Тәрбиеші: Мансурова Әмина
Білім беру саласы: Таным,Қатынас,Шығармашылық
Бөлімі: Математика,Көркем әдебиет,Сурет
Тақырыбы: Ойнайықта,ойлайық!
Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы танымдық қабілеттерін арттыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды ойлау арқылы балаға үйрету. Балалардың есту,көру, сөйлеу,ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке,бірлікке,достыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: «Шалқан»ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтары, Шалқан, Геометриялық пішіндер.
Құрал-жабдықтар: Ақ қағаз,желім, боялған жарма,матадан қиылған геометриялық пішіндер,Жарма терапиясы.
Билингвалдық компонент: Репка-шалқан,моншақ-бусы,сандар-цифры
Инклюзивті әлеумет: Аслан мен Жансаяға көмектесу.
Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Жанұя қатысуы |
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті түзету. |
Тәрбиеші:
«Балауса» атты бақшаның Тәрбиелі баласы Алдыменен қонақпен Сәлемдесіп алады. Шаттық шеңбер! Балалар: Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық Жүрекке жылу сыйлайық, Жиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық Танымдық сұрақтар: «Тәулік бөліктері» -Балалар біз қай уақытта балабақшаға келеміз? -Жаттығуды қай уақытта жасаймыз? -Түскі асты қай уақытта ішеміз? -Балабақшадан қай уақытта қайтамыз? -Балалар барлық адамдар қай уақытта ұйықтайды? -Жарайсыңдар балалар! -Балалар 1-5 ке дейін кім тура және кері санай алады?
-Ал санамақты кім біледі?
Ғажайып сәт: -Балалар қараңдаршы атайдың бақшасында шалқандар өсіпті.Қане санайықшы .Неше шалқан екен? -Шалқанның барлығы бірдей ме? -Қараңдаршы шалқандарды атай бақшадан жинай бастады. Атай төрт шалқанды жинап соңғысына келгенде жұла алмады.Ары тартты, бері тартты шамасы келмеді.Сөйтіп ол кемпірін шақырады.
Шал: –Апасы келші көмектесші Кемпір: -Мен мына балапандарымды түгендеп санай алмай жатырмын. Тәрбиеші: -Балалар апаға көмек береміз бе? Қане балапандарды санайықшы. (Ары тартады бері тартады шалқан жұлынбайды. )Апасы Қызын шақырады . –Қызым келші көмектесші. Қызы: Сабақтан берілген танымдық есептерді шығара алмай отырмын. Тәрбиеші: -Балалар қызға көмек берейік. Танымдық есептер: 1.Үстел үстінде 4 алма, Оның біреуін ағам жеп қойды, Сонда қалды неше алма? 2.Күн шуақта 1 күшік Отыр еді жанына Келді тағы бір күшік Нешеу болды сен сана? Ары тартады бері тартады болмайды. Қызы күшігін шақырады -Күшігім, келші көмектесші
Күшік: -Мен үйшігімді сындырып алдым . Тәрбиеші: -Балалар күшіктің үйшігін құрастырып берейікші. Ары тартады бері тартады болмайды.Күшік болса досы мысықты шақырады. Күшік: -Мысық досым келші көмектесші Тәрбиеші : -Балалар мысық ұйқысын аша алмай жатыр екен Қане мысық оятып сергітіп алайықшы ол үшін орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық Сергіту сәті: (Музыка ырғағымен)
Ары тартады бері тартады болмайды. Мысық: тышқан келші көмектесші. Тышқан: байқамай кілемді кеміріп тастаппын .Маған ұрысатын болды . Тәрбиеші: -Балалар тышқанға көмек беремізбе кілемнің жамауын табайықшы. Сөйтіп ары тартып бері тартып шалқанды жұлып алады. –Мінекей балалар ынтымақтың, біріккеннің , достықтың арқасында шалқанды тартып алды. Жарайсыңдар балалар сендердің де көмектерің тиді. –Балалар достық туралы мақал-мәтелді кім айтып береді? Атасы: Балалар міне достықтың,ынтымақтың және сендердің арқаларыңда шалқанды тартып алдық.Енді сендерге қызықты шығармашылық тапсырма беремін .Сендерге ұнайды деп ойлаймын. Ал енді сау болыңдар! Тәрбиеші: -Орындаймызба ? -Ол үшін үш орталыққа бөлінеміз 1.орталық тапсырмасы: «Шалқан» ертегісіндегі шалқанды дәстүрден тыс жармамен салу. 2.орталық тапсырмасы: Матадан қиылған геометриялық пішіндерден моншақ жасау. 3.орталық тапсырма: Жарма арқылы геометриялық пішідерді салып,неше түрлі бейнелер салу. Саусақ жаттығуы Санайық жаңаша,
-Балалар қараңдаршы тақтада ненің бейнесі тұр? Оның пішіні қандай? -Оның шуақтары менде тұр.Егерде сендер мына шуақтағы қорытынды сұрақтарға жауап берсеңдер күннің шуағы шығады. 1.Сендер қай ертегі кейіпкерлеріне көмектестіңдер? 2.Шалқанды орыс тілінде не дейміз? Оның пішіні қандай? 3.Моншақтарды қандай пішіндерден жасадыңдар? 4.Балалар күшікке үйшікті қандай пішіндерден салдыңдар? 5. Шалқанды атасы көргенде қалай таңғалды?шаршағанда қайтті?
Балаларды күн бейнесімен бағалау.
|
Балалар қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар қимылмен шаттық шеңберін жасайды.
-Таңертең
-Танертең
-Түс кезінде
-Кешкісін
-Түнде
Балалар сандарды тура және кері санайды.
Санамақты айтады.
Шалқандарды санайды
Бес шалқан
Айырмашылықтарын айтады.
Балалар балапандарды санайды айырмашылықтарын айтады.
Балалардың жауаптары.
Екі күшік болды.
Балалар геометриялық пішіндерден үйшік құрастырады.Пішіндерін атады.
Мысықты сергіту үшін сергіту сәтін жасайды.
Балалар «Жамауын тап» ойынын ойнайды.
«Досы көпті жау алмас»
Балалар жауаптары.
Шалқанның суретін желім жағып,боялған жарманы шашырату.
Матадан қиылған пішіндерден моншақ жасау,түстерін пішіндерін атайды
Жарма терапиясы арқылы пішіндер арқылы бейнелер жасау.
Жұмыс ортасында саусақ жаттығуларын жасайды.
-Күннің -Дөңгелек
-Шалқан
-Репка.пішіні үшбұрыш -Геометриялық пішіндерден -Үшбұрыш,төртбұрыш,жартылай сопақша
-Ох деді
-Ух деді. |
Күтілетін нәтижелер:
Не білді: Қарапайым математикалық ұғымдарды айта білді.
Не алды: «Шалқан»ертегісі арқылы танымдық тапсырмаларды орындай алды.
Не істей алды: Шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
[bws_related_posts]