Басы » Бастауыш сыныптар » Білімді тиянақтау

Білімді тиянақтау

Солтүстік  Қазақстан  облысы
Жамбыл ауданы, Баян  ауылы
КММ«Баян  орта  мектебі»
Бастауыш сынып  мұғалімі 
Бекжанова Арайлым Мергенбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың өткен тақырып  бойынша  білімдерін жүйелеу,тиянақтау.
Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорларын молайту,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: алға қойған мақсаттарына жетуге,нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру.
Типі: қайталау.
Түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық  байланыс: математика, дүниетану.
Көрнекілігі:кесте,құстардың және оларға берілетін жем суреттері,сандар.
Психологиялық дайындық:
Ойға толы санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
-Балалар,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Біз қазақпыз,қонақжай елміз.Бүгін бестік баға алып,қонақтарымызды қуантайық.
Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді  ортаға сала отырып,қыстап қалған құстарға көмек көрсетулерің керек.Құстарды жем шашар  ыдысқа қондырамыз.
1-тапсырма «Бой жазу» Сұрақтарға жауап алу
1.Бір сағатта неше минут бар?
2.Оқу жылының соңғы айы қай ай?
3.Қосуға кері амалды ата.
4.Ережені аяқта:қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен……………………………
5.Бір аптада неше күн бар?
6.Қосу амалының нәтижесі.
7.Ұзындықтардың өлшем бірліктерін ата.
8.5-6 бұрышы бар геометриялық фигураны ата.
9. Азайтуға кері амалды ата.
10.Периметрді қалай табамыз?
-Жемшашар ыдысқа торғай ұшып келді. Балалар, торғай туралы не білеміз?
Оқушы: Торғай- ең таныс құс.Бүкіл жерде адамның жанынан табылады.Адам бар жерде,торғай да бар.Көбіне топталып жүреді.Ұясын әр жерге сала береді,тіпті көше шамдары мен пошта жәшіктеріне де.Бір жылда екі рет ұя салады.
2-тапсырма: «Кім жылдам?» Амалдарды орындау: есептер шешілген сайын құстардың жемі салынады.
57-40                          24-10                            48+13
60+27                         60+34                            18-12
40+16                         40+28                            56+43
Жемшашарға суықторғай ұшып келді.
Оқушы: Суықторғай орманды жерлерде өмір сүреді.Қазақстанда қазан айынан наурыз айына дейін болады.Олар біздерге қыстауға келеді.
3-тапсырма:  Сөзді есепті шешу.
Шебердің біреуі-20 қамшы        ?
Шебердің екіншісі-4 қамшы кем өрді
Ұшып келген құс қарға.
Оқушы: Қарға-бұл бәрімізге өте таныс құс.Бұл жыртқыш.Ұсақ құстарды,олардың балапандарын,жұмыртқаларын аш болса жеп қояды.Қарғалар өте ұзақ өмір сүреді.100 жылға дейін.
4-тапсырма:Оқулықпен жұмыс: теңдеуді шешу.
а+9=6+8                       а-7=15-9                     18-а=13-4
Ұшып келген құс көкшымшық.
Оқушы: Көкшымшық-Алатау,Алматы жағында болады.Өзге жерлерде сирек кездеседі.Бір жылда екі рет балапан басады. Тамақтандыратын біреу болса қуана-қуана ұшып келеді.Зиянды  жәндіктерді өте көп құртады.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
5-тапсырма:Өрнек құр және оның мәнін тап:
30 бен 6-ның қосындысынан 4-ті азайт;
45 пен 3-тің айырмасын тап;
89-дан 6 мен 2-нің қосындысын азайт;
54 пен 20-ның қосындысын тап;
38-ден 5 пен 3-тің қосындысын азайт;
26 мен  2-нің айырмасына  5-ті қос.
Жемшашарға қайшыауыз ұшып келді.
Оқушы: Қайшыауыздардың тұмсығы мүлдем ерекше:шеттері қатты майысқан.Олар сол тұмсығымен шыршаның бүрлерінен тұқымын аршып жейді.
6-тапсырма:Берілген сандарды кестеге цифрмен жаз:
2 жүздіктен   8 ондықтан   5 бірліктен  құралатын;
6 ондықтан құралатын;
1 жүздіктен   4 бірліктен құралатын;
7 ондықтан  және  1 бірліктен құралатын;
8 ондықтан   5 бірліктен  құралатын;
3  жүздіктен  2 ондықтан  құралатын;
2 жүздіктен  құралатын.

 

 

 

Жүздік Ондық Бірлік
     
     
     
     
     
     

 

Жемшашарға  тоқылдақ   ұшып келеді.

Оқушы: Бұл құсты кішкене кезімізден білеміз. Бұл орман емшісі. Ағаштарды зиянды жәндіктерден құтқарады.Бұлар ешқашан топталып ұшпайды.

Салынған жем болса,оны да жейді.

7-тапсырма «Қызығушылықты ояту» Ертегі есеп.

Бұрынғы ерте заманда қу түлкі далада  жортып келе жатса,көп балыққа  кез болыпты.Қуанғанынан  бар дауысымен «Шіркін,осы балықтың бәрін өзім жесем ғой»,- деп айқай салыпты.Түлкінің бұл дауысын аш қасқыр естіп қалып:»Әй, түлкішек балығыңның жартысын маған бер, әйтпесе өзіңді қоса жеймін,»- депті. Сонда түлкі «Әрине,қасеке,сізге бермегенде кімге беремін?»- дейді.»Ендеше екеуімізге тең бөл»,-депті қасқыр.Түлкі балықтарды бөле бастайды.»Біреуі саған,екеуі маған,үшеуі саған,төртеуі маған, бесеуі саған,алтауы маған, жетеуі саған,сегізі маған,тоғызы саған,оны маған».

Қасқыр:»Балалар, көмектесіңдерші кімнің балығы көп?»

Күнделікті енді ашайық,

Үй жұмысын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай есте сақтап алайық.

Үй тапсырмасы:  4-есеп:  Өрнектің мәнін табу

Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *