Қызылорда қаласы
№120 Жамбыл атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жанбыршиева Сауле Жумадуллақызы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді шығармашыл адамдар өте қажет. Сондықтан әр сабақта білімділік мақсаттарды шешіп қана қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.Ол үшін сабақтарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізудің мәні зор.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы табалдырығы. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны дамыту, сөйлеуге, оқуға, қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру, өз ойын айта білу, талдау жасауға, дәлелдеуге үйретеді.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады» — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың, алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Менің әдебиет пәнін оқытуда шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту». Осы жұмысымды алға қоя отырып, жүзеге асыру мақсатында әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып, көптеген сабақтардың түрлерін өткізе білдім. Олар: аралас сабақ, пікір сайыс сабақ, семинар сабақ, ойын сабақ, тесттік сұрақтар – оқушылардың білімін бағалау сабағы. Осы әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы сабақ түрлерін жүзеге асыра отырып, оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беріп,ойлау қабілеттерін арттыруға жол ашамын.
Мен ең алдымен оқушыларды ойлау қабілетін арттыруға үйретемін. Ойлай білген адам кейінгі мен бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады. Әдебиеттік оқу пәні сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мына әдістерді қолдану өте тиімді.
1 Бірінші сыныптан бастап тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш жаттату. Бұл оқушының еске ұстау қабілетін дамытады.
2 Сөз үйрету, өлең шығаруға үйрету – заттың суретін көрсете отырып атауын үйрету
3 Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру.
4 Баланың сөздік қорын түрлі жолдармен молайту, алдарына ой тастау.
5 Ұйқас сөздерді тапқызу, сөзбен сөзді байланыстыру.
Жоғарыдағы айтып кеткен мақсаттар орындалу үшін мұғалімге көп іздену керек. Қаланың жер, су аттарын болмаса бір оқиғаның суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру. «Әдебиеттік оқу» пәні оқулығында тақырып соңындағы тапсырмаларға дамытушылық сипат көзделген. Мысалы: тапсырмалар оқулықта берілгенде әңгіме, ертегі, өлең, сурет мазмұнына сәйкес құрыла салмай оқушының ізденушілігін қалыптастыратындай ойлауға, пайымдауға, дәлелдеуге үйрететіндей етіп түзеледі.
Олар мынадай тапсырмалар оқиға болған уақытты көз алдыңа елестет қиялдай отырып суретте немесе өлең жолын құрастыр.
Өлең жолын құрастыру бірінші сыныптан сауат ашу барысында басталады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп ұйқастарды табуға тапсырма беремін. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жолдар арқылы ұйқас жасау үйретіледі.. Әрине жұмыс нәтижелі болу үшін бұл әдістерді тұрақты түрде және жиі қолданып отыру қажет. Осының арқасында 3-4 сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп қалады.Зерттеу жүргізгенде сыныпта оқушылар өз өлеңдерін белгілі тақырыптар бойынша шығара бастады.
Менің әдебиеттік оқу пәні сабағында оқытуымда оқушылардың шығармашылық қабілетінің артқандығының куәсі – осы оқушылардың еңбегі . Сыныбымның оқушыларының шығарған өлеңдері
4 «А» сынып оқушысы Әзілхан Арайлым
Туған жер
Туған жер – алтын мекенім,
Сүйемін аққан өзенін.
Сырда туған баламын,
Сыр елін мақтан тұтамын.
Қазақстан
Қазақстан еліміз,
Қазақ елі жеріміз.
Қазақстан Елбасын,
Қолдар әр кез халқымыз.
Ұстазым
Білім беріп үйреткен
Сауле апай менің ұстазым.
Бүгін міне мерекең
Құтты болсын ұстазым.
4 «А» сынып оқушысы Каренеева Ұлбосын
Жақсылық пен жамандық
Жақсылық жақсы істен басталады,
Жақсылыққа жаны құмар басқалары
Жамандық жаман сөзден басталады,
Жамандыққа жаны құмар жастар әлі
Жақсылыққа жаны құмар жастар әні,
Жамандық жақсылыққа қастанады
Жақсылық жақсы сөзді үйретеді
Жамандық жаман сөзді сөйлетеді.
Гүлдер
Аппақ гүлдер ақ гүлдер,
Жайнаған гүлдер бақ гүлдер
Ақ тілектеп нұр жауса,
Бағыт беріп бақ тұрса
Гүлдер гүлдер, ақ гүлдер
Қызыл гүлдер шоқ гүлдер
Жайнаған гүлдер бақ гүлдер
Құлпырып өсер ақ гүлдер
Туған жерім
Дархан елім, байтақ жерім
Байлық ,бақыт тұнған жерім
Сүйем сені туған елім
Сүйем сені туған жерім
Келешекте егеменді еліміздің туын берік ұстап, ақылды азаматтар мен ақын жазушылар менің оқушыларымның арасынан шығады деп сенемін.Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту олардың сабаққа қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі.
[bws_related_posts]