Басы » Бастауыш сыныптар » Жылдамдықты табуға берілген есептер (Презентация)

Жылдамдықты табуға берілген есептер (Презентация)

zhamilaҚызылорда қаласы
№ 264 мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі

Абилкасымова Жамила Канатбековна

Жылдамдықты табуға берілген есептер

Сабақтың мақсаты: А)Жылдамдықты табуға берілген есептерді шығара білуге үйрету;

                                     есепке сәйкес сызба сала білуге, жылдам есептеу

                                      дағдысын қалыптастыру.

                                      Ә)жеке жұмыс жасауға,өз ойын дәлелдей білуге,математикалық

                                      терминдерді  сауатты пайдалана білу дағдыларын дамыту

                                       Б) Сабаққа деген қызығушылығын арттыру,өзара көмек,

                                        жұптасып,ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  жаңа білімді меңгерту

Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі:  слайдтар, кестелер, қосымша тапсырмалар, плакат,маркер

 

                                     Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.  Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу

 

А) Балаларды топтастыру

Парақшаларда өлшем бірліктер жазылған. Балалар өлшем бірліктерді таңдап алып, өз топтарына барып отырады.

 

1-топ «уақыт ө.б» 2-топ «ұзындық ө. б» 3-топ «салмақ ө.б»  4-топ «аудан ө.б »

5- топ « көлем ө.б»  6-топ «жылдамдық ө.б»

 

  Бүгінгі сабақтың  барысында топпен жұмыла жұмыс жасайтынымызды айтып, топ ережесімен таныстырамын. Сонымен бірге бүгінгі жұмысымызды бағдаршамның үш түсі: қызыл,сары, жасыл түстермен бағалап отыратынымыз жайлы, өте жақсы жауапқа «жасыл», жақсы жауапқа «сары», толық емес немесе қате жауапқа «қызыл »

түсті  қағаздар беріп отыратындығы туралы  айтып кетемін.

ІІ. Ой шақыру

Әр топ өзіне қатысты өлшем бірліктерді  өсу ретімен орналастыру(слайд 1)

Аудан, көлем, жылдамдық өлшем бірліктеріне жеке тоқталып өту

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Ой тастау

Біздің сыныптас достарымыз Азамат пен Айгерім мектепке өте жақын жерде тұрады.

Айгерім 45 м-ді 3 минутта жүрдім десе, Азамат 60 м-ді 4 минутта жүрдім дейді.Айгерім мен аз уақыт жұмсадым десе, Азамат мен ұзақ жол жүрдім дейді. Екеуінің дауын шешуге бола ма? Көмектесіп көрейік!   (Топта талқылау)

  • Яғни, жылдамдыққа байланысты уақыт өзгеріп отырады.

  • Жылдамдық артса, уақыт кемиді.

  • Жылдамдық кемісе, уақыт артады.

 

2.  Оқулықпен жұмыс

1-есеп  (топта талқылау,жұмысты алғашқы аяқтаған топ мүшелеріне талқылату)

 

V = 320 км : 4 сағ = 80км/сағ

 

v –  жылдамдық

t – уақыт

s – қашықтық

v = s : t

Қозғалыс жылдамдығын табу үшін, қашықтықты уақытқа бөлу керек.

2-есеп

S=520м

V=8 мин

t=?

t=s/v=520м/8мин=65м/мин

 3-4 мысалдар

1-топ.               v = 1 800м : 30мин = 60м/мин.

2-топ.               v = 200км : 4сағ = 50км/сағ.

3-топ.               v = 120км : 2сағ =  60 км/сағ.

4-топ                v = 645км : 5 =129км/сағ.

5-топ                v = 42 000 м : 60мин = 700 м/мин.

6-топ                v = 72 000см : 80с = 900см/с

 

        6-мысал

Топта талқылау

Мәндері бірдей өрнектер жұбын тап

1 005*2/40=20 100*4/1

45 000/15*2=7 200/60*50

        8-мысал

      Үш дос –Алмас,Қанат,Серіктің әрқайсысының сұр,қара,сары мысығы бар. Алмас пен Қанаттың мысықтарының түстері қара емес.Алмастың мысығының түсі сұр емес.

Балалардың әрқайсысының мысығының түсін тап.

Алмас-сары

Қанат-сұр

Серік-қара

 

ІҮ. Шығармашылық жұмыс

Сурет бойынша есеп құрастыр

 

Ү. Топбасшылар сайысы «Ең жылдам топбасшы»

Жаңа сабақты пысықтау:  Сарамандық жұмыс

  • Қызылорда қаласы мен Алматы  қалалары ара қашықтығын ескере отырып, қай көлікпен жылдам жете алатынымызды білуге бола ма?

 

  • Жеңіл көлікпен бірдей жылдамдықпен қай қалаға жету үшін аз уақыт жұмсалады?

 

ҮІ. Рефлексия

А)Топтарды бағалау   (Топтардың үстелінде жатқан парақшалардағы түрлі-түсті қағаздар арқылы қай топтың балалары жақсы жұмыс жасағанын анықтау. Жасыл түсті көп жинаған топ «өте жақсы »,сары түсті көп жинаған топ «жақсы», қызыл түситі көп жинаған топ «қанағаттанарлық» деп бағаланады.)

Ә)Бүгін не үйрендік?

Б)Көңіл-күйлеріңді,сабақтан алған әсерлеріңді парақшаларға жазып, шығу парағына жабыстырыңдар!

Ү. Үйге тапсырма:

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *