6 математика олимпиада тапсырмалары
1.Бір кісінің 6 жылқысы бар. Ол күніне биеге үш қадақ, құнанға 2 қадақ, ал тайға 1 қадақтан сұлу береді. Сонда күніне барлық жылқысына 10 қадақ сұлы жұмсайды. Оның қанша бие, қанша құнан, қанша тай бар?
2. Бір заттың бағасы 148 теңге еді. Оны әуелі 50% қымбаттатып, содан кейін 50% арзандатты. Сонда оның бағасы қандай?
3. Мына цифрлардың арасына таңбаларды қою арқылы 31 санын шығар.
3 3 3 3 3=31 3 3 3 3 3 3=31 5 5 5 5 5=31
4.226+1 саны 5-ке бөліне ме?
5.Екі будада барлығы 30 дәптер бар. Егер бірінші будадан екінші будаға 2 дәптер салынса, онда бірінші будағы дәптерлердің саны екінші будадағыдан екі есе артық болар еді. Әр будада неше дәптерден бар?
6. Екі оқушы бір-бір қораптан түрлі –түсті қарындаштар сатып алмақшы болды. Оған біреуінің 7 теңгесі ал екіншісінің 2 теңгесі жетпей қалды. Екеуі ақшаларын қосып еді, ол бір қорапқа да жетпей қалды.Сонда бір қорап қарындаш қанша тұрады екен?
7. Күн тәулігінің аяқталу уақыты өткен мерзімінің 4/5 бөлігіне тең болса, қазір уақыт қанша?
8. Егер бір санның жазу құрамында жеті 8 цифрі , тоғыз 1 цифрі және 5 цифрі болса, ол сан 9-ға бөліне ме?
9. 1033 +8 саны 9-ға бөліне ме?
10. 9 күміс теңгелердің біреуі жасанды. Жасанды теңге жеңіл , оны екі рет өлшеп гирсіз таразы арқылы қалай анықтауға болады?