Басы » Cыныптан тыс » ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№5 орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Жайтақова Гүлфарам Төлепкерейқызы

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ

М. Мақатаевтың туылған күніне арналған мерекелік концерт

Фанфары

1жүргізуші:

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?

Арма, өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!

2жүргізуші:

Әлем — дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорғанемес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!-деп жырлаған халқымыздың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев9-ақпанда дүниеге келген болатын.

1жүргізуші:

Бүгінгі кешіміз де өлеңдері исі қазақтың сай сүйегін сырқыратып, көңіл-күйін шарықтатып, делебесін қоздыратын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналады.

2жүргізуші:

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақынның балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді.

1жүргізуші:

Ақын өміріне кеңінен тоқталу үшін экранға назар аударайық.

Видео көрсетіледі. Ақын өмірі мен шығармалары.

Ән: «Есіңе мені алғайсың»

1жүргізуші:

Мұқағалидың шығармалары оқырманның жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.

2жүргізуші:

Оның кез-келген шығармаларынан жердің, елдің биік  рухы сезіледі.

Оқушы:

Шарафутдинов Марат. «Үш бақытым».

Диана  «Отан»

1жүргізуші:

Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдаған ақын. Өмірдегі махаббат, жақсылық атаулының негізі де осы аяулы сезімінде.

2жүргізуші:

Поэзия!

Меніменегізбеедің?

Мені сен сезесіңбе, неге іздедім?-деп сөз құдіретінен сая іздеген ақынның өлеңдерінен кейде өкініш пен ренішті де байқаймыз.

Нұржанов Мирас «Арыз жазып кетейін»

Арыз жазып кетейін

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау — шапан,

Мынау — атың, мін»,- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?

Халқым,

Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өттіме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

…Тойланбаса тойланбасын,

He етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін…

1жүргізуші:

Ән: «Күрең күз» орындайтын Алмат Удешов

2жүргізуші:

Мұқағали Мақатаев  дәстүршіл ақын. Ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізген ақын.

1жүргізуші:

Кезекті ақынның алтын қорда сақталған өз дауысына берейік.

1жүргізуші:

Анашым!

Асыланам, есіланам,

Елжірепесіркеймін, есімеалам.

Мен үшін сен суалтқанақсүтіңді

Ақтамасам, бопжүрміннесінеадам.

2жүргізуші:

Иә, бұл ақынның аяулы анасына арнап жазған жырларының бірі. Мұзбалақ ақынның дәл осы қасиетті есімге арнап жазған өлеңдерінің бірін тыңдап көрелік.

Сағидоллаева Айдана «Ана»

Шеше, сен бақыттысың

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Шеше!

Сен бақыттысың, тербете бер,

Құба талдаи иілген бесігімді…

Ән: «Арулар, асыл жандар» Орындайтын Нұрайым Абдолова

1жүргізуші:

Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты. Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, адалдықты, достықты жырға қосты.

Оқушы

Ән

2жүргізуші:

Ақын деген атаудың өзін махаббаттан бөліп қарауға болмайды, қиянат сияқты көрінеді. Жалпы осы бір қастерлі сезімді  өлеңіне өзек етпеген ақын кем де кем. Бірақ мәселе сол махаббатты қалай жырлауында.

Диалог

МАХАББАТ ДИАЛОГЫ

Махаббат диологы

—        Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

—        Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

—        Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

—        Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

—        Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

—        Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

—        Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

—        Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Ән: «Сенің көзің»

2жүргізуші:

Алдарыңызда аудандық «Алтын дауыс» байқауының ІІ орын жүлдегері Бекжан Нұритжан «Сенің көзің» әнімен.

Темірова Дина «Ғашықпын»

Ғашықпын!

Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?

О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын.

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,

Аққанат құсым менің, кеткенің бе?

Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт, бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

1жүргізуші:

Мұқағали махаббат туралы өлеңдерінде бірде қуанады, бірде мұңаяды, бірде ашынады, бірде бас ұрады. Мұқағалиға көрінгенге көз қадаған желікпе сезім жат. Ақын ұғымында аяулысының қадіріне жетпеген жан нағыз сормаңдай. Қаламгер әйел атаулыға ерекше бір құрметпен, сәбилік пәктікпен қараған. Өле-өлгенше сол тазалығынан арылмаған.

2жүргізуші:

Мұқағали поэзия жанрындағанаемес, проза, драма, сын саласында да қаламтартты. Қаламгердің  «Қош, махаббат» пьесасы осы тазалықтың дәлелі.

Қойылым «Қош махаббат»

Ән:«Мен деп ойла» Зәкіржан Аяжан

1жүргізуші:

Ақын бір сөзінде «Мұғалимабізгебақыттуралышығармажаздырды. Бақытдеген

не екенін мен қайданбілейін…»,-дей отырып, бақыт туралы өз түсінігін өлеңмен жеткізді.

Ән: «Бақыт деген» Орындайтын Қабылбекқызы Жаннұр

2жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден, -деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 83 жасқа толар еді.

1жүргізуші:

Жыл керуені алға жылыжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтыла түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

2жүргізуші:

Шынайы поэзия өкілі, ғажайыпақындардыңбірі, қазақ поэзиясының хантәңіріМұқағалиМақатаевтың туылған күніне арналған кешіміз өз мәресіне жетті.

Барша жұртшылықтың жүректерін лүпілдетер лирикалық әндеріміз азаймасын.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *