Басы » Баяндамалар » Педагогикалық кадрлардың дайындығы мен қазіргі таңдағы білім беру саласының өзекті мәселелері

Педагогикалық кадрлардың дайындығы мен қазіргі таңдағы білім беру саласының өзекті мәселелері

gauhar

  Маңғыстау облысы
   Жаңаөзен қаласы
   Жаңаөзен политехникалық колледжі
«Автоматтандыру және басқару» мамандығының арнайы пән оқытушысы
Балхаева Гаухар Науайқызы
БАЯНДАМА
Педагогикалық кадрлардың дайындығы мен қазіргі таңдағы білім беру саласының өзекті мәселелер 

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жаңа міндеттер  қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу — көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің  көшбасшысы бола алады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының  шоғырын қалыптастыруымыз қажет дегендей, қізіргі кезде Республикамызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсыруымен кәсіптік және техникалық білім берудің жүйесі жаңғыртылып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру жүйесіне енгізілген түбегейлі өзгерістер білім берудің  мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас туғызады.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау болып табылады. Білікті мамандар даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі – оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып табылады.
Білім жүйесін жаңғырту аясында, жұмысшы кадрлардың зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру үшін оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізу міндеттері қойылды. Дуалды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі.
Жаңаөзен политехникалық колледжінің педагогикалық ұжымы технологиялар мен ақпараттық оқыту технологияларын енгізу бағытында жемісті еңбек етіп келеді.
Оқытудың дуалдық жүйесінің элементтерін енгізу бағытында біраз жұмыстар тындырылды. Құзіреттілігі жоғары мамандар даярлау жүйесінде дуалдық оқыту жүйесі маңызды орын алмақ. Өйткені бүгінгі күні дуалдық оқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік – техникалық кадрлар даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады.
Қазіргі таңда дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін енгізу жұмыстары «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Шаштараз және сәндік косметика», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» үш мамандық бойынша екінші кезеңге аяқ басты. Дуалдық оқыту жүйесін енгізудегі негізгі бағыттар: колледждің материалдық – техникалық базасын одан әрі нығайту, түлектерді жұмысқа орналастыру және оқушылардың практикалық оқуларын ұйымдастыру базасының көзі ретінде аймақтың әртүрлі кәсіпорындарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту, халықаралық стандарттарға сай оқу үдерісінде дуалдық жүйе элементтерін енгізуді одан әрі қарай жалғастыру, кітапхана қорын электрондық оқулықтармен және мамандық бойынша оқулықтармен толықтыру, жоғары білікті педагогикалық кадрларды тарту жолымен өндіріс саласына бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындаудың сапасын жетілдіру.
Инновациялық білім беру үрдісітері педагогикалық теория мен практикаға деген көзқарастың жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер
Ахметова Д., Гурье Л. Преподаватель вуза и инновационные технологии // Высшее образование в России. — 2001. №4. – С.138-144.
Третьяков П.Н., Сенновский И.Б. Технология модульного обучения в школе. – М.: Новая школа, 1997. – 352 с.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *