Астана қаласы №55 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Дулатхан Қарлығаш
3- сынып бойынша ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру.
Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , жалпы оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , қазақ тілін қастерлеуге , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, мақал- мәтел , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс , көрініс.
Сабақтың байланысы : Әдебиеттік оқу , математика , халақтық педегогика.
Сабақтың көрнекілігі : Әр топ бойынша атауы, ойын , «мәре » сызығы.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру а) писихологиялық дайындық
Ана тілің — арың бұл
Ұятың боп тұр бетте .
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте. Ана тілімізді құрметеп , тілімізді білуіміз біздің басты міндетіміз.
ә) үй жұмысы
б) таза ,көркем жазу минуты
Бүгін сабақты ойын сайыс түрінде өткізіміз. Және топ болып білімімізді ортаға салып , өз жетістіктерімізді көрсетеміз. Әр топтың ұпайын белгілеп отырамын .
1-топ : «Түбір»
2-топ: «Жалғау»
3-топ: «Жұрнақ»
Үй жұмысы: Жаттығу орындата отырып , қошақан туралы түбірмен қосымшаны табамыз.
Қарның ашып қалды ма ?
Кел , көрейін қошақан .
Жата қойшы алдыма,
Жем берейін ,қошақан.
Сабақтың барысы : Енді сабағымызды бастау үшін мына сызбаны табамыз,
Түбірмен қосымшаның жазылуы ,біз бұл сабақты білеміз , бүгін қайталаймыз. Ережелерді қайталау.
Дәптермен жұмыс : Көркем, таза жазу минуты.
Е , е -әрпі , дауысты дыбыс, жіңішке.Сөздің басында , ортасында соңғы буынында кездесе береді.
Етік, көбелек,көрші ,көгершін , кебек, есік,кереге, кеме,ешкі ,есек.
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей.
1-жаттығу : Қонаққа бүгін Дәурен атты бала келіпті . Оның әкесі «Бағбан»болса керек. Әкесіне арнап ,жазған өлеңінде қателікткр бар
екен .Енді сол өлеңді мәнерлеп оқи отырып , қатесін табайық . бұнда сендердің көрегендіктеріңді ,тапқырлықтарыңды байқаймыз.
Қолы неткен епті еді,
Бәрі өзі істейді.
Ертелі — кеш кетпені ,
Иықынан түспейді.
Ізгі еңбекі әр талға
Жеміс болып тұнғандай,
Жеміс нәрі атайға
Қуат беріп тұрғандай. Бұл сөзде иықынан-иығына , еңбекі-еңбегі сөздері қате жазылған .
2-жаттығу . Көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосмшасын табамыз.
Топ- тобы
Бақ-бағынан
Әдептілік – әдептілігі
Сабақ-сабағынан
Ерлік-ерлігі
Сергіту сәті :Түбір болып жасаймыз,
Қосымшасы мынадай.
Екі түрге бөлініп,
Шығып алды осылай,
Жұрнақ ,жалғау кәнекей,
Жасап көрші қайталай.
3-жаттығу Топпен жұмыс
Түбір тобы Жұрнақ тобы Жалғау тобы
Әділдік-әділдігі жиек- жиегі кезекшілік-кезекшілігі
Ескек- ескегі зейінділік-зейінділігі қонақ -қонағы
Жалқалық- жалқааулығы ибалық-ибалығы сабақ- сабағы
Әр сөзге сөйлем құрап жаз.
4-жаттығу «Әдептілік әлеміне саяхат» мәтін мазмұнын оқып , мағанасын айтып , көрініс жасау.
Мазмұнын айтып , көрініс ретінде қойылым жасайды.Өздері білетін
мақал –мәтелдер қорытынды жасау.
Қорытынды: Міне , сабақты қорытындылау жұмысы да келіп қалды Ойын шарты . Мына берілген суреттерге қарап , сол заттар бойынша қосымшаларын жалғаймыз.
1-топ 2-топ 3-топ
Алма кітап аю
Домбыра жапырақ сәбіз
Орамжапырақ піл қарындаш
Доп көгершін тауық
Қоян етік дәртер
Көйлек шырша балық
Мәре сызығына қай топ бұрын жеткенін анықтаймыз.
Бағалау : Оқушылардың жауап берген нәтижесіне қарай бағалап , әр топ бойынша жинаған бағалау карточкаларын санаймыз , қорытындылаймыз.
Үй тапсырмасы : 5 –жаттығу 12 бет