Шонтыбаева Гүлшара
Сабақтың тақырыбы: Қ. Боянбай Боз биі
1. Білімділік: Үй жануарларының адам өміріне пайдасын оқушы жадына қалыптастыру. Оқи білуге, өз ойларын айта білуге, өз ойларын айта білуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.Қымыз туралы мағлұмат беру
2. Тәрбиелік: Үй жануарларын аялай білуге, оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Үй жануарларының пайдасы жайында балалардың ойларын айтқыза отырып, ой-өрісін, ойлау қабіліетін, сөздің қорын дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка,математика
Әдісі: сұрақ-жауап
Түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
-Балалар, бүгін ана тілі сабағы ерекше, өйткені сендердің білімдеріңді тексеруге көптеген апайлар келіп отыр.
-Қане кім айтады, Үйге қандай тапсырма берілді?
1-бөлім. Білімге құштарлық
ІІ. Үй тапсырмасы
«Жылқы» мәтіні мазмұнын айту.
3-4 оқушыдан сұралады.
2-бөлім. Қайталау-білім анасы.
-Өте жақсы балалар, үй тапсырмасына жақсы дайындалып келген екенсіңдер. Қане, кім айтады, сонымен төрт түлік малға нелер жатады?
-қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы.
-Кім айтады төлдерді қалай шақырамыз?
Қой-пұшайт, пұшайт
Ешкі-шөре-шөре
Құлын-құрау, құрау
Сиыр-аухау, аухау
Бота-көс, көс
3-бөлім. Жүйрік болсаң жасыңнан. (Жаңа тақырыпты математикалық есептер шығару арқылы ашу)
ІІІ. Жаңа сабақ
— бүгін біз Қастек Баянбаев ағамыздың «Боз бие» өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді оқып түсіндіру
Адам баласынын ер адам, әйел адам немесе ұл бала, қыз бала деп бөлінуі секілді,жылқы малы да – аталық,аналық болып бөлінеді екен. Бие- жылқының аналық түрі, ол төлдейді.Төлі құлын деп аталады.
Боз бие деп түсіне қарай айтылған.Яғни аққа жақын, ақшыл түсті биені «боз бие» деп атайды.Бие сүтқоректі жануар.
Ол құлынын емізеді.Біз биені құлындағаннан соң сауып,сүтінен қымыз дайындаймыз.
Қымыз-бұл қазақтың әрі тамағы, әрі дәрісі,әрі сусыны.Биенің ашытылмаған жаңа сауған сүтін- саумал,ашытылған сүтін- қымыз деп атайды.
Жылқы сорпасы да, майы да үскірік суық болса да қатпайды. Жылқының қымызы өкпе ауруының мың да бір емі. Бұл да жылқы сүтінің күштілігінен. Жылқы етінің өзге еттен қуаттылығына тағы бір мысал: өзге малдың денесіне жаздыңгүні жара түссе, шыбын қонып құрттайды. Оны емдемесе, құрт ішіне түсіп, өліп қалады. Ал жылқының еті құрттаса, таза етіне жеткеннен кейін өліп, түсіп қалады. Тағы бір ерекшелігі жылықының терісінің иісіне жылан жоламайды. Далаға қонған адам жылан келмесін десе, атанаң ер-тұрманын айнала жайып тастайды. Ал жылан шаққан ад�
�мға аттың терін ішкізсе, мыңда бір ем болады екен. Ендеше, жылқының сүті мен еті былай қойғанда, терісінің өзі асыл болғаны ғой.
Қымыз-бұл қазақтың әрі тамағы, әрі дәрісі,әрі сусыны.
Қымыз-құнан, дөнен, бесті болып бөлінеді.Бестісі бабына келгені,күштісі.Бесті дейтіні-сабада тұрып қотарылмай әбден ашығаны.Бұл кезде қымыдың иісі аңқып,кісіні анадайдан түшкіртеді. Киіз үйдің сыртынан білінеді.
Бие баудағы билері күндіз алты-жеті рет сауылады. Саумалды сабаға суытып құю керек. Бұны алғашында көжемен, табылса рауғашпен ашытады. Қымыз ыдысты талғамайды. Саба неғұрлым жылқы терісінен жасалса жақсы. Қымыз жерді де, ауа райында да талғайды. Салқын тауды ұнатады. Ыстық жерде быжып, ашып кетеді.
Жеті қазына: 1. Қыран бүркіт 2.Жүйрік тазы 3.Сұлу әйел 4.Ер жігіт 5.Ақыл-білім 6.Берен мылтық 7.Жүйрік ат
Жылқы атаулары: алты айдан бір жасқа дейінгісін жабағы, бір жастан асқанын тай, екі жастан асқанын құнан,үш жастан асқанын дөнен,бес жасарын бесті,сосын алты жасар деп атайды.
Ат құралдары:
1. Ноқта
2. Шылбыр
3. Терлік
4. Қамшы
5. Төс тартпа
Өлеңді мәнерлеп оқу
Балалар өлеңді іштей оқиды.
Өлеңді тізбектей оқу
Сергіту сәті: «Төлдер» әні (оқушылар хормен орындайды)
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын, тақырыпты жазу.
Оқулықпен жұмыс
23-жаттығу
Кісі аттарын алфавит ретімен көшіріп жазу
Қайрат, Сәуле,Еркебұлан, Асылтай, Болат, Ораз, Әлия, Гүлнәр, Дәулет
4-бөлім Тапқыр болсаң-талас жол.
24-жаттығу.Адамдардың аты-жөндерін аалфавит ретімен оқыңдар.
Болатұлы, Әбішұлы,Асқарқызы,Қасымұлы, Жомартұлы,Сәбитқызы.
5-бөлім. Ойлы болсаң озып көр.
«Адасқанға көмектес» ойыны
1. ү,й,т,е
2. 2. и,б,е
3. ж,қ,ы,л,ы
4. о,й,қ
5. ш,е,к,і
6. и,ы,с,р
6-бөлім. Бәрін білгім келеді.
7-бөлім. Білімді бәрін жеңеді.
8-бөлім. Ой толғаныс.
Жаңа сабақты бекіту
Сабақты қорыту
-Жылқының қандай пайдасы бар?
-Жылқышы деген кім?
-Жылқышының жұмысы қандай
-Аналарың,әкелерің,әжелерің , аталарың сендерді төрт түлік малға қатысты қалай еркелетеді ?
Үйге тапсырма: «Боз бие» өлеңін мәнерлеп оқу,25-жаттығу
Бағалау.