Басы » Өзін - өзі тану » БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ

БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ

БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: екінші сыныпқа арналған «Өзін өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік мақсаты: ізгілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: үнтаспа, сюжетті суреттер
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ — жауап
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.
Біз бақытты баламыз!
Б. Жақып
Жылай қалсақ, жұбанамыз,
Ақыл тыңдап, тіл аламыз,
Біз тәртіпті баламыз!
Таңда ерте тұра аламыз,
Беті-қолды жуа аламыз,
Біз ұқыпты баламыз!
Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз!
Домбыра да тарта аламыз,
Өлеңді де айта аламыз.
Біз өнерпаз баламыз!
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз – бақытты баламыз!

Суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
• Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
• Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *