Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
информатика пәнінің оқытушысы
Тенизбаева Кенжетай Бектуровна
Сабақтың тақырыбы: «Анимация. Презентацияны көрсету»
Білімділік: PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып компьютерлік презентация құруға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,
уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту, жеке және жұппен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың технологиясы: Ақпараттық технология
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жобалау әдісі
Сабақтың бағдарламалық жабдығы: Microsoft PowerPoint бағдарламасы, суреттерді
қарауға арналған бағдарламалар.
Сабақтың құрал – жабдығы: Дербес компьютер, интерактивті тақта, сандық
фотоаппарат, үлестірмелі қағаздар.
Жоспар:
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).
2. І кезең. Жобаның тақырыбын таңдау. Шығармашылық топтарды құру. Әр топтың міндеттерін бөлу. Тақырып бойынша жаңа материалды түсіндіру. (10 мин).
3. ІІ кезең. Жобаға қатысушылардың жеке жұмысы және шығармашылық топтармен жұмыс. (20 мин).
4. ІІІ кезең. Жұмысты қорғау. Ұжым болып талдау (10 мин).
5. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма (3 мин).
Жобамен жұмыс кезінде кезеңдер бойынша оқытушымен студенттің іс – әрекеті.
Кезеңдер |
Оқытушының іс — әрекеті |
Студенттің іс — әрекеті |
І. Жобалау тапсырмасын әзірлеу |
||
1.1 Жобаның тақырыбын таңдау | Жобаның тақырыбы. «Кел, танысайық!» Оқытушы ұсынады. | |
1.2 Жобаның тақырыпшаларын таңдау. | Оқытушы 5 тақырыпша ұсынады:
1. «Біздің колледж»; 2. «Біздің топ»; 3. «Біздің топ жетекші»; 4. «Біздің топ басшы»; 5. «Біздің мамандық». 6. «Біздің өлке» |
Студенттер келіседі немесе өз тақырыпшаларын ұсынады. |
1.3 Шығармашылық топтарды ұйымдастыру | Оқытушы студенттердің іс-әрекеттерін үйлестіріп, кеңес береді | Студенттер өз рөлдерін анықтайды (редактор, дизайнер,фото тілші, оператор) және сәйкесінше жұптарға бөлінеді: 6 жұп, әр жұп (редактор және безендіруші) бір слайд өңдейді |
1.4 Жұмыс жасауға материалдар таңдау. | Оқытушы жаңа материалды баяндайды, сонымен қатар әр жұптың тапсырмаларын тұжырымдайды, материал таңдау көздерін көрсетеді. | Студенттер жаңа материалды дәптерлеріне түртіп алады, оқытушымен бірге талқылайды, өз жұбының тапсырмаларын жазып алады. |
ІІ. Жобаны құру және безендіру. |
||
Оқытушы кеңес береді, жеке көмектер көрсетеді. | Студенттер жұптары бойынша жұмыс жасайды.
1. Редакторлар мәтін құрастырып тереді және оны өңдейді. 2. Дизайнерлер слайдты безендіруге шаблондар таңдайды, суреттермен сәндейді, анимация қояды. 3. Фото тілші керек суреттермен қамтамасыз етеді. 4. Оператор сабақ барысын бейне таспаға түсіреді. |
|
ІІІ. Жобаны қорғау |
||
Оқытушы жұптардың жұмысын қорғауды ұйымдастырады. | Студенттер өз жұптарымен жобаларын қорғайды. Берілген критерии бойынша жұптардың жұмыстарын бағалайды және ұпайларын кестеге толтырады. | |
IV. Қорыту |
||
|
Жұптарға қойылған бағаларды қорытады. | Студенттер үлестірме қағазға жаңа сабаққа баға береді. |
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлематсыздар ма қонақтар, студенттер! Біз бүгін Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып мультимедиялық компьютерлік презентация құруды жалғастырамыз, слайдта орналасқан объектілерге анимация беріп, презентациямызды көрсетуді үйренеміз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ — жауап (слайд 2-3)
Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтаға назар аударып бүгін жұмыс жасайтын тақырыптарымызбен танысайық. (слайд 14)
1. «Біздің колледж»;
2. «Біздің топ»;
3. «Біздің топ жетекші»;
4. «Біздің топ басшы»;
5. «Біздің мамандық».
6. «Біздің өлке»
Осы тапсырмаларды орындай үшін бізге кімдер керек солармен танысайық.
- 1 топ редакторлар 6 студенттен тұрады. Олар тақырыпқа сай мәтін құрайды, оны өңдейді.
- Мәтін қаншалықты қызық жазылса да безендірілмесе әдемі көрінбейді. Сондықтан бізге дизайнерлер керек. (6 студент)
- Фото тілші керек суретпен қамтамасыз етеді.
- Сабағымыздың барысын бейне таспаға түсіру үшін бейне оператор керек (1 студент).
Студенттерге нөмірленген түрлі-түсті үлестірмелі қағаздар таратылады:
- Көк түсті (1 ден 6-ға дейін) үлестірмелі қағаз алған студенттер тілші редакторлар тобын құрады.
- Қызыл түсті (1 ден 6-ға дейін) үлестірмелі қағаз алған студенттер безендіруші дизайнерлер тобын құрады.
- Сары түсті үлестірмелі қағаз алған студенттер мен оператор рөлін атқарады.
Бір слайдты екі студент өңдеп шығарады: редактор және безендіруші. Үлестірмелі қағаздарындары цифрлары бірдей студенттер жұп құрайды.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Power Point презентациясы өзге бағдарламалардан мультимедиялық объектілерді, анимацияланған суреттерді аудио, видео үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретенідігімен ерекшеленеді.
Power Point бағдарламасы қарапайым объектілерге анимация қоюға мүмкіндік береді. Анимацияның көмегімен презентацияларды көрсету кезінде қай элемент қай кезде және қалай шығу керек екенін жасауға болады.
Кез – келген объектіге анимация қою үшін Анимация – Настройка анимации – Добавить эффект әмірін орындаймыз.
Презентацияны көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін біліп алуымыз керек. Өз бетімен, нұқыған кезде, дыбыстық сүйемелдеумен т.б.
Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағынан Показ слайдов – С начала әмірін орындаймыз немесе F5 пернесін басамыз. Көрсетуді ағымдағы слайдтан бастау үшін Показ слайдов – С текущего слайда әмірін орындаймыз.
Слайдтар көрсетілімін тоқтату үшін Esc пернесін басамыз.
ІV. Жобаны құру.
Тілші редакторлар жобаның тақырыбына сай мәтіндер теріп, өңдейді. Безендіруші дизайнерлер нөмірлеріне сәйкес редакторлармен жұптасып, слайдтарды безендіреді.
Қосымша материалдар:
Мақал — мәтелдер
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.
(Аттың сыры иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі сайтты қалай жасаса да.
(Қазаншының өз еркі қайдан шығарса да)
6. Білмесең «анықтама»-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
7. Антивирусы күштіні вирус ала алмайды.
(Досы күштіні жау алмайды)
8. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кәріге күл)
9. Компьютерде екі колонка дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Әріп орындары ауысып керкен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек.
сөздер |
жауаптары |
Ретьюмопк | Компьютер |
Демом | Модем |
Лайф | Файл |
Ротином | Монитор |
Нирперт | Принтер |
Красен | Сканер |
Тиврсутиан | Антивирус |
Қателерді тап:
Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік қорабын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көремін.
Меніңше, суреттер салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Microsoft Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен сурет салып қана қоймай, оның кез-келген бөлігін бояймын. Тінтуірмен әріптерді теремін. Оған қоса осы бағдарлама арқылы есеп шығарамын. Өз жұмысымның нәтижелерін PowerPoint-та .bmp форматында сақтаймын.
Microsoft Access-те мәтінмен жұмыс жасаймын.
V. Жұмысты қорғау.
Интерактивті тақтада жұптар жобаларын қорғайды. Редакторлар құрастырған мәтіндерін оқиды. Студенттер жұптардың жұмыстарын бағалайды, берілген критерийлер бойынша кестеге ұпай сандарын толтырады. (қосымша №1) Қорытындысы шығарылады.
VI. Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз сабақта компьютерлік презентацияға анимация қойып, оларды көрсетуді үйрендік.
— Анимацияны қалай түсінеміз?
— Объектілерге анимация қалай қойылады?
— Презентацияны қалай көрсетеміз?
Әр студент үлестірмелі қағаздардағы сұрақтарға жауап береді. (қосымша №2)
VII. Үйге тапсырма
«Менің қызығушылығым» тақырыбына компьютерлік презентация құру.
VIIІ. Бағалау
Қосымша №1
Бағалау критерилері |
5 ұпайлық жүйемен жұптардың жұмысын бағалаңыз |
|||||
1 жұп |
2 жұп |
3 жұп |
4 жұп |
5 жұп |
6 жұп |
|
|
||||||
|
||||||
|
||||||
|
||||||
|
||||||
Барлығы: |
Қосымша №2
Сабақтың тақырыбы: | |||
Студенттің аты — жөні | |||
Сізге сабақ ұнады ма? | ұнады | ұнамады | |
Сіз сабақтан көп нәрсе білдіңіз бе? | көп | толық емес | ештеңе ұқпадым |
Сабақтағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз. | өте жақсы | жақсы | қанағаттанарлық |
[bws_related_posts]
мне срочно нужно презентация