Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№5 орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Жайтақова Гүлфарам Төлепкерейқызы
Сыныбы: | 9«г» | |
Тақырыбы: | Тыныс белгілер. Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны | |
Жалпы мақсат: | Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету. |
|
Оқыту нәтижесі: | ü Пунктуация тақырыбын қаншалықты меңгергендігін байқай отырып, білім сапасын бағалаймыз | |
Түйінді идея: | Тыныс белгілерін жетік меңгеру оқушылардың білім деңгейінің артуына тигізер әсері мол. | |
Әдісі | Топпен жұмыс | |
Ресурсы | Интерактивтік тақта, ТСО. | |
Уақыты | Сабақтың мазмұны | |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |
3 минут | Қызығушылығын оятуҰйымдастыру кезеңі
а) амандасу; б)топты 3-ке бөлу. Оқушыларға ? белгісі, ! белгісі, . белгісі бар қағаздар таратылады. оқушылар әр тыныс белгісін таңдай отырып, үш топқа бөлу. Психологиялық анықтама: ü Сұрау белгісін таңдаған оқушылар алдына мақсат қоймас бұрын бұл әрекетімнің нәтижесі қаншалықты жетістікті болады деген сұрақты өзіне жиі қояды. Бастаған ісінің нәтижелі болған, болмағанына қарамастан соңына дейін жеткізуге тырысады. ü Леп белгісін таңдаған оқушылар өз істеріне мейлінше сенімді, қызуқанды, сонымен қатар, алдына қойған мақсатқа қол жеткізе білетін жандар. ü Нүктені таңдаған оқушылар сабырлы, өзгенің ойын тыңдай отырып, өзін де тыңдата біледі. Бастаған жұмысы көбіне жетістікті болады. |
Оқушылар алдымен бір-бірімен амандасады.Оқушылар үш топқа бөлінеді.
|
3 минут
13 минут
2 минут |
Мағынаны тануІ кезең. «Ой шақыру»
Сіздердің қолдарыңыздағы белгілер қалай аталады? Ал, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы тыныс белгісіне қатысты болады.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не?
ІІ кезең. «Ой қозғау» І топ Презентация жасау «Тыныс белгілерінің қойылатын орындары» ІІ топ Тыныс белгілерінің атқаратын рөлін ауызша баяндау ІІІ топ Сұраулы сөйлемдерден тұратын шағын әңгіме құрастырыңдар.
Сергіту сәті
|
Оқушылар сауалдарға жауап береді
Сабағымыздың мақсаты тыныс белгілерінің атқаратын рөлі, қолданылатын орны
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша шығармашылық жұмыс жасайды. Презентацияларын қорғайды.
Оқушылар «Қызыл өрік» әуенімен бірге жаттығуды қайталайды. |
8 минут
|
Ой толғаныс133-жаттығу
Балалық шақ көріністері
|
Топ берілген сауалдарға өз беттерімен жауап береді. |
5 минут
6 минут |
Сабақты талдауБерілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жасау
Берілген сөзге сатылай фонетикалық талдау жасау.
Сабақты саралау Берілген сөйлемдерден соң, қажетті тыныс белгілерді қой.
Тест сұрақтары
Иә. Жоқ.
Иә. Жоқ.
Иә. Жоқ.
Иә. Жоқ.
Иә. Жоқ.
|
Оқушылар өз ойларын еркін түрде жеткізеді. Тақтамен жұмыс жасалынады.
Оқушылар бір-бірінің тест тапсырмаларын тексеріп,балын қояды.
|
1 минут
|
Үйге тапсырма:Тыныс белгілері туралы ережелерді жаттау, 136- жаттығу | |
2 минут | Бағалау:Оқушыларды ең жоғарғы бал жинаған оқушылардан бастап, деңгейлеріне қарап бағалаймын. |