Басы » Баяндамалар » ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Сармалаева Сауле Каримовна

Маңғыстау гуманитарлық колледжі, Ақтау қаласы

Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарында  бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген  әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.
Зерттеп отырған құзыреттілік  мәселесін, кәсіби құзыреттілік  туралы Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлибекова, А.Дорофеев, А.Б.Ежова, А.В.Райцев, Б.Б.Кенджаева, М.Ж.Жадрина, Г.Қасымова, Р.Даулетова және т.б. еңбектерінде қарастырады.
“Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”,  “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді.
Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.
Ғалым С.М.Вешнякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Кәсіби құзыреттілік (латын сөзі) competenens — қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген.
Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «кәсіби құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі.
Сонымен педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы   маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет:

бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Колледжде мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда, студенттердің құзреттілік қабілетінің артуына мүмкіндік жасауда оқу – тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін, педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану көзделеді.
     Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге, оқушы-студенттің құзіреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
Оқу үрдісін жетілдіруді жаппай қолға алу; оның ғылыми — әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру техологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту- тәрбиенің негізі.
Жаңа технологияның өзін мұғалім түрліше/ орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен/ іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушының әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Сабақта оқытушы студенттерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуі керек. Оқытушы қауымнан студенттер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етеді.
Жеке тұлғаны білімге, өмірге бағыттауға тәрбиелеу үшін студенттердің өз бойынан дәл осындай жұмыс түрлерін өткізгенде ғана нәтиже берері анық.
Олай болса, студенттердің коммуникативтік құзіреттілік қабілеттерін дамытуда жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Студенттер әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады:
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)
II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру)
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор.
Ойын технологиясы бойынша студенттермен «Іскерлік ойын», «Идеялар банкі», «Сюжетті ролдік ойындар»  арқылы сабақтар жүргіземін.
Іскерлік ойында «Балалар бақшасындағы серуен» тақырыбын алатын болсақ, студенттерді үйге берілген тапсырмалар бойынша   мынандай рөлдерге: тәрбиеші, балалар, меңгеруші, әдіскер етіп бөліп, әр қайсысының мақсатымен таныстыру, тапсырмалар беру арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Ойын барысында ойнаушылар педагогикалық процестің ішкі дүниесіне көз жіберіп, бала мен тәрбиеші арасындағы қарым – қатынасты танып, әдіскер мен меңгеруші жұмысының тікелей қандай жұмыстар атқаратынын білуге мүмкіндік туады.
     Идеялар банкі. Топтың алдына бір міндет қойылады / мысалы: тәрбиешінің ата – аналармен жүргізетін тиімді жұмыстары/ осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды бір топ жинап алып, оларға баға береді. Сонда бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылады, ол топтармен талдау жасалып, бағаланады.
     Біліміне қарай саралап оқыту технологиясын пайдалануда мен студенттердің мүмкіндіктерін, талап – тілектерін ескере отырып тапсырма беремін. Мысалы: «Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері» 2,3 студент баяндама жасап келсе, кейбір оқушыларға ата – аналармен жүргізілетін сауалнамалық сұрақтар, педагогикалық кеңестер, сөзжұмбақ құрастыру тапсырмаларын беру. Тапсырма алмаған студенттерге карточкілермен сұрақтар, педагогикалық жағдаяттарға жауап  дайындатуға болады.
  Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика, Алматы – 2002 ж.
2. Поляков С.Д. Технология воспитания, 2008 ж.
3. Майғаранова Ш., Иманбаева С.,ӘшімбаеваБ. «Тұлғалық бағдарлы тәрбие технологиясы», Алматы.2010ж.
4 С.Б.Бабаев, Ж.Қ. Оңалбек Жалпы педагогика,  Алматы – 2007 ж.
5. Г.К.Ахметова, З.А.Исаева, Н.С. Әлқожаева Педагогика, Алматы – 2007 ж.

 

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *