Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
“Сәулет” мектеп-лицейі
Мынжасова Налия Сулейменовна
Көңілді аялдамалар
Сайыстың мақсаты:
оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру, сыныптарды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық білімдерін тексеру.
Сайысқа қатысу шарты: әрбір сыныптан 10 оқушы топ құрайды.
Сайыстың өту шарты: әрбір сыныпқа өздеріне тапсырылған парақ бойынша аялдамаларға барып (яғни кабинеттер), сол жерден мозайка құрау арқылы аялдама атауын шығарады. Әр сынып бір уақытта әр түрлі кабинетте болады. Содан кейін лабиринтті шешу арқылы тапсырманың қай жерде жасырылғанын тауып, тапсырманы шешеді. Әрбір дұрыс табылған аялдама атауы үшін 1 ұпай, ал дұрыс шығарылған тапсырма үшін 10 ұпай. Кабинетте барлық тапсырманы орындау үшін 10 минут беріледі. Кабинетте отырған мұғалім сынып есепті шығарып болғасын, дұрыс қателігін тексеріп тиісті ұпайды береді. Әрбір үнемделген минут үшін 2 ұпай қосылады.
Әрбір сыныпқа берілген парақтар (1-қосымша)
Әрбір сыныпқа берілген тапсырмалар (2-қосымша)
Дайындалған мозайкалар (3-қосымша)
Дайындалған лабиринттер (4-қосымша)
Кабинет № |
Аялдамаатауы |
Тапсырманыңжауабы |
Ұпай |
Жылдамдық |
20 |
||||
41 |
||||
48 |
||||
65 |
||||
68 |
апсырмалар:
-
Кубтың жазбасының жинақталуын табыңыз:
-
9 нүктені қолды алмастан қалай 4 түзу шығаруға болады?
-
Егер оқушыларды орындыққа бір-бірден отырғызса, жетеуіне жетпейді. Егер әр орындыққа екі оқушыдан отырғызса, онда 5 орындық бос қалады. Оқушы қанша және орындық қанша болғаны?
-
Екі қыстақтың арасы 10 км. Қырсық жолаушы күніне 2 км алға жүріп, 1 км артқа кейін қайтады. Қырсық жолаушы екі қыстақтың арасын неше күнде өтеді.
-
Белгісіз санды табыңыз:
3 |
12 |
5 |
4 |
14 |
7 |
2 |
? |
9 |
|||
8 |
5 |
10 |
Аялдама аттары жазылған мозайкалар:
Дайындалған лабиринттер:
[bws_related_posts]