Басы » Тарих » Қасым хан (1511-1518 ж.ж.)

Қасым хан (1511-1518 ж.ж.)

Ақмола облысы

Жақсы  ауданы

Жақсы ауылы

Жақсы №1орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

Исмайлова Адеми Хамитбековна

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Қасым хан (1511-1518 ж.ж.)

Сілтеме Қолданған әдебиеттер
Жалпы мақсаты

 

Қасым хан тұсындығы қазақ хандығының жағдайымен жан – жақты танысу. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының мазмұнын білу.

 

 Міндеттер

 

1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;

2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;

3.Өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын  дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;

Мұғалім үшін оқу нәтижелері Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жағдайын білді, «Қасым ханның қасқа жолын»  заңы не туалы жазылғанын білді.
Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері СТО,топпен жұмыс, жеке дара жұмыс, ашық сұрақтар, дарынды оқушымен жұмыс (эссе), жас ерекшеліктеріне байланысты (деңгейлік  тест сұрақтар) ,
Сабақтың көрнекілігі АКТ, флипчарт, үлестірмелі қағаздар, стикер, смайликтер, бәйтерек, Қасым ханның портреті, сөзжұмбақ,тарихи кесте,орамал
Күтілетін нәтиже Қасым хан тұсындығы қазақ хандығының жағдайымен танысты,  «Қасым ханның қасқа жолы» заңының мазмұнын білдіру.

                                            Жаңа тақырып     
1. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
.

 

 
                                            Сабақтың барысы                               
2. Мұғалімнің іс-әрекеті        Оқушының іс-әрекеті                  30  мин
1)    Ынтымақтастық атмосферасы  (қара жорға биі)

2)    Топқа бөлу (себеттегі гүлдер)

3)    Үй тапсырмасы.  «Бәйтерек» шыңы ойыны.

1-топтың сұрағы

А) Алғаш хан тағына кім отырды? Керей хан

В) Алғашқы ту тіккен жері?  Қозыбасы

С) Қазақ хандығының өз алдына қандай тарихи міндеттер қойды?

2- топтың сұрағы

А) Жәнібек кімнің баласы? Барақ ханның бел баласы

В) Қазақ халқының этникалық құрамына қай тайпалар кірді? Үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт т.б

С) Сыр бойындағы қай қалалар Қазақ хандығының күш қуатын, беделін көтерді? Сығанақ, Сауран, Созақ.

3-топтың сұрағы

А) қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? Мұхаммед Хайдар дулати

В) Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты? 30 жыл

С) Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа  мемлекеттер құрылды? Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы

4) Қызығушылықты  ояту (сөзжұмбақ «Касым хан»)

5) Мағынаны тану

Жаңа сабақ таныстырылым түрінде.

Ашық сұрақ:

  1. Қасым хан туралы естулерің бар ма?
  2. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?
  3. Қасым хан қай елдің ханы?

Тарихи кесте (хронология) Жаңа сабақтан беремін, жауап беру барысында дарынды оқушыны анықтаймын

6) Сергіту сәті «орамал тастамақ» қазақтың ұлттық ойыны                               2 минут

7) Ой толғаныс.

Үш топқа әр түрлі сұрақтар беріледі.

  1. Қасым ханға кластер
  2. Керей хан мен Қасым ханға венн диаграммасын құрастырады.
  3. Қасым хан туралы эссе жазады.

8) Тест сұрақтары (жаңа тақырып бойынша)

9) Бағалау

 

1)    Оқушылар емін-еркін билейді.

 

2)    Оқушылар көздерін жұмып, себеттегі гүлдерді таңдап алады. Себетте қызғалдақ, раушан, роза гүлдері бойынша бөлінеді.

 

3)    Ойынның шарты әр топтың өзінің бейтерегі болады. Сол бәйтеректің шыңына 3 баспалдақ арқылы шығады. Әр баспалдаққа аяқ басу үшін берілген сұраққа жауап беру керек.

 

4)     Сөзжұмбақ әр топ өздері шешеді. Шешімін тапқаннан кейін, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

 

 

 

5)    Тарихи кестені жаңа тақырыпты толық түсінген дарынды оқушы шығып толтырады, содан кейін басқа оқушылар дәптерге орындайды.

6)    Оқушылар көздерін жұмып отырады, бір оқушы таңдап жүріп, орамалды қалаған оқушының мойынына іледі де еркін тақырыпта сұрақ қояды.

7)    Берілген сұрақтарға топпен жауап жазады.

8)    Тест сұрақтарына оқушы жеке жауап береді.

9)    Өзін-өзі бағалау парағын толықтырып береді.

 

                           Бекіту                                                                             15мин                        
3.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Ой толғаныс» 3 топқа әр түрлі тапсырма беремін.

1топқа – Қасым ханға кластер құрастырады.

2 топқа – Керей мен Қасым хандарды салыстырады. (Венн диаграммасы)

3 топқа – Қасым ханға эссе жазады.

Осы жұмысты орындауға 1 минут беріледі. Әр топтан тайм скейперін тағайындап қоямын.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап қорғайды.
Қорыту                    Күтілетін нәтиже                       5 мин
4 .Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырып бойынша 7 сұрақтан тұратын тест беремін. Тест сұрақтарына  жауап береді.

 

                                                         Бағалау                                   2 мин
5.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Әр оқушы өзін-өзі бағалайды Қатысқан бөлімдеріне жұлдызша қойып отырады.
Үйге тапсырма                         1 мин
6.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты мазмұндау, қазақ хандарының кестесін тексеру Мазмұнын оқып келеді, қазақ хандарының кестесін жаттайды
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *