауаптары:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
В |
В |
Д |
Д |
Д |
С |
А |
А |
6. Үйге тапсырма:
§5 сұрақтарына жауап беру
[bws_related_posts]