Шығыс Қазақстан облысы
Риддер қаласы
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының
Биология пәні мұғалімі
Канапина Рауан Альмухановна
ҰБТ -да нәтижеге жетудің жолдары.(Анатомия курсы)
Мақсаты: Оқушының бойында өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін, іздену, талдау,дұрыс шешім қабылдау қасиеттерін арттыру.
Қосымша сабақ жоспары:
Еске түсіру ( дидактикалық материалдармен жұмыс).
Терминдер (сәйкестігін тап кестесі).
Қан тарату жүйесіне ( тест, қатемен жұмыс).
Ас қорыту жүйесіне қайталау ( тапсырмалар).
Үйге тапсырма.
Жұмыс барысы.
Қан тарату жүйесін қорытындылау, ас қорыту жүйесіне қайталау, талдау жұмысын жүргізу.
1) Топқа бөлу (Еске түсіру дидактикалық материалдармен жұмыс)
І топ. Өсімдік мүшелері.
ІІ топ. Біржасушалылар.
ІІІ топ. Көпжасушалылар.
2) Терминдер (сәйкестігін тап кестесі).
1 | Лимфа | Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз |
2 | Антидене | Ағзаның ауруға қарсы тұру қасиеті |
3 | Лейкоцит | Таза ақшыл сарысу |
4 | Гемоглобин | Қанның қызыл түйіршігі |
5 | Иммунитет | Қанның ұюына қатысатын пластинка |
6 | Тромбоцит | Туа пайда болады |
7 | Эритроцит | Қанның ақ түйіршіктері |
8 | Жасанды иммунитет | Егу арқылы қалыптастырады |
9 | Плазма | Қан сұйықтығы |
10 | Табиғи иммунитет | Нәруызды зат |
Жауабы: 1-3, 2-1, 3-7, 4-10, 5-2, 6-5, 6-5, 7-4, 8-7, 9-9, 10-6.
3) Тест жұмысы.
4) Ас қорыту жүйесіне қайталау ( тапсырмалар).Не білетіндерін сұрау
арқылы , нені білмейтіндерін анықтау. Түсінік беру.
- Ас қорыту мүшесі қай қуыста орналасқан? Құрсақ .
- Сілекей безі қайда орналасқан? Ауыз қуысында.
- Өт қабының орналасқан жері? Бауырда.
- Бауыр не бөледі? Өт.
- Қорытылған ас қай жерде сіңіріледі? Аш ішекте.
- Нәруыз қай жерде ыдырайды? Асқазанда.
- Май ненің әсерінен ыдырайды? Ұйқы безі сөлі мен өттің.
- Ұйқы безі қанша литр сөл бөледі? 2 литр.
- Қарынның сиымдылығы? 3 кг.
- Тістер пішініне қарай нешеге бөлінеді? 4
Биологиялық диктант.
- Ас қорыту мүшесі … басталады. (ауыз қуысы)
- 25 см іші қуыс бұлшықетті мүше … . (өңеш)
- Аш ішектің ұзындығы … метр. (5 – 6)
- Тістің дентин затының бұзылуы … . (тісжегі)
- Ересек адамда … тіс болады. (32)
- … ең ірі ас қорыту безі. (бауыр)
- Аш ішектегі ұсақ өскіндер … деп аталады. (бүр)
- Тағамды дұрыс пайдалану туралы ғылым … . ( диетология)
- Бауырдығ беріштенуі … деп аталады. (цирроз)
- Ауызда … жұп сілекей безі бар. (3)
- Тоқ ішектің ұзындығы … метр. (1,5 – 2)
- Асқазан сөлі құрамында … , … ферменттері бар. (пепсин, липаза)
- Қоректік зат қанға сіңіріледі … ішекте.
- … ішекте негізінен су сіңіріледі. (тоқ)
- Асқорыту жолының ұзындығы … литр.(8 – 10)
5) Үйге тапсырма. Зәр шығару жүйесі.
[bws_related_posts]