Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы
Үшбас ауылы
Үшбас орталау мектебі
бастауыш сынып мұғалімі: Усаева Г.Б
Тәуелсіздік тірегім
Жүргізуші : Құрметті оқушылар, ұстаздар ! Бүгін бізде үлкен мейрам Отанымыздың тәуелсіздік күні! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тірегім » атты кешімізді ашық деп жариялаймызІ
Әнұран ойналады
Жүргізуші:
Ал , енді салтанатты жиынымызды ашып беруге мектеп директоры
Кенже Дүйсенбекқызына сөз кезегін береміз.
Келесі сөз кезегін мектеп директорының оқу — ісі жөніндегі орынбасары Сейділда Түймебайұлына береміз.
Жүргізуші : Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстығында . Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі , дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
Қуан халқым! Қуанатын бүгін ,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық
1-2 сынып оқушыларының тәуелсіздік күніне арнаған өлең шумақтарын тыңдаңыздар.
Жансәуле : Туған жер – Қазақсатан, Отан – ана,
Атымыз сенен бөлек атала ма?
Күн құшақ сенің ыстық мейіріңе
Тасың да тебіренбей жата ала ма?
Меруерт: Тәуелсіздік жолында.
Талай – талай тер тамған.
Биігім өз қолымда;
Еркіндігім — Елтаңбам
Диана : Отаным, кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың шаттықтың мекені,
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.
Ақбота:
Атыңнан айналайын
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Ернар: Мерекең құтты болсын егемен ел.
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі — бақи арман еткен,
Теңдікті, бостандықты иеленгендер.
Анель: Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер.
Бостандықты аңсаған батырлардың,
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Нұрдәулет: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма.
Оқу оқы, білім ал, елің үшін,
Еңбек ет, тыным таппай, жан аяма.
Әдіманап: Халқымның мақтанышы – алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға,
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Аяжан: Тәуелсіздігіміздің тұғ,ыры биік,
- Халқымыздың еңсесі жоғары.
Егемендігімізді баянды,
Тіліміздің мерейі үстем болсын.
Жүргізуші:
1- сынып оқушысы Зеберова Диана орындауында «Ақ көгершін» әні
3-сынып оқушылардың өлең шумақтарын тыңдаңыздар
Альфия: Жиырма екі жыл Тәуелсіздік,
Еліміздің тірегі
«Тәуелсіздік» деп соғады,
Бар қазақтың жүрегі!
Бізге сені тәуелсіз қып,
Алла берген ырысым!
Жаса, жаңа Тәуелсіздік,
Жүрегімнің жырысың
Аида: Маған қымбат бұл елімнің,
Шешен атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таңы нұры.
Тәуелсіздік – ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде,
Сен жасай бер , мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де!
Толғанай: Жаңа ғана Қазағымның таңы атты.
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты
Әр отбасы , әрбір қазақ , әр қадам .
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты
Ибрагим: Тас жаратын семсердей тілімдесің.
Жүрегімде, дінімде, дінімдесің.
Байлығым, бақытымсың,
Бақытымсың ардақты Отан,
Ойым да, түн де, күнімдесің.
Аршыңдап алға аттандың ірі қадам.
Гүлденіп, құлпыруда ұлы далам
Тәуелсіздік тұғыры тұлғаланып,
Елімнің болсын мәңгі ғұмыры аман.
Жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырығымыздың тәуелсіздігі.
2- сынып оқушысы Ілесбек Нұрдәулеттің орындауында
«Домбыра сазы» әні
Жүргізуші: Тәуелсіздік — еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп , ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді.
Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, ұраны болып келе жатқаны белгілі.
4-сынып оқушысы Нұралы Мадияр
« Қазақстан »
Кеңдалалы , кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!
Қара жерде қылтыңы жоқ бір елміз,
Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз.
Әніміз бар асқақ жалау сықылды,
Көтерілсе – тік көтерер жұртымды.
Біз дүниеге мәңілікке келгенбіз.
Қазақстан дейтін менің бар елім ,
Жатыр алып жатыр дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл даланда атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп , уанғам,
Бұл даланы көріп алып алғаш қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Ақбота : Көк аспан, күн, қыран – сәні құт,
Жарасқан байрақтың мәнін ұқ .
Көк байрақ – ашық көк кеңісің,
Көк жайлап тұрған күн – жеңісін .
Алтын күн көтерген ел құсы –
Халқыңның батырлық белгісі.
Киелі көк байрақ астында
Иелі іс ұқсас тасқынға.
Көк байрақ күш беріп әр істе,
Ерлерді жеткізген жеңіске,
Желбіреп тұр байтақ аймақта ,
Елжіреп қараймыз байраққа .
Киелі байрақта аруақ, бақ:
Иеді басын ер ардақтап.
Көк туды қастерлеп сүйіп те ,
Көтеріп ұстаймыз биікке !
4- сынып оқушылары Құрманова Назгүл, Сайлаубек Майра және Нұралы Жұлдыздың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні.
Жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
1- сынып оқушысы Сәтбек Жансәуленің орындауында « Алақай –ау, алақай » әні
Жүргізуші: Қазақта қара қылды қақ жарған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік сөз үлгілерінен сахналық көріністі тамашалаңыздар.
Төле би: Уа, халайық, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса — жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім .
Сөз танығыш жастарға айтатын
Он түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би : Биікке шықсаң , көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.
Айтыңыз ұлы аға !
Төле би : Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 жаман.
Қазыбек би: Ұлы аға , бұл жұмбақты мен шешейін, рұхсат етіңіз
Төле би: Рұхсат, рұхсат.
Қазыбек би :
1 дегеніміз — бірлігі кеткен ел жаман .
2 дегеніміз – егесіп өткен ер жаман .
3 дегеніміз — үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
4 дегеніміз – төрден безген жас жаман .
5 дегеніміз — белсеніп шапқан ел жаман.
6 дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман .
7 дегеніміз — жас келіншек жесір қалса, сол жаман.
8 дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
9 дегеніміз – торқалы той , торпақты өлімге бой көрсетпесе сол жаман.
10 дегеніміз — оңалмас кәрілікке дауа болмас.
Төле би : Рақмет, дәл тауып шештің , ойы да, тілі де жүйрік, тұлпарым менң.
Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да уақытысы жеткенде құрақ жоқ.Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Қазыбек би: Өркенің өссін десең кекшіл болма,
Кесапаты тиер еліңе,
Елім өссін десең өршіл болма,
Өскеніңді өшірерсің .
Төле би: Уа, халқым!
Көселі шабар жерің бар!
Ту көтерер елің бар,
Сөз қадірін біліңдер. Әумин!
Жүргізуші :
16 – желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жанында қалған күн,
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы — нағыз көркі жерімнің !
Қазақ шіркін, өнерлі біз халықпыз ,
Би де билеп, қиырқап әнді саламыз,
Ән шырқаса билеп алар тәніңді,
Өлең жазса нұрландырар жаныңды.
Бастауыш сынып оқушылардың өнерін тамашалаңыздар
1. «Қара жорға » биі
2. «Қамажай» биі
3. «Аққу» биі
4. «Жаса қазағым» хор
5. «Атамекен » хор
Жүргізуші: Қүрметті, Ұстаздар, мектеп оқушылары және қонақтар!
Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнаған «Тәуелсіздік тірегім » атты іс – шарамызды аяқтаймыз.
Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі жерің де
Өзіңдікі еткен Бақ –
Тәуелсіздік төрінде!
«Әнұран» ойналады.
[bws_related_posts]