Шонтыбаева Гүлшара
Сабақтың тақырыбы: Баланың айласы
Сабақтың мақсаты:
1.Адам бойына сіңіруге тиісті жақсы қасиеттермен таныстыру,мәтін мазмұнын ұғындыру.
2.Өнерлі , білімді,тәрбиелі болуға баулу
3.Сөздік қорын,тіл байлығын,ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:тест,ребус,сызба,кесте,слайд
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру Мақал құрастыра отырып, оқушыларды екі топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасы
-Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
1-бөлім. «Тапқыр болсаң талас жоқ» бөлімінде өткен материалды пысықтау мақсатында тест жұмысын жүргіземін.
-Біздің өткен тарауымыз қалай аталады?
-Ата-бабам тарихы-менің тарихым.
-Дұрыс олай болса тараудағы мәтіндер бойынша тест жинақталған 4 жауабы бар А,Ә,Б,В.Дұрыс жауабын қолдарыңыздағы бетшеге белгілейміз.
Тест
1.Бұқар жыраудың « Жау тигенде –жарағым,
Алыстан асып дау келсе,
Түрулі тұрған құлағым»,- деп келетін жыр жолдары кімге арналған?
А.Абылайға
Ә.Қабанбайға
Б.Бөгенбайға
В.Махамбетке
2.Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата
А.Ер жүрек
Ә.Ақжолтай
Б.Қайсар
В.Батыр
3.Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер.
Ол кім?
А.Махамбет
Ә.Исатай
Б.Амангелді
В.Нұркен
4.Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
А.Аштық жылдары
ӘСоғыс жылдары
Б.Репрессия жылдары
В.Жоңғар шапқыншылығы
5. «Ол кезде С.Сейфуллиннің әлі ақталмаған,есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді» деген негізгі ой қандай шығармаға арқау болған?
А.Б.Майлин «Күлпаш»
Ә.З.Шашкин «Азаттық жолында»
Б.Т.Кәкішев «Мәңгі жасар өмір»
В.Ш.Мұртаза «Интернат қоймасы»
6. 6. Н.Айтовтың “Нұркен”, М.Ғабдуллиннің “Батыр Бауыржан”, К.Қазыбаевтың “Ту тіккен Рақымжан” әңгімесінде ортақ тақырып қайсы?
А) Азамат соғысы
Ә) Ұлы Отан соғысы
Б) Желтоқсан оқиғасы
В) Репрессия жылдары
7.»Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды.Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр» деген жолдардағы негізгі ойға құрылған шығарманы ата
А.К.Табей «Ол ақын болар ма еді?»
Ә.Ә.Нұржайықов «Музейдегі зеңбірек»
Б.Н.Айтов «Нұркен»
В. Т.Кәкішев «Мәңгі жасар өмір»
8.Қабанбай,Бөгенбай есіміне байланысты ел басынан өткен кезеңді ата.
А.Желтоқсан оқиғасы
Ә.Ұлы Отан соғысы
Б.Жоңғар шапқыншылығы
В.Аштық жылдары
9.Исатай,Махамбет батырлар заманында билік құрған ханды ата?
А.Абылай
Ә.Кенесары
Б.Қасым
В.Жәңгір
10.Мәтін құрастыру үшін қойылатын басты талапты ата
А.Табиғаттың суреттелуі
Ә.Мәтіндегі оқиғалардың өзара байланысты болуы
Б.Кейіпкерлердің болуы
В.Тарихи оқиға суреттелуі
(Дұрыс жауап көрсетіп отырған топ мадақталады)
Енді 2-бөлімімізді «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады.Мұндағы ребусты шешу арқылы жаңа тарауымыздың қалай аталатындығын білеміз.
ІІІ.Жаңа сабақ
Ребус шешу
,,,,,, ,, , , ,, ,, ,
Н «Жақсыдан үйрен»
Оқулығымыздың 173-бетті ашу
-Жақсы , балалар!Енді мына кестеден мақал-мәтелдер жазылған ,аң жағында түйін сөздер жазылған.Әр мақалға сол мақалдың негізгі ойы болып тұрған сөзде сәйкестендіреміз.
Мақал-мәтелдер Түйін сөздер
Басыңа іс түссе ,
Жақсы дос көмек етеді,
Жаман дос күліп өтеді Сабырлы болу
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі. Адал достық
Сабыр түбі-сары алтын әдептілік
Адамдықтың белгісі-
Иіліп сәлем бергені Тәрбиелі,өнегелі болу
Әдептілік адал достық өнерлі болу
Үлкенді сыйлау кішіпейіл болу білімді болу
-Өте жақсы! Біз осындай жақсы қасиеттерді бойымызға жинауымыз керек.
Олай болса балалар,бүгінгі күннің жадын,автор,тақырыпты дәптерімізге жазып аламыз.
Желтоқсанның төрті
Ыбырай Алтынсарин
Баланың айласы
-Ыбырай Алтынсарин кім?
-Оның қандай өлең,әңгімелерін білесіз?
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)-жазушы,ақын,ағартушы ұстаз.Ыбырай Орынбордағы оқу бітіріп,ұстаз болып шықты.Торғай қаласына мектеп салдырды.Ол қазақ даласының жарық жұлдызы.Ол қазақ балалары үшін тұңғыш рет мектеп ашып, оқулық жазды.Белгілі жазушы Спандияр Көбеевте Ыбырайдан сабақ оқыған,соның тәрбиесінде болған.
1 Мәтінді түсіндіру
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс
Төре (төрелік)-бұл жерде шешім
Әйдік-үлкен
2.Мәтінді оқу
3.Мәтінді оқушылар іштей, тізбектей оқиды
ІV.Сабақты бекіту
«Зерделіге жол ашық» бөлімі бойынша мына пікірге кім нақты дәлел келтіре алады?
Жақсылыққа жамандық бар Жақсылыққа тек жақсылық бар
(Балалар пікірі тыңдалады)
-Енді мына сурет қандай оқиғаны белгілейді?Мәтінге сүйеніп,осы сурет бойынша кім әңгіме құрайды?
«Көршіңмен ақылдас» ойыны
-Көшеде келе жатып әдемі сандықша тауып алсаң,не істейсің?
V .Үйге тапсырма.Мәтінді мазмұндау,сұрақтарға жауап беру
VІ. Балаларды бағалау.