Жаңаөзен политехникалық колледждің
педагогика және психология оқытушысы
Эбиева Сагира Исенбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Оқытушы іс-әрекетіндегі қарым-қатынас стильдерінің маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Танымдылық: Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынас жасау жолдары туралы түсінік беріп, болашақ мұғалімдерге қарым-қатынас стильдерінің түрлерін түсіндіру ;
Дамытушылық: Оқушылармен қарм-қатынас жасай отырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, танымдық қабілеттерін жетілдіру; Ойын тиянақты,жүйелі,мәдениетті сөйлей білуге,ғылыми шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Іс-әрекетті нақтылы орындауға, ұқыптылыққа,әдептілікке,эмоциялық қалпын бір қалыпты ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция-презентация
Сабақтың оқыту әдістері: Интерактивті технологиялық әдістерді (аннимациялық слайдтар мен презентация жасау) лекция сабағында қолдану
Көрнекілігі: Оқулық,карточкалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Педагогика, жаңа педагогикалық технология.
Оқу (оқыту): Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 2-3 минут
Оқушылармен сәлемдесу; түгендеу; құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
Үш топқа бөліне отырып,үй тапсырмасын айтып, сұрақтарға жауап беру .
1. Үш топтан бір-бір оқушы үй тапсырмасын слайдпен түсіндіреді.
Карточкалармен жұмыс.
ІІ. Сергіту сәті
ІІІ.Жаңа сабақ
ЖОСПАР
1. Қарым—қатынас туралы жалы ұғым
2. Қарым—қатынас стильдерінің түрлері
3. Авторитарлық
4. Демократиялық
5. Либералды
Адам қоғамда өзін қоршаған адамдартобында өмір сүреді және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мінез-құлық қщгертеді., топтың басқа мүшелерімен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлі байланысты сезінеді.
Қарым-қатынас психологиясы мынадай құбылыстарды зерттейді; адамдардың бір-бірін қабылдауы және түсінуі, еліктеуі, сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, біріккен іс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.
Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі-мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болуы. Мұғалім сөздігінің сенімділігі-айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады. Сонымен қатар, шебер педагог сабақты түсіндіріп тұрған кезінде сөзінің көпшілігін баяндау ретінде өткізбей, жалғыз өзі сөйлеп тұрса да оның сөзі екі кісі арасындағы әңгіме сияқты болып келеді.
Сабақта сынып оқушыларын үйіріп әкету үшін мұғалім әсерлі сөзімен өзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларға түгел ие болу, негізінде, баяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге және жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасалуына байланысты.
Мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль.
Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушыларөз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты,сабақты мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
Демократиялық стилде оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді.Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық,өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералды стильде мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырайды. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер мөлшерсіздігінен аузы барынша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.
ІҮ. Тест
«Адамдармен қарым-қатынас жолдары». Өміріміз айналамыздағылармен тығыс қарым-қатынас құралған. Өкінішке орай арада кейде түсінбеушілік, керістер болады. Себебі неде? Қате кімнен? Мүмкін өзіміз адамдардың көңілін түсініп тыңдай білмейтін шығармыз? Осы сұрақтарға жауап алу үшін сізге тест «Өз-араңызда қандайсыз?» ұсынамын.
Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?
А). Бір қалыпты – 3 ұпай
Ә). Өрши түсемін – 2 ұпай
Б). Үндемей құтыласыз — 1 ұпай
2. Достарыңызбен ара-қатынасыңыз қалай?
А). Жиі араласып тұрасыз – 3 ұпай
Ә). Онша араласпайсыңыз – 0 ұпай
Б). Реті келгенде — 2 ұпай
3. Демалыс күніңізді қайда өткізесіз?
А). Үйде – 3 ұпай
Ә). Достарыңызбен бірге – 2 ұпай
Б). Кино, кафе, дискотекада — 3 ұпай
4. Газет-журнал оқып тұрасыз ба?
А).Иә – 0 ұпай
Ә). Уақытыңыз болғанда – 3 ұпай
Б). Анда-санда — 2 ұпай
5. Әдемі киінгенді ұнатасыз ба?
А).Әрине – 3 ұпай
Ә). Киім таңдамайсыңыз – 2 ұпай
Б). Модамен киінесіз — 0 ұпай
6. Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе?
А).Иә – 4 ұпай
Ә). Жоқ – 3 ұпай
Б). Біреудін шаруасына араласпайсыңыз — 1 ұпай
7. Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыңыз?
А).Бір қалыпты – 3 ұпай
Ә). Үндемей қаласыңыз – 0 ұпай
Б). Жеңілдей сезінесіңіз — 1 ұпай
10-15 ұпай. Сіз бір қалыпты жансыз. Ұрыс-керісті жаныңыз қаламайды. Айқай-шудан басыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Араға түсіп, арашалап алу дегенді білмейсіз. Ашуыңыз келіп тұрса да, үндемей құтыласыз.
16-25 ұпай. Ұрыс – керіс болса-ақ ешкімге бағынбай өршелене түсесіз. Тырнақ астынан кір іздеп, сол адамды жеңуге тырысасыз. Өзгенің пікіріне қосылмай, тек өзіңіздікін дұрыс деп бағамдайсыз. Сіздей жанмен бір шаңырақ астында өмір сүру қиынға түсері айдан анық. Жалғыз қалмау үшін әр дайым ұстамды болғаныңыз дұрыс болар. Мәдениетті адам болғандықтан «Сабырлы жетер мұратына» деген мақалға еріп, әр керісті сабырлықпен шешу керекпіз.
Ү.Бекіту сұрақтары:
1. Сабақта мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін атаңыздар?
2. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынас жасау стильдерін атаңыз?
3. Авторитарлық стиль дегеніміз?
4. Демократиялық стиль дегеніміз?
5. Либералды стиль?
ҮІ. Бағалалау
Үйге тапсырма беру.
Кесте толтыру (мұғалімдердің оқушыларға жүргізетін қарым-қатынас стильдерін жазу.) Дәріс бойынша түсінік айту.
[bws_related_posts]