Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
«Автоматтандыру және басқару» мамандығының
Арнайы пән оқытушысы: Балхаева Г.Н
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Мамандықты таңдау – болашақты таңдау
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару.
Тобы: ІІ курс АТП
Сабақтың тақырыбы: «Мамандықты таңдау – болашақты таңдау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай
дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру, өз
мамандықтың қызығы мен қиындылығы
болатындығын жете ұғындыру, оған тұрақты
қызығушылық таныту
Дамытушылығы: Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру
Тәрбиелігі: Қазіргі заманға өз мамандығын таңдауына,
қоғамдағы әртүрлі проблемаларды жеңе білуге
тәрбиелеу
Сабақтың типі: онлайн (on – line)
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, презентация, скайп
Пәнаралық байланыс: физика, қазақстан тарихы, география
І Ұйымдастыру
А) оқушылармен амандасу
Б) оқушыларды түгендеу
ІІ «Мамандыққа кіріспе»
Оқытушының сөзі: Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Сондықтан да бүгін біз «Мамандықты таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында танысу тәжірибемізді бастаймыз.
Қандай мамандықта оқып жүрміз?
Шифры қандай?
Біліктілігін кім айтады?
Оқу мерзімі неше жыл?
Олай болса мамандығымыздың аты «Автоматтандыру және басқару», шифры 1302000, біліктілігі электромеханик. Күндізгі оқу нысанында біліктілік деңгей бойынша білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі негізгі орта білім базасында орта буын маманы ретінде 3 жыл 10 ай оқимыз.
Оқушылар неге бұл мамандықты таңдауды дұрыс деп шештіңдер, олай болса, әркім өз пікірлерін білдірсін.
Абдулова Балшырын: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата – анам дәрігер немесе мұғалім бол дейді, мұнайшылық кәсіп қыздарға қол емес. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта – ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Сөйтіп мен электромеханик маманы болуға талаптандым. Ата – анам бұл талабымды құптады.
Жұмабеков Аманбек: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сондықтан мен осы мамандықты таңдадым.
Айтнияз Бақдаулет: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң әрқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан – деп ұлы Абай Құнанбаев атамыз айтқандай өз тобыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иелері болуына тілек білдіремін.
Утенов Райс: Қазіргі кезде мамандықтың түрі өте көп. Тек жақсы маман иесі болу үшін колледжден жақсы білім, сапалы тәрбие алуы қажет деп ойлаймын.
ІІІ «Мекемеге саяхат»
-
Газ өңдеу зауыты
-
Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасы
-
Мұнай газ өңдеу басқармалары (слайдтан көрсету)
ІҮ «Сұхбаттасу және пікір алмасу»
Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасында тәжірибеден өтіп жатқан оқушылармен тікелей эфирде пікір алмасу.
Сұрақтар:
-
Манометрлер не үшін қолданылады?
-
Манометрлердің түрлерін ата?
-
Электромеханик қандай жұмыс атқарады?
-
Болашақ электромеханик нені білуі тиіс?
-
Манометрді жөндеген кезде қандай құрал саймандар қолдану қажет?
-
БАРС жабдығы сыртта қай мекемеде қолданылады?
Ү. №1, №3 Мұнай газ өңдеу басқармаларында өткізілген технологиялық тәжірибеден бейнеролик.
ҮІ Бекіту
-
Осы мамандықты бітіргеннен кейін қандай біліктілікті алып шығасыз?
-
Болашақ электромеханик нені білуі тиіс?
-
Жұмыстарды атқару кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
Студенттер «Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасында» тәжірибеде
[bws_related_posts]