Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Бегалы орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Утебаева Бибигуль Хасеновна
Тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
а) сын есім туралы білімдерін кеңейту, түсіндіру.
ә) оқушыларды өз беттерінше жұмыс істеуге үйрету, тіл байлықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) оқушыларды сауатты, таза жазуға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру-сипаттау, ойын,топтық жұмыс
Көрнекілігі: Перфокарта, сурет, үлестірме қималар, плакат-таблица,
алма, доп, жылжымалы тақта, тірек сызбалар, ойын құралдары (орамал, шытырман сызық-сызбалар).
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
1. Үй тапсырмасын сұрау. «Орамал тастамақ» ойыны.
2. Өткенді пысықтау.Сұрақ-жауап.
ІІ. Жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау, 2-топқа бөлу .
Балаларға: алма 1-топқа, доп 2-топқа беріп, салыстыра- сипаттауларын ұсыну, салыстыра-сипаттау әдісін қолданып, сын есім ережесін шығару.
-Алма қандай ? — қызыл, дәмді, дәруменді, дөңгелек т.б.
-Доп қандай ? — жасыл, жұмсақ, дөңгелек т.б.
2) Перфокартамен жұмыс.Зат есім тұсына сын есімді ойлап жазу, сұрақ қою.
3) Кітаппен жұмыс.Оқулықтан жаттығу жұмысын 3 оқушыны тақтаға
шығару арқылы орындату, сын есімді тауып, сұрақ қойып, астын сызулары.
4) Шытырман сызық. Өз беттерінше жұмыс. 2 топ өздері жұмыс істеп, қорытындысын біреуі шығып айтады.
5) Ойын: «Бір айналым сөйлесу»
І-топ. – «Менің әжем», ІІ-топ «Менің добым» тақырыбына айналым жасай отырып өз сөздерін жазу , топтан бір оқушы шығып мәтіндіоқып, сөздерге сын есім сұрағын қойып, жұмысты қалай орындағандарын айтуы.
6) Сызбамен жұмыс.
Сөйлем құрау. —- —— ——— ? — —— —— ——-?
7) Үлестірме қима қағаздармен жұмыс. 2 топқа жазылған мақал-мәтелдерді беру, ішінен сын есімдісұрақ қойып табу.
8) Ойлау қабілеттерін дамытуға ауызша сөйлем, өлең жолдарын оқып, сын есім бар ма, жоқ па тауып, сұрақ қою.
9) «Адасқан сөздер» ойыны. жылжымалы тақтамен жұмыс.
10) Шығармашылық жұмыс. (Өлең жолдарын құрау)
—————————————- баламыз,
—————————————- анамыз.
—————————————- саламыз,
—————————————- барамыз.
11) Сабақты бекіту.
-Нені оқып, үйрендік?
-Сын есімнің ережесі, сұрағы.
-Мысалдар келтіріп, сұрақ қой.
-Өз беттерінше жұмыс (гүл, үй).
ІІІ. Сабақты қорыту.
ІҮ. Бағалау парағы бойынша бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Ереже жаттау, «Менің үйім» тақырыбына әңгіме құрау.