Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы
МКҚК «Ақсай техникалық колледжі»
Куанышкалиева Аягоз Хабиболлаевна
Сабақтың тақырыбы: «Слайдтарды демонстрациялау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Microsoft Power Point бағдарламасымен жасаған жұмысымызды қорытындылау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелігі: Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке
1. Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру
2) Қауіпсіздік ережесін қайталап еске түсіру.
2) Үй тапсырмасы
3) Жаңа сабақ
4) Бекіту
5) Үйге тапсырма
6) Қорытынды
Қауіпсіздік ережесі:
1 – кезең. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
- Компьютердің жанына порфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады.
- Клавиатура үстіне артық заттар қоюға тыйым салынады.
- Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға, жанындағы оқушыларды алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезіндегі көзді экраннан 60-70 см.қашықтықта ұстау керек.
- Кабинетке кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі.
- Жұмыс жасап отырған кезде компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.
- Компьютерде жұмысты аяқтаған кезде мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіріп, жұмыс орнын ретке келтіру қажет.
2 – кезең. Үй тапсырмасы:
Әр топ қаламыздағы ірі компьютерлік дүкендердің бірі “Техноком” және “Sulpak” дүкендеріне ролик дайындап, жарнамалайды.
3-кезең. Бақылау сұрақтары:
1. Microsoft Power Point 2007 бағдарламасы қалай іске қосылады?
2. Microsoft Power Point 2007 бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
3. Терезе құрылымы туралы не білесің?
4. Power Pointтың Word, Excelден айырмашылығы.
5. Слайд дизайнын қалай өзгертуге болады?
6. Титульдық слайд қалай құрылады? Жаңа слайдты қалай қосуға болады?
7. Презентация мәтіндерін өңдегенде қай режимде жұмыс жасаймыз?
8. Слайдтарды баспаға қалай береміз?
9. Слайдқа анимация қалай кірістіреміз?
10. Слайдқа қалай дыбыс қосамыз?
4 – кезең. Жаңа сабақ: Слайдтарды демонстрациялау.
Ms. Power point бағдарламасын ашып қойып интерактивті тақтаның көмегімен түсіндіремін.
5 – кезең. Шығармашылық тапсырма.
Топ капитандары топтаманы сурып жасырылған тақырып бойынша жұмыстанат.
1-тапсырма: Графика тобының әр оқушылары “Астана – бас қала” атты презентация жасайды. Ол презентация 15 слайдтан тұрады. Ол презентация Қазақстан астанасы – Астана қаласының көркем жерлеріне саяхат түрінде жасалған. MS Power Point –тің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Астана туралы әнмен сүйемелденуі керек
2-тапсырма: Палитра тобы “Кеңді өлкем Ақсайым” тақырыбында жасаған презентациясында туған қаламыз- Ақсайдың тарихына тоқтала отырып, қазіргі замандағы керемет өзгерістерге тоқтала кетулері керек. Слайд барысында Патриоттық ән орындалып тұруы керек.
6 – кезең. Білімді бекіту. Барлық 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Тестті топ басшылары жинап алып, тексеріп бағалайды (Топ басшысы өз командасының
тесттерін тексереді).
1. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
а) слайдтар құру;
ә) презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару;
б) дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету;
в) презентация материалдарын қағазға немесе 35 мм – лік қабыршаққа шығару.
2. Power Point программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері бар? (қате жауабын көрсет).
а) автомазмұн шебері көмегімен;
ә) презентациялар шаблоны көмегімен;
б) бос презентация;
в) программалық тілде жазу арқылы.
3. Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңдалады;
ә) презентация көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
4. Автомазмұн шеберінің екінші қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентация түрі;
ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
5. Автомазмұн шеберінің қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентация түрі;
ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
6. Автомазмұн шеберінің төртінші қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентация түрі;
ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды
слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
7. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
а) Microsoft Clip Gallery объектілерін, файлда сақталып тұрған суреттерді, сканерден көшірме;
ә) бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілерді;
б) енгізуге болмайды;
в) а мен ә жауабы дұрыс.
8. Слайдтар режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді;
б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
в) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді.
9. Құрылымды режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияныңәр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді;
б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
в) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді.
10. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияныңәр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді;
б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
в) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді.
7– кезең. Саралау – бағалау.
Әр топ басшысы бағалау парағын толтырып өз тобының әр оқушысына бағаларын айтады.
8- кезең. Үйге тапсырма
Microsoft Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, “Қазақстан — Expo2017” тақырыбына 20 слайдтан тұратын көрме дайындап келу.
[bws_related_posts]