Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Құттықожа аулы №164 орта мектебінің
4- сынып оқушысы
Төрехан Нұржамал
Тақырыбы: «Ер болып туған ел үшін»
Жетекшісі: Тұяқбаева Айсұлу Шакировна
Мазмұны
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім: «Ер болып туған ел үшін»
2.1. Ардагерлердің соғысқа дейінгі өмірдеректері
2.2. Ауыл ардагерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында.
2.3. Көрсеткен ерліктері үшін алған ордендері мен медальдары
2.4. Жанұялық жағдайлары
2.5. Соғыстан кейінгі жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ұлы отан соғысының аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де Жеңіс деген сөз жүрекке соншалықты ыстық,көңілге соншалықты жақын сезіледі.Себебі аузы күйген үріп ішеді дегендей,біздің халық соғыстың ащы дәмін татып,зардабын тартқан.Елімізге тыныштық әкелген осынау Ұлы Жеңіс құдайға шүкір жалғасып келеді.Ал,Жеңіс қамалын тұрғызған Бейбітшілік күнін туғызған жауынгер бауырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды.Ұмытуға хақымыз да жоқ.Арамызда жүрген көзі тірілерін әркез ардақтап,соғыста опат болғандарын құрметпен еске алып отыру –бүгінгі ұрпақтың адамгершілік парызы.((Сондықтан мен ғылыми жұмысымның тақырыбын «Ер болып туған ел үшін» деп алып,өз ауылымдағы балалық шағынан айырылып жастайынан еңбекке араласып,Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымыздың ерліктері мен еңбектерін паш еткім келді.Ғылыми жұмыс үш бөлімнен тұрады.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім. Тақырыптың өзектілігі,құндылығы осы бөлімде қарастырылады.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жұмысты жетекшім екеуміз бірлесе отырып: пікірлесу,әңгімелесу,сұрақ – жауап,интернетпен жұмыс жасау,салыстыру және т/б әдістерді қолдана отырып орындадық.Сөз соңында Рысты Бекбергенованың балалық шағым ұрланды өлеңімен қорытындылағым келеді.
Балалық шағым ұрланды.
Еске алсам күйзелтіп кетеді өткенім,
Сүрініп,құлаған сәттерім көп менің.
Қиын шақ есейтті толысып бой жетпей,
Салқындап болған жоқ сондағы от – демім.
Сұм соғыс ұрлады балалық шағымды,
Өртеді жүгіріп ойнаған бағымды.
Бомбалар жерімде күндіз түн жарылып,
Қасірет оранып,көзден жас ағылды.
Тіледім тәңірден болса деп алдым шат,
Жанымды жүдетті жоғалған балғын шақ.
Сол бір кез есімде,оны ешбір ұмытпан,
Тұрған шақ алдымда бейбіт күн барға ұқсап.
Қалқам-ай, мұныма таң қалып тұрсың сен,
Бұл несі демеші жиірек күрсінсем.
Біз көрген қасірет сендерде болмасын,
Дегенім: өткеннің зіл-залын білсін сен.
2.1. Ардагерлердің соғысқа дейінгі өмірдеректері
Елдің елдігін,теңдігін ойлап,Отан үшін отқа түскен ерлердің есімі мәңгілік ел есінде сақталады.Ауылымыздың Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің соғысқа дейінгі өмірдеректерін осы бөлімде қарастырдым.
Тойымбетов Омар – 1921 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы бұрынғы Жаңақұрылыс, қазіргі Құттықожа ауылында дүниеге келген.Жастайынан еңбекке араласқан ол 1940 жылдың 10 қаңтарынан бастап Жаңақорған аудандық кітапхана меңгерушісі , Аудандық клуб меңгерушісі қызметін атқарған . Елдегі сауатсыздықты жою жұмысына белсене араласып , мұғалім болған .
Көккөзов Мұратбай – 1914 жылы Жайылма колхозында туылған .Сол жерде оқып білім алған . Жанұяда жеті ағайынды болған .Өзі соғыстың алдында 15 жасынан бастап еңбекке араласып 1929 жылы Жаңақорған ауданында басқарма қызметін атқарған . 1934 жылдан бастап , « Бірлік » колхозында сатушы қызметін атқарған .
Телқожаев Едіге – « Красная звезда » совхозының Ленин бөлімшесінде 1912 жылы туылған . Сол жерде оқып білім алған . Жастайынан еңбекке араласып колхоз шаруашылығында жұмыc істеген .
Қошқаров Асылбек – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Құттықожа елді мекенінде 1923 жылы қыркүйек айында дүниеге келген . Әке-шешесі еңбекқор қарапайым шаруалар болған . Жастайынан еңбекке араласып , соғысқа дейін есепші , салық жинаушы , мұғалім болып жұмыс істеген .
Әбдіраманов Өмірәлі – 1924 Жаңақорған ауданының Жайылма колхозында туылған . Сол жерде оқып білім алған . БЛКЖО – мүшесі . Сунақата , Шиелі каналдарын қазуға қатысқан .
Тәжібаев Әбдікерім – 1916 жылдың ақпан айында Красная звезда совхозының , Ленин колхозында дүниеге келген . 1928 жылы 12 жасар шағында ұйымдасқан коллективтің бір мүшесіболды.1933 жылы «Ынтымақ » колхозының құрамындағы мүше болып жұмыс атқарған .Бұл жылы ол он екі жаста еді. — Жас болсам да , — дейді Әбдікерім жасаулы кең бөлменің үлкен терезелерінен сыртқа ойлы жүзбен назар аударып , -арманым сол ұйымдасып еңбек жасайтын адамдардың ішінде болу еді . Осы жылдың күзінде мақта теріміне қатыстым . Осы 1928 жылы ұйымдасып еңбек еткен топтардың бірі « Жаңарық » , екіншісі « Кеңесарық » колхоздары деп аталды .Бұл екі колхоздың алғашқы қолға алған негізгі кәсібі мақта егу болды . Бірақ , осылай басталған қызықты еңбек күндерім азық-түліктің таршылық жылдарына тірелді . Дегенмен , адамдар қиындықтан құтылудың , оны жеңудің жолдарын қарастырып бақты . 1933 жылы « Ынтымақ » колхозына мүше боп кірдік . Бидай ектік . Азық-түлік қиыншылығы әрмен қарай басталды . Көктемде богараға бидай егеміз . Жаз соны жинап , қырманға саламыз , көлікпен айдап астығын аламыз . Осы отыз үшінші жылдары сауат ашу мектебі құрылды . Жұмыстан кейін екі сағат ауыл шетіндегі жатаған мектеп үйінде сауат ашамыз . Қағаз қалам кеміс болатын . Әлі есімде Сақбай деген кісі бізге әріптерді алақандай тақтайға жазып береді . Тақтайымыз жанымыздан қалмайды , жұмыс арасында әріптерді ежелеп оқып,жаттаймыз. Өз бетімізше бір әріпі жаттап алып , тақтайға жаза білсек , ол күнгі біздің қуанышымызда шек болмайтын . Еңбек қуанышы , сауат ашу қуанышы бізді қанаттандырып жібереді . Жаңалық атаулыға бой ұрып тұратынмын . Себебі , колхоз шаруашылығы есейтіп келеді .
2.2. Ауыл ардагерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Фашистік Германия кенеттен бастаған қанқұйлы соғыс бүкіл еліміздің тыныштығын бұзды.Бейбіт өмірдің шырқы қашты. Бұл жайсыз хабар Кеңес Одағының түкпір – түкпіріне жетіп жатты. Кеңес Үкіметінің радиосы арқылы Отанды қорғау жөніндегі шұғыл шақыруына үн қосқан бүкіл еңбекшілердің жиындары , жиналыстары жер – жерде өтіп жатты. Тек Қызылорда қаласының өзінде ғана бір күнде митинглерге он жеті мыңнан астам адам қатысты .«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Отан үшін» деген ұран тасталды. ()
Осы жиналған еңбекшілердің қатарында ауыл ардагерлері, атап айтатын болсақ: Тойымбетов Омар, Көккөзов Мұратбай, Телқожаев Едіге, Қошқаров Асылбек, Әбдіраманов Өмірәлі, Тәжібаев Әбдікерімдер бар еді.
Тойымбетов Омар – 1940 жылы Москвада өткен физкультура парадына қатысқан. 1942 жылдың 6 қаңтарында ел басына төнген қатерден Отанын қорғау үшін Ұлы Отан соғысына аттанады. Ұлы Отан соғысы кезінде Украина майданында артиллерист болған. Польша терреториясында партизандар отрядында болғандығы жөнінде генерал майор А.А.Петров «Всегда на чеку» кітабының 162 бетінде «В полских партизанских отрядах сражались Айдархан Ержанов ныне декан факультета механизаций казахского сельскохозяйственного института и Омар Тойымбетов учитель Чилийского района Қызылординский облсти», — деп жазылған.
Көккөзов Мұратбай – соғысқа 1938 жылы 13 қазанда Жайылмадан аттанған. 1941 – 1945 жылдары Орта Азия әскери округінде старший сержант, одан кейін Батыс Украина соғысына қатысқан. Ол жерде 211 – бөлімшенің Зинитный арт. Дивизиясында болған.
Телқожаев Едіге – соғысқа 1941 жылы Красная Звезда совхозынан аттанған. Қанды майданның бел ортасында жүріп, бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін аяусыз күрес жүргізген ол сұрапыл соғыста сол аяғы мен сол қолының саусағынан айрылды. Ұлы Отан соғысы басталған шақта алғашқы топпен бірге неміс – фашист басқыншыларымен жекпе – жекке 1943 жылдың июнь айында Курск, Орлов қалаларында соғысқан, бөлімше жауынгерлерін басқарды. Басқарған бөлімше жауынгерлері жау танкілеріне қарсы мина қою ісімен айналысты. Жау әскерін орасан зор шығынға ұшыратты.
Қошқаров Асылбек – соғысқа 1941 жылы қыркүйек айында 17 жасында аттанады. Әйгілі сталинград шайқасына қатысады. 93-ші атқыштар бригадасының 8-ші гвардиялық полкінің құрамында болған. Каулюстің қоршауындағы әскерлерін талқандауға қатысты. 1943 жылы 27 қаңтарда жараланып госпиталға түседі.
Әбдіраманов Өмірәлі – соғысқа 1942 жылы тамыз айында майданға аттанып, 8 – АД, 229 – АП құрамында атқыш ретінде соғысқа қатысқан. Панфилов атындағы дивизиялық 2-ші Украина майданының құрамында болған. Киев және Черныков қалалары үшін болған ұрыстарда жарақаттар алады. Әскери шені – кіші Лейтенант соғысты 1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласында аяқтады.
Тәжібаев Әбдікерім – 1940 жылы қызыл Армиялық борышын өтеп келгеннен кейін,1941 жылдың шілде айында соғысқа қайта аттанған. Майданда Беларусс жерінде фашистерге қарсы күрес жүргізді . Жауырынынан оқ тиіп , қанын төкті . Содан 1946 жылы елге қайта оралған.
2.3. Көрсеткен ерліктері үшін алған ордендері мен медальдары
Тойымбетов Омар – Ұлы Отан соғысында Отан қорғауда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше орден,медальдармен марапатталған.«Отечественной войны » орденімен , « За победу над Германий в ВОВ 1941 – 1945 г.г. » медалімен , « 20 лет Победы в ВОВ 1941-1945 Г.Г.» медалімен , « 30 лет Победы в ВОВ 1941-1945 г.г. » медалімен ,«60 лет Вооруженных сил СССР »
медалімен , « 40 лет Победы в ВОВ 1941-1945 г.г. » медалімен наградталған .
Көккөзов Мұратбай – «Отан соғысы » орденімен , « Двадцать лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.» медалімен , « 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы » мерекелік медалімен , « 60 лет ВООРУЖЕННЫХ СИЛ СССР » медалімен , « Сорок лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.» , « ОТЕЧЕСТВЕН-
НОЙ ВОЙНЫ ІІ степени » орденімен , « 70 лет ВООРУЖЕННЫХ СИЛ СССР » медалімен наградталған .
Тәжібаев Әбдікерім – « Тридцать лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.» медалімен , « Сорок лет победы в великой отечествен-ной войне 1941-1945 г.г.» медалімен, « Двадцать лет победы в великой оте-
чественной войне 1941-1945 г.г. » медалімен , « 60 лет Вооруженных Сил СССР » медалімен , « Отечественной войны ІІ степени » орденімен , « За победу над Японией » медалімен наградталған .
Әбдіраманов Өмірәлі – Бірінші және Екінші дәрежелі « Отан соғысы » орденденімен , « Трудового красного знамени » орденімен , « 1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері » орденімен , « Отечественной войны ІІ степени » орденімен , « 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы »мереке-лік медалімен , « 50 лет Вооруженных Сил СССР » медалімен , « Двадцать лет победы в великой отечественнойвойне 1941-1945 г.г.» медалімен , « За победу над Германией в великой войне 1941-1945 г.г. » медалімен , « Сорок лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 г.г. » медалімен , « 60 лет Вооруженных Сил СССР » медалімен марапатталды .
Қошқаров Асылбек – « Отечественной войны ІІ степени » орденімен , « 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы » мерекелік медалімен , Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалімен ,« 60 РОКІВ ВИЗВОЛЕННЯ УКРАІНИ ВІД ФАШИСТСЬКИХ ЗАГАРБНИ- КІВ » медалімен , « 1941-1945 ж.ж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл » мерекелік медалімен наградталған .
Телқожаев Едіге – « Двадцать лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.» медалімен , « Тридцать лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.» медалімен , « 50 лет ВООРУЖЕННЫХ СИЛ СССР » медалімен, бірінші дәрежелі « Отан соғысы » , « Ерлігі үшін » медалдарымен наградталған .
2.4. Жанұялық жағдайлары .
Кешегі Ұлы Отан соғысы қай отбасына қайғы әкелмейді дейсің . Біреудің ағасы , біреудің жары , біреудің ет бауыры кетіп , көбісі елге оралмай , Отаны мен елі үшін жанын құрбан етсе , кейбірі есен-аман елге келіп , өмірге араласты ( 2) Ауылдан Ұлы Отан соғысына қатысып , аман-есен оралып өмірге араласқан ардақты жауынгер ардагерлеріміздің жанұялары жайлы мәліметті осы бөлімде қарастырдым
Тойымбетов Омар – отбасында жары Әпикүл ана екеуі бір қыз , төрт ұл тәрбиелеп , өнегелі отбасы атанды . Олардың барлығы жоғары білім алған.Осы балаларынан 22немере , 12 шөбере сүйіп бақытты ата атанды . Көккөзов Мұратбай – отбасында Мариаш ана екеуі 4 қыз , 2ұл тәрбиелеп өнегелі отбасы атанды .Олардың барлығы жоғары білім алған . Осы балаларынан 22 немере өсіріп бақытты ата атанды .
Әбдіраманов Өмірәлі – соғыстан кейінгі жылдары отбасында Үмбігүлсім ана екеуі 4 ұл , 2қыз тәрбиелеп , өнегелі отбасы атанды .
Қошқаров Асылбек – соғыстан кейінгі жылдары отбасында ана екеуі 6 ұл , 1 қыз тәрбиелеп өсірген . Осы балаларынан 32 немере , 20 шөбере сүйіп бақытты ата атанды .
Телқожаев Едіге
2.5. Соғыстан кейінгі жылдары елдің әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлестері .
Тойымбеов Омар – туған аулына 1946 жылы шілде айында қайтып оралады . Елге оралғаннан кейін ұстаздық қызметті жалғастырды . Қарапайым мұғалім , мектеп директоры қызметін атқарды . Оқу ағарту саласында үздіксіз 54 жыл бойы қызмет еткен ардақты ұстаздан ұлаға көрген мыңдаған шәкірттері өмірдің сан саласында жұмыс жасауда .
Қошқаров Асылбек – соғыстан кейінгі жылдары түрлі жауапты орындарда жұмыс істейді . Қазір Құттықожа ауылында тұрады .
Әбдіраманов Өмірәлі – 1946 жылы 14 тамызда елге оралған . Өзінің туған аулына жеңіспен оралды . Елге келген соң еңбектен қол үзбеді . Өмірәлі ақсақал солдат шинелімен жүріп , мал шаруашылығына араласып кетті. Соғыстан кейін сатушы болып жұмыс істеген . Зейнеткерлікке шыққанға дейін 25 жыл қой баққан . Көккөзов Мұратбай – соғыстан кейін 1946 жылы колхозда басқарма қызметін жалғастырды . 1947-1949 жылдары Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында колхозға 1947-1950 жылдары председатель дайындайтын 2 жылдық курсын оқыған . 1949-1955 жылдары Келінтөбе колхозында председатель болып жұмыс істеген . 1953-1962 жылдары Ленин колхозында малда әрі қарай жалғастырып , 1979 жылы денсаулығына байланысты 2 топ мүгедегі болып құрметті демалысына шыққан .
Телқожаев Едіге – 1944 жылы туған аулына мүгедек болып оралды . Майданнан оралғасын мүгедекпін деп жатып алмай , еңбекке етене араласып кетті . Ол өзі ауылға оралғанда 1944 жылмен 1957 жыл аралығында колхоз шаруашылығында қойма меңгерушісі , кассир болып жұмыс істеді . 1967 жылдан бері Ленин атындағы бөлімшеде байланыс бөлімінің бастығы болып қызмет атқарып , бұл салада үлкен абыройға ие болып келген .
Тәжібаев Әбдікерім – соғыстан 1946 жылы оралды . Өзі он екі жасында мүше болған колхозына жеңіспен оралған Әбдікерім солдат шинелімен жүріп ірі қара фермасының есепшісі , кейін меңгеруші болды . Бірнеше жыл колхоз тексеру комиссиясының председателі , өндіріс бригадирі болып істеді . Денсаулығы төмендесе де еңбектен қол үзбеді . Мектеп шаруашылығында , тас карьерінің таудағы цехында жұмыс атқарды . Өмірінің елу жылға таяу уақытын еліне қызмет ақарумен өткізген , коммунистік партияның мүшесі .
ІІІ Қорытынды
Сонау сұрапыл соғысқа Кеңес одағының түкпір-түкпірінен келіп ел үшін жандарын қиған аға-апаларымыз барын салып жерімізді , елімізді , тілімізді , дінімізді сақтап қалды .
Бүгінгідей Қазақстан халқы тәуелсіздік алған кезеңде біз қырқыншы жылдардағы ержүрек майдангерлерімізді , тылдағы ерлерімізді де бірдей мақтан етеміз . Өйткені адамзат үшін қай уақытта да Отанын қорғаудан қымбат абырой болған емес . Жылдар жылжып өкен сайын бүгінгі және келер ұрпақ ержүрек бабаларын мақтаныш сезіммен әркез еске алатын болады . Жарты ғасырдан асқан Ұлы Жеңіс тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп , алыстаған сайын оның ұлылығы мен маңызы арта береді . Бүгінгі ұрпақ алдындағы міндет – Ұлы Жеңістің мұраттарына адал болып , тыныш өмірді ұзарта түсу үшін адал еңбек ету . (1) Мен бүгінгі ғылыми жұмысымды қорыта келе Бүгінгі ұрпақ үшін –адамгершілік тәрбиенің құны шексіз құралы екендігін айтқым келеді .
Менің ұсыныстарым :
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ағаларымыз жылдан жылға азайып бара жатқаны бәрімізге аян . Осы кісілердің құрметіне , соғыстан қайтпай шейіт болып кеткен майдангер ағаларымыздың құрметіне ескерткіш , тағзым алаңы орнатылса , бұл бүгінгі ұрпақ үшін –адамгершілік тәрбиенің құны шексіз құралы екендігіне дәлел бола алар еді .
Пайдаланылған әдебиеттер .
-
« Боздақтар » Алматы 1997 ж 3-7 бет
-
Сыр өңірі тарихы . Атамұра 1998 ж . 142 бет
-
Тәуелсіздік белестері . Алматы . Атамұра . 2003 ж . 184 бет
-
Тарих толқынында . Алматы . Атамұра . 2003ж. 267 бет
-
Мектеп кітапханасында сақталған соғыс ардагерлері туралы жазылған өмірдеректер .