Басы » Баяндамалар » Жаңаөзен политехникалық колледжінде эксперименттік дуалдық оқыту жүйесінің

Жаңаөзен политехникалық колледжінде эксперименттік дуалдық оқыту жүйесінің

dualnМаңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласа
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Бүркітова Жанаргүл
Тақырыбы: Жаңаөзен политехникалық колледжінде эксперименттік дуалдық оқыту жүйесінің  тәжірибесінен

Елбасы Н.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ  Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты Қазақстан халқына  үндеуінде нақты өнімді еңбек негізінде елді әлеуметтік жаңғыртудың жаңа бағдарламасы ұсыны­лады. Бәсекеге қабілетті  және мықты Жалпыға Ортақ  Еңбек Қоғамын құру идеясы ҚР Президентінің саясатындағы басты бағыт – әр қазақстандыққа қамқорлықты одан әрі дамыту болып табылады.

Білім  жүйесін жаңғырту аясында дуальды кәсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру міндеттері қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кәсіптік-техникалық білім берудегі  басты проблема –  оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуальды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы орын алуда .Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру, яғни, жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасында алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі  біліктімамандармен қамтамасыз ету бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.

Баршамызға мәлім қазіргі күні оқу орындары мен жұмыс беруші мекемелер арасында әлеуметтік әріптестік орнатудың барлық заңнамалық-құқықтық құжаттамалары жасалып қойылған. Мәселе, оны тек әркімнің өзінше тиімді пайдаланып, қажетіне жарата білуінде. Оның үстіне, Президент Н.Назарбаев халыққа арнаған соңғы Жолдауында Үкімет пен бизнес қауымдастығына ертеңгі түлектер – кәсіптік-техникалық сала мамандарын даярлау ісімен айналысатын Кеңес құру туралы тапсырма бергені есімізде. Бірақ, бізде көп жағдайда сөз бен істің қабыса бермейтінін өмірдің өзі талай рет көрсетіп беріп отырған жоқ па? Жасыратын несі бар, оқу орындары мен жұмыс берушінің арасында жүйелі жолға қойылған қарым-қатынастық жоқ екені бәрімізге мәлім. Міне осы проблемалардың алдын алу үшін және Елбасының Қазақстан үкіметіне берген білім беруді жаңғырту тапсырмасы табысты болу үшін биылғы оқу жылында эксперимент ретінде қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға дуалдық оқыту жүйесін енгізген болатынбыз. Дуалды оқыту арқылы білім берудегі мақсатымыз: Студенттердің тәжірибелік дағдысын жетілдіру арқылы білікті мамандарды даярлау . Дуалды оқыту үрдісіне енгізуге байланысты  Сингапурлық әдіспен эксперименттік жұмыстарын қолға алдық. Сингапурлық әдіс бойынша колледж жанынан  «1211000 Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» Тігін шеберханасы, «1201000 Автокөлік жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» арналған автокөлік жөндеу шеберханасы мен  «0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика» шаштараз салонын аштық. Бұл шеберханаларда оқушылар мен оқытушылар формасы тігіледі, ал автомеханиктер автокөліктердің бөлшектерін асып жинап, жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ал шаштаразшыларымыз колледж оқытушыларынмен оқушылардың шаштарын

Сіндеу мен сәндеуимен айналысып өз білімдерін шыңдаумен қатты табыс табуда.

Міне дуалды оқыту жүйесі теориямен қоса пактиканы пайдалану деген сөз. Түлектер теориялық жағынан емес,практикалық жағынан да сауатты болмақ . Диплом алысымен олар мекемеге орналаса алмасада, өздері жеке істерін ашып, бизнеспен айналыса алады деген сенімдемң.

Біздің оқу  ордамыз білім беру кеңістігің әлемдік сахнасына шығуы үшін мамандарды даярлауда сапаға ерекше мән береді.

Дегенмен біліктіде білімді де білімді инженер педагоктардан құралған ұжым мүшелері алдағы тапсырмалар мен міндеттерді өз дәрежесінде орындап шығатындығына сенемін.

  • «

«Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының студенттері

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *