Басы » Tәрбие сағаттары » Сырласайық , анашым!

Сырласайық , анашым!

Павлодар облысы
Лебяжі ауданы,Жабағылы ауылы
Жабағылы негізгі білім беру мектебі
Жоламан Гүлден Нұрлыбекқызы
«Сырласайық, анашым!» 
Гульден Жоламан
Сырласайық , анашым!
Тәрбие сағатының мақсаты: халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық,
инабаттылық,іскерлік негізінде тәрбиелеп, ана өнегесінен үлгі алуға, тәрбиелік мәні бар салт-
дәстүрлерді бойына сіңіруге баулу. Танымдық  қабілетін арттыру.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: сайыс тақырыбы, нақыл сөздер,гүлдер, шарлар.
Сайыстың өту барысы:
І. Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі
Мектеп басшысына сөз беру
Қазылар алқасын сайлау
ІІ. Негізгі бөлім.
 
1-    жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
«Сырласайық, анашым!» тойы басталса,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Біздер бұрын көрмеген,
Салт-дәстүрім өшпеген.
Үйренеміз дәріптеп,
Заманында өрлеген.   Армысыздар, құрметті ұстаздар,ата-аналар және оқушылар!Бүгінгі өткелі отырған «Сырласайық, анашым!» сайысына қош келдіңіздер!

2 –жүргізуші:
Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгін міне, ата-аналар және оқушылардың қатысуымен, болатын «Сырласайық, анашым!» атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Әділқазылар алқасының төрағасы – Курмангалиев Алтынбек Умиртаевич

Әділқазылар алқасының мүшелері – Әнбия Рахатбек
                                                                    Суханова Саягүл Болатовна

(Сайыскерлер әр тур сайын бағаланады.Ең жоғарғы баға «10» деген бағамен бағаланады)

1-    жүргізуші:
Сайыс,Сайыс, көңіл шіркін тасысын,
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын.
Өнерлерін аямайтын біздерден,
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін,- дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысушы аналар мен гүлдерді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырамыз.
(Музыка қосылып тұрады,сайкерлер ортаға шығып,сайыс шартымен танысады)
2-жүргізуші:
Енді сайыскерлерімізді сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек
1.     «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл!»  (Таныстыру)
2.     «Кім тапқыр?» (қағаздан қызғалдақ жасау)
3.     «Ана көрген тон пішер»  (аналар ұршық иіреді, қыздар қамыр илейді және оны жаяды) 
4.     «Кім тапқыр?»  (викториналық сұрақтар)
5.     «Сән әлемінде»  ( мода көрсету)
6.       «Ас – адамның арқауы» (ас әзірлеу және оның дайындалу технологиясымен таныстыру)
7.     «Өнерлінің өрісі кең» (өнерлерін көрсету)
 
 
1-жүргізуші:
Ана -өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы .
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.( Аналарға тарту 7- сынып оқушыларының орындауында вальс биі)

2-жүргізуші:
 Армысыздар, айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Ата-баба шежіресін жіктеп,
Таныстыру парызы әр жұптың.
Сәт те келіп қалғандай танысатын,- дей келе ,алғашқы шартымыз бойынша «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл!»  атты таныстыру кезеңі басталады.

1-жүргізуші:

Ай секілді өздері,
Сыңғыр, сыңғыр сөздері.
Қыздарымыз мектепте
Әдемі ғой қалай десек те.(6- сынып оқушылары қыздарға арналған өлең жолдарын оқиды және Саяттың орындауында ағылшын тілінде өлең «Менің қымбатты да қымбатты Анашым»)

 
2-жүргізуші:
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Өнерлілер бар өмірде даңқы асқан,
Көрейік біз өнерін сайыскердің – деп сайыскерлеріміз «Кім тапқыр?» сайысында қағаз қызғалдақты  (2 минутта) қалай жасайтынын көрсетеді.

1- жүргізуші:
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің,аналардың,қыздардың,
Мұң шалмасынкүлім қаққан көздерін – дей отыра (бастауыш сынып оқушыларының өнерін тамашалаймыз)

2-жүргізуші:
Көп сөйлеп, жөн жорадан біз аспайық,
Қандай сайыс болса да біз қашпайық.
Ал, ендеше рұқсат болса,
Сайысымызды бастаық. Келесі сайысымыз «Ана көрген тон пішер».(бұл сайыста аналар ұршық иіреді, қыздар қамыр илейді және оны жаяды.Бұл сайсқа 5 минут беріледі)

2- жүргізуші:
Көңілін халқыңның таптың бүгін,
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып,бақ сынайық.
Байқайық аналардың тапқырлығын – дей келе,бұл шартымыз бойынша «Кім тапқыр?» деп берілген сұраққа жауап беру. ( қойылған сұрақтарға кім көп жауап береді?)

1.Үш биді ата. (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би)
2. Көшпелі қазақтың ұлттық баспанасын ата. (киіз үй)
3. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтты ата. (шашу)
4 Күн жарық па әлде түн жарық па? (күн)
5. Жеті атаны ата (ата,әке, бала, немере, шөбере,шөпшек, немене)
6. Ағаш басында 4 торғай отыр,олардың қасына тағы екі торғай келіп қонды,біраз уақыттан соң тең жартысы ұшып кетті.Неше торғай қалды?
7. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата (әнұран, ту, елтаңба)
8. Қыз ұзатылғанда киетін баскиімді ата. (сәукеле)
9. Екі ақынның өнер сайысы қалай аталады? (айтыс)
10.Ұясы жоқ құсты ата. (көкек)
11.Жүннен жасалатын бұйым түрін ата.( текемет)
12. Қырық өтірік айтқан баланы ата. (Тазша бала)
13. Үш байлықты ата. (денсаулық, ақ жаулық,он саулық)
14.Төрт түліктің жайылымы қалай аталады? (өріс)
15. Ұлттық валютамыз қашан айналымға енді. (1995 жылы 15 қараша)
16. Ұлыс күні жасалатын сусынды ата. (наурыз көже)
17. Ананың көңілі балада,………………..
18. Үш жұртты ата.(өз жұрты,нағашы жұрты, қайын жұрты
19. Еңбектің наны тәтті, ……………………………
20.  Мойынға салатын алтын бұйымды ата. (алқа)

1-жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар –
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар (ортаға өз өнерлерін көрсету үшін шағын орталықтың бүлдіршіндерін шақырамыз)
 
2-жүргізуші:
Бәрімізге анасың,
Маған шам боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын,анашым! (6 — сынып ұлдарының орындауында «Анашым әні»)

1-жүргізуші:
Шеберлердің өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата- баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз көрейік талаптының өнерін — дей келе «Ана көрген тон пішер» сайысымызда қолдан жасалған сән үлгілерін көрсетеді.
1-жүргізуші:
Ардақты ана,аяулы ана, қымбаттым,
Тірлік тілеп маған талай түн қаттын.
Өміріме азық болды ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
(аналарға қанша ән, қанша жыр арнасаңда аздық етеді.Өйткені, ол – Ана.Сондықтан бүгін аналарды құттықтаудан шаршамайық.ортада 5- сыныптың орындауында «Аяулы анашым» әні)

2-жүргізуші:
Осындай болып жатты ұлы жиын.
Жиынның мыңнан бірін айту қиын.
Еті тау,қамыры көл деуге болар,
Тартқанда алдыңызға астын сыйын,- яғни, «Ас – адамның арқауы» деп аталатын бұл шартымызда тағам дайындау және оны қорғау.Дайындалу технологиясымен таныстыру.
1-жүргізуші:
Сымбатына өнері жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па,
Сайыскерлепге қызығып қарасаң шын- «Өнерлі өрге жүзер» сайысында сайыскерлеріміз өз өнерлерін ортаға салады.
2-жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда- (келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз.Әр сайыскердің жинаған ұпай санын қорытындылап, жеңімпаздарды анықтаймыз.Ал, қазылар алқасы қорытынды шығарғанша Кенесарының орындауында «Мама» әнін тындайық)
 
Жеңімпаздарды марапаттау.
 
1-жүргізуші.
— Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Өнерлерің шыңдала берсін,қалыспаңдар
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар.
  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *